Жиынтығы жеңілдікпен

Artistry Signature Select™
«Суперылғалдандыру» жинағы

₸ 38 664,00
₸ 32 864,0032864.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 124901
Салмағы/көлемі: 1 жинақ
Мөлшері:

    «Суперылғалдандыру» дене терісіне арналған күтім көрсету жинағымен бірге күнделікті дербестендірілген спа-процедураңыз сізге ыңғайлы уақытта!

    КӨРІҢІЗ! ҮЙЛЕСТІРІҢІЗ! РАХАТТАНЫҢЫЗ!

    Дене терісіне күтім көрсету әлі ешқашан осындай жеңіл әрі жағымды болған емес! Түрлі текстуралар мен хош иістер күтім көрсету процедурасын сұлуықтың нағыз салтына айналдырады. Бодимаскинг техникасын қолдана отырып, қарапайым ережені орындаған маңызды: кремдерді алдын ала тазаланған теріге жағу.

    «СУПЕРЫЛҒАЛДАНДЫРУ» БОДИМАСКИНГІНІҢ РЕЦЕПТІСІ:

    1. ДУШҚА АРНАЛҒАН ЖҰМСАРТҚЫШ ТАЗАЛАҒЫШ ГЕЛЬДІ теріні мінсіз ылғалдандыруға дайындау үшін қолданыңыз. Ол керемет көбікке айналады. Гельдің құрамында перилла мен наурызгүлдің нәрлендіргіш эфир майлары бар, олар теріні күтім көрсетудің келесі кезеңдеріне дайындай отырып, жұмсартады, тегістейді және ылғалдандырады, ал NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген цитрус тұқымдастардың сығындылары теріні құрғақтықтан, ластанулардан, микрошаңнан және басқа да зиянды сыртқы факторлардан қорғай отырып, оның қорғаныш бөгетін белсенді күшейтеді.
    2. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫРШАҚТАНДЫРҒЫШ СКРАБТЫ теріні тегістеп, оны күтім көрсетудің кейінгі кезеңдеріне дайындау үшін аптасына екі рет пайдаланыңыз: құрал денеге арналған гельдің белсенді заттарының сіңуін жеңілдетеді. Шайып тастаңыз. NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген қара қарақат сығындысымен формуласы, сондай-ақ асаи, наурызгүл және перилла эфир майларының қоспасы теріге жұмсақтық беріп, оның серпінділігін сақтайды.
    3. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН ҚОРҒАНЫШ ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ ГЕЛЬДІ душтан кейін жағу керек. Ол теріні күні бойы қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды және оны 48 сағат ішінде ылғалдандырады. Ол дененің құрғақ терісіне қуат береді: оның зияткерлік формуласы ылғалдандыру деңгейін реттеп, терінің жеке қажеттіліктеріне қарай бейімделеді. Тері үнемі сыртқы факторлардың әсеріне ұшырайтындықтан, гель сондай-ақ бос радикалдардың зақымдауынан қорғауға көмектеседі. NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген көк шай мен шабдалы гүлінің сығындылары антиоксиданттарды қамтиды және теріні бос радикалдардан қорғайды.
    Барлығын көрсету

    БОДИМАСКИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

    Бодимаскинг – ол оңтайлы нәтижеге жету үшін дене терісіне күтім көрсетудің кешенді бағдарламасы аясында бірнеше құралдарды қадамдап қолдану.

    БОДИМАСКИНГТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

    • Теріге күтім көрсетудің жеке бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
    • Терінің нақты қажеттіліктерін шешеді.
    • Жағымды хош иістердің және түрлі текстуралардың арқасында ерекше сезімдік ләззат сыйлайды.
    • Тиімдірек және жылдамырақ нәтижелерді қамтамасыз етеді.
    • Жуыну бөлмеңізде керемет спа-күтім жасауға мүмкіндік береді.
    Барлығын көрсету

    ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

    Денеге кез келген құралдарды – маскаларды немесе лосьондарды жақпай тұрып, теріні тазалау қажет. Ол үшін душқа арналған жұмсартқыш тазалағыш гельді, және терінің жансызданған бөлшектерін кетіру үшін аптасына 2 рет – денеге арналған қабыршақтандырғыш скрабты қолданыңыз.

    Барлығын көрсету