Сусабындар мен Кондиционерлер

Сусабындар, бальзамдар, кондиционерлер – Satinique™ косметикалық құралдар топтамасында шашыңыздың сұлулығына қажетті заттың барлығы бар.

Enerjuve™ кешенінің ерекшелігі

  • Тереңдеп әсер ету – шаш құрылымына іштей әсер етеді.
  • Зияткерлік формула – шаш өзегінің зақымдалған бөліктерін өз бетінше анықтайды.
  • Нысаналы жұмыс – шаштың өзегін іштей нығайтып, қалпына келтіріп және жандандырады.

Шаштың сұлулығы мен саулығына нәзік күтім жасау өзінде табиғи тектес құрамдас заттар бар косметикалық өнімдердің құрамының арқасында қамтамасыз етіледі:

  • Табиғи майлар мен қанықтырылған май қышқылдары шаштың ылғалдануын, көлемі мен тегістігін қамтамасыз етеді.
  • Майбұршақ ақуызы шаштың құрылымын бұрынғысынан тығыз етеді, ал өзегін бұрынғысынан мықты етеді.
  • Тұт ағашы жапырағының сығындысы шаштың өсуін жылдамдатады.
  • Креатин шаштың құрылымын тығыз етуге, ал шаштың өзін иілгіш етуге мүмкіндік береді.
  • Е және В5 дәрумендері шашты еркін радикалдардың әсерінен шамадан тыс құрғаудан, сынудан және қираудан қорғайды.
  • Липидтер шаштың құрылымын нығайтып және шаштың ұзына бойының жеткілікті мөлшерде ылғалданған қалпында қалып отыруын қамтамасыз етеді.
  • Адамшөп сығындысы қалған барлық компоненттердің тиімділігін арттырады.

Сайтта тіркелгеннен кейін біздің интернет-дүкенімізден сусабындарды, кондиционерлерді, бальзамдарды және шаш күтіміне арналған өзге құралдарды алғашқы сатып алуға арналған жеңілдікке* ие болыңыз. Косметиканы және өзге тауарларды Қазақстан бойынша жеткізу.

*Тауарлар таусылып қалуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтында танысуға болады .