Тазарту

Amway интернет-дүкенінде бет терісін тазартуға және декоративті косметиканы кетіруге арналған құралдар бар. Олар тері қуысына терең еніп, тері секреті мен макияждың қалдығын ерітеді, шаңды кетіреді, сонымен қатар дерманы одан әрі ылғалдау мен қоректендіруге дайындайды.

Бет терісін бірнеше кезеңмен тазалаңыз:

  • егер теріңізде макияж болса, оны кетіру үшін арнайы құралды қолданыңыз;
  • бетіңізді гель немесе көбікшемен жақсылап жуыңыз;
  • терінің рН теңгерімін қалпына келтіріп және оны күтім құралдарын жағуға дайындау үшін соңында лосьон немесе тоникті қолданыңыз.

Artistry™ жуынуға арналған гель мен сүрткіштер мейкаптың қалдығын оңай кетіріп және тазартады, сонымен қатар теріні ылғалдандырып жұмсартады. Бет терісіндегі макияжды кетіруді ұмытпаңыз: бұл май бездерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет.

Бет терісін жууға арналған жұмсақ көбікше теріні күтімме тазартып және оны келесі күтім кезеңдеріне дайындайды, ал лосьон-тоник терінің қабыршақтануын кетіріп және тітіркенген бөліктерін тыныштандырады.

Artistry™ жақпасы қатты ластанған тері қуыстарының өзін тазартып және эпидермисті артық мөлшердегі себумнен босатады. Құралды көз айналасындағы теріге тигізбей, бет терісіне толығымен жағып шығыңыз.

Amway ұсынған теріні тазарту құралдары күнделікті қолдануға келеді: олардың құрамында спирт жоқ (демек, олардың әсері жұмсақ) және қолдануға ыңғайлы. Сіз кез келген типтегі, яғни құрғақ, қалыпты, майлы және аралас типті теріге арнап күтім құралдарын таңдай аласыз.

Біздің сыртқы келбетіміз көбінеки өмір салтымызға байланысты. Дұрыс тамақтану, үнемі түрдегі спорттық жүктемелер және толыққанды ұйқы Amway ұсынған Artistry™ косметикасымен бірге теріңіздің табиғи сұлулығын ұзақ уақытқа сақтап қалуға мүмкіндік береді!

Сайтымызда тіркеліп, тері тазарту құралдарының барлығын жеңілдікпен сатып алыңыз.


*Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болуы мүмкін.
Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.Amway.com сайтынан танысуға болады.