Nutrilite™
В дәрумені кешені плюс, 60 таб.

₸ 7 450,00
₸ 6 332,006332.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 110178
Салмағы/көлемі: 60 таб.
Мөлшері:

    Күннен күнге жұмысымыз еселеніп, оларды орындауға көп күш жұмсаймыз.

    Шаршаңқылықты кофе мен кофеин көмегімен жеңгіміз келеді, бірақ олар тиісінше әсер етпейді.

    Қалжырау сізді жеңбесін!

    B ТОБЫНЫҢ ВИТАМИНДЕРІ
    В тобының витаминдері – адам организміндегі ең маңызды деген процестерге жауап беретін, ағзаға пайдалы суда еритін 8 заттан құралған кешен.

    В тобы 8 заттан тұрады және олардың әрқайсысының атауы бар:

    • В1 витамині – тиамин;
    • В2 витамині – рибофлавин;
    • В3 витамині – ниацин;
    • В5 витамині – пантотен қышқылы;
    • В6 витамині – пиридоксин;
    • В7 витамині – биотин;
    • В9 витамині – фолий қышқылы;
    • В12 витамині – кобаламин.

    В тобының витаминдері суда еритіндер қатарына жатады, яғни олар тіндерге жиналып, (В12 витаминінің болар-болмас мөлшерін қоспағанда) организмнен барынша жылдам шығады. Сондықтан олар тамақпен бірге күнделікті түсіп отыруы керек.

    Бұл «энергетикатылқ» витаминдер тұрақты түрде қажет, ал кейбір жағдайларда (күйзеліс, ауру) олардың қажеттілігі он есе артуы мүмкін.

    В ТОБЫНЫҢ ВИТАМИНДЕРІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
    В тобы витаминдері жетіспеушілігінің белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Симптомдары ұзақ уақыт білінбеуі және айқын байқалмауы мүмкін: шаршағыштық, әлсіздік, жадтың нашарлауы, зейіннің төмендігі, ашуланшақтық, ұйқының бұзылуы.

    Бұл белгілердің көп тарағандығы сондай, көпшілігі оларды қалыпты нәрсе ретінде қабылдайды.

    В ВИТАМИНІНІҢ ТАҒАМДЫҚ КӨЗДЕРІ
    В витаминінің ең бай көздері жануарлардан алынатын азық-түлік болып табылады, мысалы: балық, ет, құс, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері. В тобының кейбір витаминдері өсімдіктерде, мысалы тиамин (B1) мен ниацин (В3) көздері болып табылатын жаңғақтар мен бұршақ тұқымдас дақылдарда да бар.

    СПИРУЛИНА
    Спирулина – ғалымдардың мәлімдемесі бойынша, ғаламшарымызда 100 млн. жылдан артық өмір сүріп келе жатқан көне өсімдік! Спирулинаның «өміршеңдігінің» құпиясы – оның бірегей биохимиялық құрамында. Көзге түсе бермейтін көк-жасыл түсті балдыр құрамында адам денсаулығына пайдалы шамамен 2 мың витамин, минерал және амин қышқылдары бар. Спирулина құрамындағы арнигин организмді қоқыс пен улы заттардан тазартады. Тиаминнің арқасында спирулина ұйқысыздықпен, шамадан тыс шаршаңқылықпен күресуге көмектеседі. Тирозин амин қышылы – фенилаланиннен алынады, бірақ дене оны катехоламиндер, оның ішінде дофамин, норадреналин, адреналин түрінде сіңіреді. Бұл заттар зейін, жігерлік, көңіл-күй, жад, қырағылық сияқты нейрофизиологиялық процестерді түзете алады. Сонымен қатар тирозин спирулинаны қартаюға қарсы сипаттарымен қамтамасыз етеді: организмдегі тотықтырғыш процестерді баяулатады, қартаюмен байланысты сырқаттардың дамуына және коллаген мен эластин талшықтарының бұзылуына кедергі келтіреді.

    Көк-жасыл сіріндінің 1 ғана ас қасығы адамға B12 витаминінің тәуліктің мөлшерінің 300 %-ын беруге қабілетті.

    Қорыта айтқанда, спирулинаның қоректік құндылығы басқа пайдалы тағамдардан, мысалы бекіре етінен, қызыл және қара уылдырықтан, бөдене жұмыртқасынан және т.б. бірнеше есе асады.

    Синтезделген витаминдерден айырмашылығы – микробалдырдың пайдалы заттары үздіксіз белсенді күйде болады. Яғни, олардың организмге әсері өте жоғары.

    NUTRILITE™ ВИТАМИН В-ПЛЮС
    NUTRILITE™ Витамин B Плюс – лезде және ұзақ (сегіз сағатқа дейін) шығару технологиясы бар екіқабатты таблетка. Олардың құрамында табиғи спирулина мен В тобының ауыстырылмайтын сегіз витамині бар.

    ҚОСАРЛЫ ШЫҒАРЫЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ арқасында NUTRILITE™ Витамин B Плюс биологиялық белсенді қоспасы метаболизм процесінде энергияның қалыпты бөлінуін қалыпта ұстау және әлсіздікпен күресу үшін В тобының әр витаминінің құнарлы құрамын оңтайлы босатуды қамтамасыз етеді.

    B тобының витаминдері – организмде ұзақ уақыт бойы сақталмайтын сумен еритін нәрлендіргіш заттар. Сонымен бірге В тобының витаминдері маңызды рөл атқарады: олар организмнің шаршаңқылықпен күресуіне көмектеседі және метаболизм процесінде энергияның қалыпты бөлінуіне қолдау көрсетеді**.

    Витамин B Плюс құрамында табиғи спирулина – фитонутриенттерге бай көк-жасыл балдыр бар. Спирулина NUTRICERT™ сертификаттаған серіктестеріміздің фермаларының біріндегі тоғандарда өсіріліп, жиналады. Сілтілі орта оның өсуіне мінсіз жағдай жасайды, сонымен қатар басқа организмдердің дамуына кедергі келтіреді. Осының арқасында біз өте таза спирулина аламыз.

    Бір ғана NUTRILITE™ Витамин B Плюс таблеткасының құрамында В тобының ауыстырылмайтын 8 витаминінің барлығы (B-кешен деп аталады) бар:

    Тиамин (B1)
    Рибофлавин (B2)
    Ниацин (B3)
    Пантотен қышқылы (B5)
    Пиридоксин (B6)
    Биотин (B7)
    Фолий қышқылы (B9)
    Кобаламин (B12)

    ҚОСАРЛЫ ШЫҒАРЫЛУ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
    Қосарлы шығарылу технологиясы бір екіқабатты таблеткада жылдам да, ұзақ мерзімді де босатылу технологиясын біріктіруге мүмкіндік береді.

    • Қою жасыл қабат негізінде рибофлавин (B2)
    мен кобаламиннің (B12) қолданғаннан кейін бірден лезде шығару технологиясы жатыр.
    • Көк-жасыл түсті қабаты тиамин (B1), ниацин (B3), пантотен қышқылы (B5), пиридоксин (B6), биотин (B7) және фолаттың (B9) ұзақ уақыт шығуына жауап беріп, олардың сегіз сағат ішінде жеткізілуін қамтамасыз етеді.

    Артықшылықтары

    • Күніне бір ғана таблетка B тобының барлық ауыстырылмайтын сегіз витаминінің 100 % ТҚРМ** қамтамасыз етеді.
    • Витаминдердің лезде және ұзақ уақыт шығу процестерін біріктіретін қосарлы шығару технологиясы B тобының әр витаминінің құнарлы заттарының оңтайлы уақытта шығарылуына және сіңірілуіне кепілдік береді.
    • В тобы*** витаминдерінің жеткіліксіз тұтынылуы нәтижесінде пайда болатын шаршаңқылықтың пайда болуына жол бермейді.
    • Метаболизм процесінде энергияның қалыпты бөлінуін қамтамасыз етеді***.
    • Құрамына фитонутриенттерге бай табиғи спирулина кіреді.
    • Спирулина NUTRICERT™ сертификаттаған серіктестеріміздің фермаларының біріндегі тоғандарда өсіріліп, жиналады.
    • Таблетканың ұзын пішімі арқасында жеңіл жұтылады.
    • Ыңғайлы қолданылады: бір күн ішінде бірнеше таблетка
    қабылдау керек емес.


    *Метаболизм процесінде энергияның қалыпты бөлінуін тиамин (B1), рибофлавин (B2), ниацин (B3), пантотен қышқылы (B5), пиридоксин (B6), биотин (B7) және кобаламин (B12) қамтамасыз етеді.
    Шаршаңқылықтың төмендеуіне рибофлавин (B2), ниацин (B3), пантотен қышқылы (B5), пиридоксин (B6), фолий қышқылы (B9) және кобаламин (B12) сияқты B тобының витаминдері көмектеседі.
    **Метаболизм процесінде энергияның қалыпты бөлінуін тиамин (B1), рибофлавин (B2), ниацин (B3), пантотен қышқылы (B5), пиридоксин (B6), биотин (B7) және кобаламин (B12) қамтамасыз етеді.

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.

    Барлығын көрсету

    В ТОБЫ ВИТАМИНДЕРІНІҢ ОРГАНИЗМГЕ ПАЙДАСЫ
    • В тобының ауыстырылмайтын барлық сегіз витаминінің қосымша көзі: тиамин (B1), рибофлавин (B2), ниацин (B3), пантотен қышқылы (B5), пиридоксин (B6), биотин (B7), фолий қышқылы (B9) және кобаламин (B12).
    • В1 витамині (тиамин) синапстардағы жүйкелік қозу процесіне қатысады, бұл маңызды тапсырмаларға назар салу концентрациясын арттыруға көмектесіп, адамның жылдам әрі тиімдірек жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
    • B2 витамині (рибофлавин) бас миы жасушаларында көп мөлшерде болады және жүйке жасушалары қабатының, яғни миелиннің жұмысқа қабілеттілігін қалыпты ұстауға көмектеседі, сондай-ақ осы жасушалар арасындағы байланысты жүзеге асырады.
    • В3 витамині (ниацин) қандағы холестерин мен триглицеридтердің деңгейін қалыпты етуге көмектеседі.
    • В5 витамині (пантотен қышқылы) кортикоидтер түзуге қатысады. Олар адамның күйзелісті жағдайларын жеңе отырып, олармен күресуге көмектеседі. Тотығуға қарсы функциясы бар, ол мезгілінен бұрыннан қартаюға және әжімдердің пайда болуына жол бермеуге көмектеседі.
    • В6 витамині (пиридоксин) әртүрлі міндеттер атқарады, олардың ең бастысы, амин қышқылдары зат алмасуына – ақуыздар құрылатын «кірпштерді» қамтамасыз етуі болып табылады.
    • В7 витамині (биотин) жасушалардың энергия өндіруіне және май қышқылдарын синтездеуге көмектеседі, тері, шаш және тырнақ денсаулығын сақтайды.
    • В9 витамині (фолий қышқылы) қан түзіліміне қатысады.
    • В12 витамині (цианокобаламин) С витаминімен, фолий және пантотен қышқылдарымен тығыз әрекеттесе отырып, ақуыз, май және көмірсутек алмасуға белсенді қатысады. Холин өндіру кезінде фолий қышқылының миллиардтаған молекулаларына көмектеседі.
     

    Барлығын көрсету

    Тұрақтандырғыш: кальций гидроортофосфаты, құрғақ тағам ашытқысы, спирулина ұнтағы (Arthrospira platensis), лактоза, тұрақтандырғыш: гидроксипропилметилцеллюлоза; тұрақтандырғыш: микрокристалды целлюлоза; никотинамид, тұрақтандырғыш: кроскарамелоза; пантотен қышқылы (пантотенат кальций); тығыздалуға кедергі келтіретін заттар: кремний диоксиді; магний стеараты; гидрохлорид пиридоксині (B6 витамині), рибофлавин (В2 витамині), мононитрат тиамині (В1 витамині), ылғал ұстағыш зат: глицерин, фолий қышқылы, жылтыратқыш: карнауб балауызы; биотин, цианокобаламин (В12 витамині).
    Құрамында лактоза бар.
     

    Барлығын көрсету

    Ересектер тамақтану кезінде күніне 1 рет 1 таблеткадан қабылдау керек.

    Қолдану алдында дәрігермен кеңесіңіз.
     

    Барлығын көрсету