Жиынтығы жеңілдікпен

Artistry Signature Select™
«Жібектен нәзік» жинағы

₸ 42 120,00
₸ 35 802,0035802.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 124902
Салмағы/көлемі: 1 жинақ
Мөлшері:

    «Жібектен нәзік» дене терісіне арналған күтім көрсету жинағымен бірге күнделікті дербестендірілген спа-процедураңыз сізге ыңғайлы уақытта!

    КӨРІҢІЗ! ҮЙЛЕСТІРІҢІЗ! РАХАТТАНЫҢЫЗ!

    Дене терісіне күтім көрсету әлі ешқашан осындай жеңіл әрі жағымды болған емес! Түрлі текстуралар мен хош иістер күтім көрсету процедурасын сұлуықтың нағыз салтына айналдырады. Бодимаскинг техникасын қолдана отырып, қарапайым ережені орындаған маңызды: кремдерді алдын ала тазаланған теріге жағу.

    «ЖІБЕКТЕН НӘЗІК» БОДИМАСКИНГІНІҢ РЕЦЕПТІСІ:

    1. ДУШҚА АРНАЛҒАН ЖҰМСАРТҚЫШ ТАЗАЛАҒЫШ ГЕЛЬ денеңізде керемет сергіткіш көбікке айналып, теріңізді өте нәзік етеді. Гельдің құрамында перилла мен наурызгүлдің нәрлендіргіш эфир майлары бар, олар теріні күтім көрсетудің келесі кезеңдеріне дайындай отырып, жұмсартады, тегістейді және ылғалдандырады. NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген цитрус тұқымдастардың сергіткіш хош иісін бағалаңыз. Олардың сығындылары терінің қорғаныш бөгетін белсенді күшейтіп, теріні ластанулар мен микрошаңнан тазартып, ылғалдандырады.
    2. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫРШАҚТАНДЫРҒЫШ СКРАБТЫ теріні тегістеп, оны күтім көрсетудің кейінгі кезеңдеріне дайындау үшін: кремнің белсенді заттарының сіңуін жеңілдету үшін аптасына 2 рет пайдаланыңыз. Скрабты бүкіл денеге немесе проблемалы аймақтарға ғана қолдануға болады. Денені табаннан бастап, біртіндеп жоғары қарай көтеріліп, ақырын уқалаңыз. Шайып тастаңыз. Тері NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген қара қарақат сығындысы бар формуланың арқасында жұмсақ және серпінді болады.
    3. ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН НӘРЛЕНДІРГІШ ТЕГІСТЕГІШ КРЕМ теріні едәуір жылтыраған және жаңартылған етеді. Әр қолданған сайын кремнің құрамына кіретін наурызгүл майы мен NUTRILITE™ чиа ақ дәндерінің сығындысы дененің терісін терең нәрлендіріп, оның ылғал ұстаушы бөгетін күшейтеді. Сонымен қатар, эксклюзивті ағартушы кешеннің формуласы NUTRILITE™ плантацияларында өсірілген ацерола шиесінің сығындысын қамтиды, ол теріге солғыңдық беретін бос радикалдар мен ластанулардың зиянды әсерін бейтараптандырады.
    Барлығын көрсету

    БОДИМАСКИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

    Бодимаскинг – ол оңтайлы нәтижеге жету үшін дене терісіне күтім көрсетудің кешенді бағдарламасы аясында бірнеше құралдарды қадамдап қолдану.

    БОДИМАСКИНГТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

    • Теріге күтім көрсетудің жеке бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
    • Терінің нақты қажеттіліктерін шешеді.
    • Жағымды хош иістердің және түрлі текстуралардың арқасында ерекше сезімдік ләззат сыйлайды.
    • Тиімдірек және жылдамырақ нәтижелерді қамтамасыз етеді.
    • Жуыну бөлмеңізде керемет спа-күтім жасауға мүмкіндік береді.
    Барлығын көрсету

    ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

    Денеге кез келген құралдарды – маскаларды немесе лосьондарды жақпай тұрып, теріні тазалау қажет. Ол үшін душқа арналған жұмсартқыш тазалағыш гельді, және терінің жансызданған бөлшектерін кетіру үшін аптасына 2 рет – денеге арналған қабыршақтандырғыш скрабты қолданыңыз.

    Барлығын көрсету