Балық майының омега-3-тен айырмашылығы неде

Балық майының омега-3-тен айырмашылығы неде: әрқайсысының артықшылығы мен кемшілігі

Балалық шағы КСРО заманында өткен адамдардың есінде «Балық майы» препараты жақсы сақталған. Күнделікті бір шай қасықтан... Бұл дәріні балалардың көпшілігі жақтыра бермейтін – дәріханалық құтыларға құйылған майлы cұйықтықтың дәмі біртүрлі болатын. Дегенмен, пайдасы жағымсыз иісінен асып түсетін, себебі балық майында адамның ағзасына маңызды омега-3-полиқанықпаған май қышқылдары бар екені сол кездің өзінде баршаға мәлім болатын.

Тура сол кездегі «Балық майын» қазір де сатып алуға болады, алайда құрамында омега-3-ПҚМҚ бар басқа заманауи препараттар да пайда болды. Олардың бір-бірінен өзгешелігі қандай, қайсысы жақсы және мұның барлығы не үшін қажет?

Омега-3-ПҚМҚ не үшін қолданылады

Омега-3-ПҚМҚ (omega-3 fatty acids) таптырмайтын заттарға, яғни ағзамызға қажетті, алайда оның өзі өндірмейтін заттарға жатады. Бұл қышқылдар жасушаларға арналған маңызды құрылыстық материал болып табылады және жүрек ауруларынан бастап демікпе мен күйзеліске дейін бірқатар аурулардың алдын-алуға арналған.

Заманауи зерттеулер омега-3-ПҚМҚ-ның адамның денсаулығына жағымды әсер етуінің барған сайын жаңа аспектілерін ашуда.

  1. Фудань Университетінің зерттеуі омега-3-ПҚМҚ-ның жүрек-қан тамырлары жүйесін қолдап және ауа жоғары деңгейде ластанған аудандарда денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді төмендететінін растады.
  2. Цзянсу университеті ауруханасының медик мамандары анықтағандай: омега-3-ПҚМҚ-ны стеролалармен біріктіріп қабылдаған жағдайда олар глюкозаның зат алмасуын түзетіп және сол арқылы қант диабетімен күресуде көмектеседі.
  3. Даниядағы Орхусс университетінің ғалымдары омега-3-ПҚМҚ-ның еркектердің бедеулігі кезінде шәуеттің сапалық көрсеткіштерін жақсартуы мүмкін екенін анықтады.

Омега-3-ПҚМҚ-ның әйелдерге тигізетін қосымша пайдасы туралы мақала. Спойлер: әсері таңқалдырады.

Балық майы не үшін қолданылады

Омега-3-ПҚМҚ топтары көптеп саналады, алайда адам үшін оның үш түрі маңызды:

  • альфа-линолен (АЛҚ);
  • эйкозапентаен (ЭПҚ);
  • докозагексаен (ДГҚ).

Альфа-линолен қышқылына жерүсті өсімдіктері, мысалы, сұлы немесе чиа бай. Ал қышқылдардың басқа екі түрі тек қана теңіз өнімдерінде кездеседі. Адам ағзасы ЭПҚ мен ДГҚ-ны АЛҚ-дан өндіріп отыра алады, алайда оның тиімділігі тым төмен – небәрі 5%-ғана. Сол себептен оларды күнделікті тағамдармен дайын қалпында алып отырған маңызды.

Адам үшін аса пайдалы омега-3-полиқанықпаған май қышқылдары - ЭПҚ мен ДГҚ-ның негізгі көзі теңіз балығы болып табылады. Айталық, балық та біз сияқты омега-3-ПҚМҚ өндіре алмайды, ол бұл затты балдырларды, ұлуларды және тұқымдас балықтарды жеу арқылы ағзасында жинақтап отырады. Балықтың ағзасында ЭПҚ мен ДГҚ қоры оның майында жиналған.

Осылайша, омега-3-ПҚМҚ-мен ең жақсы биологиялық белсенді қоспалар, мысалы NUTRILITE™ Омега-3 Комплекс балықтың майынан жасалады. Сондай-ақ теңіз балдырларына негізделген вегетариандық препараттар да пайдалы. Ал өздерінде омега-3-ПҚМҚ көзі ретінде өсімдік майлары (зығыр, шырғанақ, қыша) қолданылған ББҚ-ларда тек қана альфа-линолен қышқылы бар және олардың әсері анағұрлым төмен болып келеді.

Балық майының омега-3-ПҚМҚ-дан айырмашылығы неде

Балық майының омега-3-ПҚМҚ-дан айырмашылығы неде

Май балықтың ұлпасынан алынады. Оның өндірісі үшін ең жақсы шикізат – өмірлік циклы қысқа балықтар, себебі олардың ағзасында токсиндер жиналып үлгере қоймаған. Көп жағдайда келешек «Балық майы» препараты тек аз мөлшердегі тазалаудан өтіп отырады, бұл жағдайда оның құрамындағы омега-3-ПҚМҚ мөлшері төмен болып және қоспалардың концентрациясы жоғары болып отырады.

Омега-3-ПҚМҚ-ға негізделген заманауи препараттар үшін балық майы одан арғы өңдеуден өткізіліп және соның барысында қоспалардың басым бөлігінен тазартылып отырады. Соңында құрамындағы ЭПҚ мен ДГҚ-ның мөлшері жоғары болып келетін концентрат алынады. Кейбір кезде ол қосымша түрде дәрумендер мен микроэлементтермен байытылып отырады. Әсер етуші зат оны қабылдауды жеңіл ететін контейнерге салынады, әдетте, бұл қатқыл қабықшалы капсулалар.

Қайсысы жақсы: омега-3-ПҚМҚ кешендері ме әлде балық майы ма

Құрамында омега-3- ПҚМҚ бар препараттар мен «Балық майының» салыстырмалы сипаттамасын кестеден көруге болады.

Құрамында омега-3- ПҚМҚ бар препараттар

«Балық майы»

Құрамында тек қана қажетті компоненттер бар. NUTRILITE™ Омега-3 Кешені ББҚ-да бұл омега-3-ПҚМҚ және Е дәрумені.

Құрамында тек жүк болатын қажетсіз заттар, атап айтқанда қаныққан майлар мен қоспалар көп. Егер арзан шикізаттан шығарылған болса, құрамында токсиндер болуы мүмкін.

Капсулалар герметикалық түрде дәнекерленіп жабылған, олардың ішіндегі зат ашымайды және өзінің бастапқы күйі мен сапасын ұзақ уақыт бойы сақтап отырады.

Ауамен жанасқан жағдайда сұйық балық майы біртіндеп ашып және өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады.

Капсулалардың қабықшалары дәмсіз болып келеді және тек қана асқазанда ериді.

Барлығына ұнай бермейтін ерекше иісі мен дәмі бар.

Ыңғайлы дозалау: капсулалардың өндіруші немесе дәрігер ұсынған санын күнделікті қабылдап қана отырасың.

Өлшейтін қасық болуы қажет, қабылдаған кезде төгіліп қалуы мүмкін, ыдыс пен үстелге тиген жағдайда иісінің кетуі қиын.

Бағасы орта және жоғары.

Бағасы төмен.

Қолжетімділігі: дәріханадан немесе онлайн-дүкеннен сатып алуға болады.

Қолжетімді: кез келген дәріханадан сатып алуға болады.

Заманауи препараттардың артықшылықтары көп екенін де және сол артықшылықтары анағұрлым елеулі екенін де байқау қиын емес. Оған қоса, «Балық майына» қарағанда омега-3-ПҚМҚ-ның мөлшері жақсы қоспаларда теңгерімделген болып келеді. NUTRILITE™ Омега-3 Кешені ББҚ-ның 2 капсуланы қамтитын бір күндік нормасында 240 мг ДГҚ және360 мг ЭПҚ бар.

Егер сіз майлы балықты аптасына бір-екі рет немесе одан да сирек жейтін болсаңыз, балық майына негізделген ББҚ-лар сізге жүрек-қан тамырлары жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін және жастық қалпыңызды сақтау үшін қажет. NUTRILITE™ Омега-3 Кешені Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспасы ересек адамға арналған омега-3-ПҚМҚ-ның тәуліктік нормасының 30%-ын қамтамасыз етеді.


Сондай-ақ біліңіз: