Nutrilite™
Глюкозамин, 120 капс.

₸ 17 900,00
₸ 15 215,0015215.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 101841
Салмағы/көлемі: 120 капс.
Мөлшері:

    Буындар өзінің бірегей құрылымына байланысты қаңқаның түрлі жазықтықтарда қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Амортизациялық сұйықтықпен толтырылған иілгіш, герметикалық жабық жік сүйектерге бір біріне қатысты сыртқы беттерімен жанаспай қозғалуға мүмкіндік береді. Жарақаттар, шамадан тыс жүктеме, артық салмақ, қабыну аурулары, жас ұлғая келе ағзаның «тозуы» буын ішіндегі сұйықтықтың сипаттарының бұзылуына және буын шеміршектерінің беткі қабатының зақымдалуына әкелуі мүмкін.

    60 жастан асқан ересектер әдетте буын аппаратының зақымдануынан зардап шегеді, ол ауырсыну сезімі арқылы және дененің түрлі буындарының қозғалысының бұзылуының күшейе түсуі арқылы білінеді.

    Жас шағында буындық аппараттың проблемалары буындардың жарақатынан, қабыну үдерістерінен кейін тірек-қимыл аппаратының туа біткен дерті бар науқастарда кездесуі мүмкін. Буындар зақымдануының даму қаупі семіздігі бар (дене салмағының индексі ≥ 30 кг/м²) пациенттерде артады.

    ГЛЮКОЗАМИН ДЕФИЦИТІНІҢ САЛДАРЫ:

    • Шеміршек тінінің нәрленуінің нашарлауы
    • Буынның амортизациялық сипаттарының нашарлауы
    • Буынның беткі қабаттарына салмақ кезде оның жарақаттану қатерінің артуы

    ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

    Малдың, балықтың, құстың шеміршек тіндері, олардан жасалған сорпа мен сілікпе. Моллюск қабыршақтары.
    Ересектер үшін глюкозаминді тұтынудың ұсынылған деңгейі тәулігіне 700 мг-ды құрайды.

    ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

    • Сүйектері мен буындарының қалыпты күйін сақтап қалудың қамын ойлайтындар
    • Буындық аппаратының проблемалары бар адамдар
    • Тірек-қимыл аппаратына кәсіптік қызметіне байланысты (жүк тиеушілер, жұмысшылар және т.б.) 5 жыл қатарынан жоғары физикалық салмақ түсетін адамдар
    • Спортшылар (жүгіру, ұзындыққа, биіктікке секіру, ауыр атлетика, гимнастика, балет, футбол)
    • 40 жастан асқан адамдар
    • Буындары жарақаттанған немесе ота жасалған адамдар
    • Тірек-қимыл аппаратының аурулары бар адамдар
    • Денесінің артық салмағы және семіздігі бар адамдар (ДАС 30 артық)
    • Биік өкше аяқ-киімді көп киетін әйелдер
    • 50 жастан асқан әйелдер

    Артықшылықтары

    • Құрамында глюкозаминнің оңтайлы мөлшері бар
    • Бұл өнімге арналған глюкозамин арктика асшаяндарының қабығынан спирт қолданылмастан өндіріледі
    • Бұл өнімге арналған глюкозамин алынған асшаяндар Солтүстік Атлант мұхитының мұз қабаттарының астындағы арктикалық сулардан алынады
    • Өнімнің құрамында глюкозамин гидрохлориді бар, сульфатты түріне қарағанда жақсырақ ерігіштігінің есебінен глюкозаминнің қарқындырақ сіңірілуін қамтамасыз етеді
    • Құрамында NUTRILITE ацерола шиесінің эксклюзивті концентраты бар
    • Құрамында грейпфрут, мандарин, апельсин және лимоннан алынған цитрус биофлавоноидтары бар
    • Цитрус жемістері мен шиенің сірінділерінің тотықтануға қарсы және уыттан арылтатын күшті сипаттары бар, буындар мен шеміршектерді тозудан, қажалудан және қабынудан қосымша қорғауға көмектеседі
    • Құрамында жасанды тәттілегіштер, хош иістендіргіштер немесе консерванттар жоқ
    • Құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар (ГТА) жоқ
    • Вегетариандарға жарамды (құрамында глютен мен лактоза жоқ)

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Эмвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz,amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.

    Барлығын көрсету

    Глюкозамин – тамақтың құрамында шамалы мөлшерде болатын заттек, қалыпты жағдайларда оны буындардың шеміршек тіні синтездейді, сонымен бірге буынның ішіндегі сұйықтықтың құрамына кіреді және оның қалыпты қозғалуын қамтамасыз етеді.
    Глюкозамин – адамның дәнекер тінін синтездеуге белсенді түрде қатысатын табиғи құрамдас. Оны шеміршек жасушалары шеміршек тінінің негізін құрайтын протеогликандарды, гликозаминогликандарды және гиалурон қышқылын синтездеу үшін бастапқы материал ретінде пайдаланады. 
    Глюкозамин шеміршекті бұзатын ферменттердің белсенділігін баяулатады, буындағы сұйықтықта суды ұстап тұруға көмектесетін гиалурон қышқылының түзілуіне ықпалдасады, буындарды майлайды, шеміршектерді нәрлендіреді, оларға иілгіш, серпімді, салмаққа төзімді сипат береді, буынның ауыруын азайтуға, оның қозғалғыштығын жақсартуға жәрдемдеседі.

    NUTRILITE™ глюкозаминінің құрамында глюкозамин гидрохлориді бар, ол сульфатты түріне қарағанда жақсырақ ерігіштігінің есебінен глюкозаминнің қарқындырақ сіңірілуін қамтамасыз етеді. (тиісінше 80% және 95%). Глюкозамин гидрохлоридтің құрамында әдетте шамамен 83–88% таза глюкозамин, ал глюкозамин сульфатта – тек 59–65% ғана таза глюкозамин болады. Эксклюзивті формуласының құрамында асшаяндардан, NUTRILITE ацерола шиесінің эксклюзивті концентратынан және цитрустік флавоноидтардан алынатын глюкозамин гидрохлоридінің оңтайлы қиысымы бар.

    Глюкозаминнің әсері баяу жүреді - жарты жылдан бір жылға дейін. 

    Барлығын көрсету

    ҚҰРАМЫ: ГЛЮКОЗАМИН ГИДРОХЛОРИДЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; ЖЕЛАТИН, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: МАГНИЙ СТЕАРАТЫ; ГРАНАТЖАПЫРАҚТЫ МАЛЬПИГИЯ ЖЕМІСТЕРІНІҢ КОНЦЕНТРАТЫ, ГРЕЙПФРУТ ЖЕМІСТЕРІНІҢ КОНЦЕНТРАТЫ, МАНДАРИН ЖЕМІСТЕРІНІҢ КОНЦЕНТРАТЫ, МАЛЬТОДЕКСТРИН, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ; ЛИМОН ЖЕМІСТЕРІНІҢ КОНЦЕНТРАТЫ.

    Барлығын көрсету

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері

    • Ересектер тамақ ішкен кезде 1 капсуладан күніне 2 рет қабылдауға тиіс. 

    Қабылдау ұзақтығы - 2 ай. Қажет болса қабылдауды қайталауға болады. Тағамға ББҮ қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

    Қарсы көрсетімдер

    Тағамдық ББҮ құрамдастарын адамның қабылдай алмауы, жүктілік, бала емізу, қантты диабет.
     

    Барлығын көрсету