Artistry™
Көз тарта
әсемдік
Artistry™-ге сенім артуға 5 себеп
Artistry™ мен Nutrilite™ одағы
Әр өнімнің соңында жаңашылдық тарихы тұр
Таза формулалар
Қадағалау*
Дербестендіру*
*Artistry Skin Nutrition™ өнімдеріне қатысты қолданылады
Artistry™ сауда белгісінің даму тарихы
Artistry™-дің 60 жылдық тарихы: табиғат пен ғылымның теріңіздің сыртқы саулығына бағытталған күші
Artistry™ сауда белгісі XX ғасырдың 60-шы жылдары әйел сұлулығына деген махабаттың нышаны ретінде пайда болған. Nutrilite™ тағамдық қоспаларын өндіруші компанияның негізін қалаған Карл Ренборг сүйікті жұбайы Эдитке арнап тері күтіміне арналған табиғи құрамдас заттардан тұратын алғашқы косметикалық өнімді жасап шығарды.

Ол бірнеше жыл бойы косметиканы эксклюзивті түрде жұбайы мен оның құрбыларына арнап жасап отырған. Косметикалық құралдардың құрамындағы Nutrilite™ табиғи құрамдас заттарының тиімділігінен шабыт алған Карл өнім формулаларын жетілдіру арқылы бьюти-индустрия саласындағы озық жетістіктер мен фитонутриенттердің күшін біріктірді.

Бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі клиенттерге ұсынылып отырған Artistry™ сауда белгісінің барлық өнімі осыдан 60 жыл бұрын Карлдың өз әйеліне арнап жасаған алғашқы құралдары сияқты дәл сондай ықыласпен, ерекше қамқорлықпен және сүйіспеншілікпен жасалады.
1958
ARTISTRY™ сауда белгісі өткен ғасырдың 60-шы жылдары пайда болды, оны жасап шығарған NUTRILITE™ компаниясын жаңашыл ерлі-зайыпты ғалымдар Карл мен Эдит Ренборгтер құрған. Эдитті кезіктірмес бұрын Қытайдағы азаматтық соғыстың қиыншылықтарын басынан өткерген жас ғалым әрі саяхатшы Карл Ренборг адамның денсаулығы оның не жейтініне емес, керісінше нені жемейтініне байланысты екенін және көптеген аурулардың дұрыс тамақтанбаудан туындайтынын түсінген.

Осылайша, NUTRILITE™-тің тағамға биологиялық қоспасы пайда болды. Эдитпен жолығып, іргесі берік отбасын құрып қана қоймай (ерлі-зайыпты Ренборгтар бірге 27 жыл өмір сүрді), табысты бизнесті дамытып, жаңа тауар, яғни косметикалық өнімдер желісінің іргетасын қалады!
1958
Бірнеше жыл бойы Карл Ренборг өз зертханасында жұбайы мен тағы бірнеше адамға арнап косметика жасап келген. Табиғи құрамдас заттардың тиімділігіне деген сенімі мен ғылыми зерттеулер оның бірқатар ерекше формула ойлап табуына ықпал етті**.

Бастапқыда ERC сауда белгісі NUTRILITE™ сатылымдарын қолдауға үшін іске қосылған. Карлдың Эдитке деген махаббаттан бастау алған, тері күтіміне арналған алғашқы косметикалық өнімі NUTRILITE™ философиясына сәйкес табиғи құрамдас заттардан жасалған.

**ERC бас менеджерінің Рикенброд мырзаға 1958 ж. 26 маусымында жолдаған хаты.
1968
Ерінің Эдитке арнайы жасаған косметикалық құралдарының аясы кеңейіп, өнімдер желісі пайда болды. Тұтынушыларға ұсынылған өнімдер де сондай ықыласпен әрі ерекше қамқорлықпен дайындалады.

Эдит Ренборгтың пікірінше, әр әйел табиғатынан әдемі, тек сол табиғи сұлулықты көрсете білуі керек. Өз-өзін және денсаулығын күтетін әр әйел қылықты әрі тартымды келеді. Қайталанбас ерекшелік әйелдің өз күш-жігері мен мүмкіндіктерін лайықты бағалауына ықпал етеді.
1972
70-ші жылдардың басында Amway компаниясы NUTRILITE™ компаниясы акцияларының бақылау пакетін сатып алды. ERC өнімдері ARTISTRY™ желісіне Artistry II атауымен енгізілді, компаниялар біріккенге дейін бұл екі сауда белгісі тәуелсіз әрі өзара бәсекелес болып келген еді. Бұл кезде дистрибьюторлар желісі қалыптасып үлгерген болатын, сөйтіп сәндік косметика желісі сатып алушылардың назарын аудара бастады. Дәл сол кезде ұлы сауда белгісі тарихындағы жаңа меже басталды. 1972 жылдан бастап ARTISTRY™ өнімдері Еуропа пен Азияда сатыла бастады және біртіндеп 11 елдің нарығына шықты.
1980
1980-ші жылдардың басында сауда белгісінің өнімдері тағы 15 елде сатылымға шығарылды.

Құралдар желісі түрлендіріле бастады. Мұндағы жетекші рөлге тері түстерінің кең спектріне арнап бейімделген сәндік косметика ие болды.

«Өмірімде бұрын-соңды еш нәрсе осы жұмыс сияқты қанағаттану сезімін сыйламапты: тұтынатын адамдарға пайдасын тигізетін өнім шығару және оны үнемі жетілдіріп отыру мүмкіндігінен ләззат аламын.»

Карл Ренборг
1984
Мичиган штатының Эйда қаласында ARTISTRY™ өнімдерін шығаруға арналған ультразаманауи косметикалық зауыт ашылды.

ARTISTRY™ әлем бойынша тері күтіміне арналған премиум санатындағы ең үздік және ең көп сатылатын сауда белгілерінің алғашқы бестігіне кірді*. Бұл көрсеткіш 10 жыл бойы өзгеріссіз сақталды!

* Мұны Euromonitor International агенттігінің 1998–2008 жж. «Тері күтімі» мен «Сұлулыққа арналған құралдар» санатындағы зерттеулері растайды.
2005
ARTISTRY™ сауда белгісінің командасына креативті директор Ольвье ван Доорн қосылды, оның жұмысының арқасында сауда белгісінің безендірілуі мен өнімнің қаптамасы қазіргі көпшілікке ұнайтын кескінге келтірілді.
2017–2020
Жыл өткен сайын Artistry™ сауда белгісі шығаратын өнім түрлері көбейіп, дербес сипатқа ие бола бастады.

Сауда белгісі заман талаптарына сай болуға талпынатын және бет терісінің күтіміне тексерілген сапа мен инновацияларды таңдайтын белсенді, заманауи бойжеткендер мен әйелдерге бағытталған.

2018 жылы Artistry™ сауда белгісіне әлемнің қарыштап дамыған ірі қалаларының рухы мен өмір сүру стилінен шабыт алған Artistry STUDIO™ сәндік косметикасының топтамасы қосылды.

2019 жылы дербес сипаттағы іріткілер мен жақпаларды қамтыған Artistry Signature Select™ желісі пайда болады. Сол жылы Artistry Signature Select™ іріткісі Glamour-дың «оқырман таңдауы» номинациясында «Best of Beauty» сыйлығын жеңіп алды.
2021
Artistry Skin Nutrition™ тері күтіміне арналған құралдар топтамасы шығарылды.

Арнайы әзірленген өнімдік шешімдер, текстуралар мен тиімді формулалардың таңдауы, тері күтімі саласындағы заманауи ғылыми жаңашылдықтар мен кез келген жаста қолдануға болатын дербес шешімдер жаңа топтама философиясының негізін қалады.

Artistry™ мен Nutrilite™ сауда белгілерінің бірігуі, қауіпсіздік пен косметикалық құралдардың құрамына кіретін ингредиенттердің қайдан алынатынын қадағалау идеясы Artistry Skin Nutrition™ сауда белгісінің айрықша белгісіне айналды. Artitry Skin Nutrition™ өнімдерін шығару үшін өз меншігіміздегі Nutrilite™ органикалық фермаларында өсіріліп, жиналған өсімдіктер пайдаланылады. Оның әрқайсысының дәннен бастап түпкі өнімге дейінгі жолын қадағалауға болады.

Artistry Skin Nutrition™ тері күтіміне арналған құралдарының барлығы «Таза сұлулық» стандарттарына сәйкестендірілген, құрамында пайдалануға тыйым салынған 1300-ден астам құрамдас зат жоқ. Өнім формулалары вегандық талапқа сәйкес келеді, олардың құрамында жануарлардан алынған ингредиенттер жоқ және бұлар жануарларға сыналмайды.

Artistry™ және Nutrilite™ сауда белгілерінің бірігуі сұлулық индустриясы өнімдерінің өндірісі мен қауіпсіздігінің аса жоғары деңгейдегі ашықтығына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Бізге қосыл
12+