Жаңа туылған нәрестелер мен балаларға арналған өнімдер

Жаңа туған нәрестелерге ерекше қамқорлық және қауіпсіз, жұмсақ күтім қажет. Оны қамтамасыз етуге арналған нәрсенің барлығы Amway жаңа туған нәрестелер мен балаларға арналған құралдар желісінде бар. Душқа арналған гельдер, сабын, сусабындар, ылғалдандырғыш кремдер, лосьондар, балаларға арналған майлықтар: Amway каталогында арнайы түрде нәрестелерге арнап әзірленген тек қана қауіпсіз, сапалы құралдар ұсынылған.

Баланың терісіне неліктен арнайы күтім қажет?

Нәрестелердің терісі ересектердің терісіне қарағанда нәзік болып келеді. Ол ылғалды жылдам жоғалтады, ерекше қорғауға, жұмсақ, күтіммен тазартуға мұқтаж. Күтім жасауға арналған құралдарды олар төмендегілерді қамтамасыз ететіндей түрде таңдап отыру керек:

  • күтіммен, алайда тиімді тазарту;
  • ылғалдандыру, қоректендіру;
  • ылғалды жоғалтудан қорғау;
  • ауру тудыратын бактериялардан, микробтардан қорғау;
  • аллергияны, қабынуды тудырмау.

Балаларға арналған косметика қауіпсіз, гипоаллергенді құрамға ие болуы тиіс. Amway компаниясы ата-аналардың пікіріне құлақ асып отырады және осы талаптарға ерекше көңіл бөледі.

G&H Baby құралдарының топтамасы

Amway каталогында — баланы күнделікті шомылдыру шаралары мен баланың терісі мен шашын күту үшін қажет болуы мүмкін нәрсенің барлығы бар, соның ішінде:

  • балаларға арналған сусабындар (басынан аяғына дейін: тұтастай денеге арнап қолдануға болады);
  • ылғал майлықтар;
  • ылғалдандырғыш лосьондар;
  • жөргектердің астынан жағуға арналған, теріге арналған кремдер.

Амвэй* құралдарында қауіпті заттар, соның ішінде сульфаттар, парабендер, бояғыштар немесе басқа да соған ұқсас компоненттер жоқ. Олар табиғи тектес; қауіпсіз, жас нәрестелердің терісін күтуге келетін құрамдас заттардан тұрады. Олардың арасында келесі заттар болуы мүмкін:

  • жұмсақ тыныштандырғыш, қоректендіргіш әсерге ие түймедақ сығындысы;
  • ылғалдандыру, қабынумен күресу үшін алоэ сығындысы;
  • қоректендіруге, ылғалдандыруға арналған табиғи майлар;
  • E дәрумені — жақсы қорғағыш әсерге ие антиоксидант;
  • қабынуға қарсы, жараны жазғыш, ылғалдандырғыш әсерге ие пантенол.

Amway өнімдері дерматологиялық бақылаумен сыналған. Гипоаллергенді, pH-бейтарап болып табылады, күнделікті қолдануға келеді. Жас нәрестелердің терісі мен шашын күтуге арналған Amway құралдарын тиімді бағамен компанияның ресми сайтынан сатып алуға болады.

*Сатылымдағы тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың көрсетілген суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болуы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.Amway.com сайтынан танысуға болады.