- Home
- Жаңа бизнесін бастау
Өз бизнесіңді Amway-мен бірге баста
Табысыңызды арттырып немесе көптен бері армандағын затыңызды сатып алғыңыз келе ме? Өз әлеуетіңізді ашуға тырысып жүрсіз бе? Отбасыңызға немесе сүйікті ісіңізбен айналысуға уақытыңыз жетпей ме? Бұдан да жақсы өмір сүре алар едім деп ойласыз ба?
Amway серіктесіне айналуAmway өнімдері - бұл
Жоғары сапа стандарты
Меншікті өндіріс
Ілгері технологиялар
Жыл сайын 500 000 астам сынақтар мен тексерулер
Экологиялық, жоғары тиімділік
Кеңейтілген сапа кепілдігі
Біздің бренділер
СҰЛУЛЫҚ
ДЕНСАУЛЫҚ
ҮЙ
БАРЛЫҒЫ
Amway сауда белгілері бүкіл әлем бойынша тұтынушылардың жоғары бағасына ие болды. Біздің сан-алуан түрлі өнімдеріңіздің арасынан талғампаз сатып алушы өзіне міндетті түрде ұнайтын затын таңдап алады. Amway өнімдерін ұсыну және сату оңай әрі жағымды.
Табыс табудың мүмкіндіктері
Біз, Amway-дегілер қажырлы еңбектің лайықты сыйақылануы тиіс екеніне сенеміз. Amway-дің сату мен маркетинг жоспары сізді өнімдерді сатқаныңыз үшін және өзгелерді Amway бизнесіне тура осыны жасау үшін, яғни өнімдерді сатып алып және оларды түпкілікті тұтынушыларға сату, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету ісіне тартқаныңыз үшін сыйақылайды.

Табыс табудың әдістері
1
Өнімдерді сатушыларға сатудан түсетін пайда
Сіз алғашқы табысыңызды өнімдерді жеңілдікпен сатып алып және оны сатып алушыларға каталогтағы бағамен сату арқылы таба аласыз.
2
Жеке жетістіктеріңіз үшін сыйақылар
Сіз өнімдерді өзіңізге арнап және сатып алушыларға сату үшін сатып аласыз және сол арқылы сыйақыларға ие боласыз. Жеке жетістіктеріңіз үшін ай сайынғы сыйақылар сіздің өнімділігіңізге қарай тауар айналымының 3 және 21%-ы аралығында тербеледі.
3
Тіркелген клиенттерге қызмет көрсеткені үшін бонус
Сіз өздеріне өнімдер бойынша кеңес беретін сіздің тіркелген клиенттеріңіздің сатып алған өнімдер көлемінен төленеді.
4
Amway-дің ұзақмерзімді бизнесі дамыту
Өзгелердің табысқа жетуіне көмектесіңіз, сөйтіп сізге көшбасшылық үшін және топтарды құрғаныңыз үшін, сондай-ақ бизнеске серіктестеріңізді тартқаныңыз үшін сыйақы берілетін болады. Сіздің сыйақыларыңыз бен квалификацияңыздың деңгейі жинаған балдарыңыздың санына қарай анықталады.
Ынталандыру бағдарламалары
Amway кәсіпкерлеріне арналған бағдарламалар
Бұл әртүрлі деңгейдегі Амвэй Тәуелсіз Кәсіпкерлеріне арналған қосымша бонустар және әлемнің әртүрлі бұрыштарына есте қалар іскерлік саяхаттарға қатысу мүмкіндігі. Ол үшін сатулар мен бизнесті дамыту бойынша белгілі түрдегі шарттарды орындап шығу қажет.
Интернет-шешімдер мен цифрлық технологиялар
Amway сайттары арқылы сіз электронды кеңсені қолданумен, өнімдерді клиенттеріңізге сатып, өзіңізге және серіктестеріңізге арнап тапсырыс беріп, өз бизнесіңіздің дамуын басқарып және компанияның соңғы жаңалықтарын біліп отыра аласыз.
Amway ұялы және веб-қосымшаларының арқасында барлық қажетті ақпарат кез келген уақытта сіздің смартфон немесе планшетіңізде қол жетімді болады.
Amway-мен бірге алдыңызға батыл мақсаттар қойып, өз бизнесіңізді онлайн бақылап және табысқа жетіңіз!
Старт! —
әріптестіктің алғашқы күндерінен бастап ақпараттық қолдау
Старт! бағдарламасы жаңадан қосылған Амвэй Тәуелсіз Кәсіпкерлеріне арнайы түрде әзірленген. Ол Amway өнімдері жайлы пайдалы ақпарат пен бизнес-кеңестерді ұсынумен, сізді алғашқы айларда сүйемелдеп отыратын болады. Старт! бағдарламасы сайттағы арнайы бөлімді және адрестік таратуды қамтиды.
Серіктес болу
Amway Академиясы
Amway Академиясы* Amway өнімдерінің қасиеттері мен артықшылықтары туралы арнайы материалдарды, сондай-ақ кәсіби білім алуға арналған оқыту бағдарламаларын ұсынады.
Amway Академиясының материалдарын тіркелген клиенттер мен Амвэй Тәуелсіз Кәсіпкерлері тегін пайдалана алады. Материалдар келесі форматтарда қолжетімді:
Көзбе-көз формат
Компанияның кәсіпқой жаттықтырушыларымен бірге
Қашықтық формат
Вебинарлар мен бейнетрансляцияларда жетекшімен бірге
Қашықтық формат
Компьютер немесе ұялы құрылғы арқылы өз бетіңізбен
* Аmway Академиясының қызметі 29.12.2012 № 273-ФЗ «Ресей Федерациясындағы білім беру туралы» ФЗ сәйкес білім беру қызметіне жатпайды. Осы бөлімде көрсетілген оқыту материалдары мен бағдарламалар Amway компаниясы өнімдерінің қасиеттері, оны ілгері жылжытудың және Amway бизнесін Amway компаниясының және әртүрлі елдердің аса табысты 50 көшбасшысының халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып құрудың тиімді әдістері туралы әңгімелейтін кеңес беру және ақпараттық сипатқа ие.
Керемет қызмет көрсету
Amway компаниясы клиенттерге қызмет көрсету саласына үлкен көңіл бөледі. Сіздің туындаған сауалыңызға тез жауап алу немесе сарапшының кеңесін алу үшін компанияда сұратуларды қарастыру мерзімі белгіленген және әрбір қызметкердің жауапкершілігін белгілейтін және бөлімшелердің арасындағы әріптестікті анықтайтын регламенттер қолданылады. Бұл регламенттердің орындалуын Сапаны бақылау бөлімі қадағалап отырады.
8 800 080 55 08
Тәулік бойы жұмыс істейтін жедел хабарласу желісі
infokz@amway.com
Сұрақтар үшін немесе кері байланыс үшін

Жасырын қоңырау шалушы
Әр тоқсан сайын БКО-да «Жасырын қоңырау шалушы» зерттеуі жүргізіліп отырады, оның нәтижесі бойынша қызметкерлерге арналған оқыту бағдарламасы әзірленеді. Мұндай зерттеу барлық Amway орталықтарында жүргізіліп отырады. Amway компаниясы сіздің бизнесіңізге білікті қолдау көрсетуге дайын, сондай-ақ саудаңыздың жағымды болуын тілейді!
Amway-мен бірге өз бизнесіңізді
қалай бастауға болады
қалай бастауға болады
Сіз сатудан, клиенттерге қызмет көрсетуден және басқа Амвэй Тәуелсіз Кәсіпкерлерімен әріптестік жасаудан табыс тауып отырғыңыз келе ме ? Біздің серіктесімізге айналыңыз!
Ол үшін Қазақстан Республикасының салық органдарында ЖК немесе жеке тұлға ретінде тіркеліп және келесі қадамдарды орындау керек болады:
Сайтта тіркелу
Amway сайтындағы тіркелу нысанын толтырыңыз
Келісімшартқа қол қойыңыз
АТК келісімшартын жүктеп алыңыз, қағазға басып шығарып және қол қойыңыз
Құжаттарды Amway компаниясына жіберіңіз
Тіркелуды аяқтау үшін Amway компаниясына құжаттар жинағын жіберіп және тіркелу жарнасын (8 000 тенге) төлеңіз, ол сіздің бірінші тапсырысыңызға автоматты түрде қосылатын болады.
