Nutrilite™
Кальций, Магний, D дәрумені кешені, 90 таб.

₸ 6 505,00
₸ 5 529,005529.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 110605
Салмағы/көлемі: 90 таб.
Мөлшері:

    #kk Этот продукт является частью наборов:

    Барлығын көрсету

    Адам ағзасындағы сүйек тіні дененің салмағының шамамен 18% мөлшерін құрайды. Ол тіреу, қорғау және жинақтау функциясын атқарады.

    Тіреу мен қорғау функциялары дененің қозғалуын және ішкі органдардың бүтін сақталуын қамтамасыз етеді, бұл кальций (99%), фосфор (87%), магний (58%) және басқа элементтердің - фтор, цинк, кобальт сияқты барлық бейорганикалық заттектердің 98%-ға жуығының қаңқа сүйегінде шоғырлануы есебінен орындалады.

    Қаңқа сүйегінің басты функциясы - аса маңызды биологиялық функциялар қатарын (қышқыл мен сілті теңгерімін сақтау, жүйке табыстауына, бұлшық еттің жиырылуына, соның ішінде жүрек бұлшық етінің жиырылуына қатысу және т.с.с.) атқаратын кальций мен магний иондарын ағзаның ішкі ортасымен белсенді түрде алмасуы болып табылады.
    Қаңқа сүйегінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті магний, кальций және D дәруменінің тапшылығы қаңқаның механикалық беріктігінің әлсіреуіне, сүйек сынуы қатерінің артуына, жүрек, бұлшық ет, жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауына әкеледі.

    ЕАЭО аумағының көпшілік бөлігіндегі күн сәулесінің жетіспеушілігі күн сәулесінің әсерінен теріде пайда болатын D дәруменінің тұрақты тапшылығының өрбу қатерін тудыратын фактор болып табылады. ЕАЭО тағамының құрамында кальцийдің негізгі көзі болып табылатын сүт өнімдерінің мөлшері ұсынылатын нормадан 19% төмен (330 кг сүт өнімдерінің орнына орташа статистикалық тұрғыны жылына 267 кг тұтынады).

    Сондай-ақ, тағамның құрамында майлардың көп болуы кальцийді сіңірілуіне кері әсерін тигізетінін ескеру қажет
    NUTRILITE™ кальций, магний, D дәруменінің жиыны – сүйектеріңіздің саулығын сақтаудың ыңғайлы тәсілі

    ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

    Кальций: ірімшік, сүзбе, айран, сүт, жұмыртқа, балық, теңіз өнімдері, сондай-ақ жасыл көкөніс, жаңғақ. Кальций тұтыну көздерінің бірі - ауыз су. Ауыз сумен бірге ағзаға кальцийдің 10-30%-ы (судың кермектігіне қарай) түседі.

    Магний: қарақұмық жармасы, жаңғақтар, үрме бұршақ

    D дәрумені: албырт тұқымдас балықтардың уылдырығы мен еті, нәлімнің бауыры, малдың бауыры, жұмыртқаның сарысы.

    ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

    • Құрамында кальций мол өнімдерді (яғни сүт және сүт өнімдерін, сондай-ақ күңгірт-жасыл жапырақты көкөністі) аз тұтынатын кез келген адам
    • Сүтке және/немесе сүт өнімдеріне аллергиясы бар немесе оларды мүлде тұтына алмайтын кез келген адам
    • 45 жастан асқан әйелдер, 70 жастан асқан қарттар - сүйегі сынған адамдар
    • Күн сәулесі тапшы аймақтарда тұратын адамдар
    • Қосымша кальций көзіне мұқтаж кез келген адам

    Артықшылықтары

    Құрамында табиғи нәрлі үш заттек бар - сүйектің сау күйде сақталуын қамтамасыз ететін кальций, магний және D дәрумені.

    Кальций - сүйек тіні мен тістің негізгі құрылымдық құрамдасы. Кальций тамыр қабырғаларының қалыпты өткізгіштігін қамтамасыз етеді, бұлшық еттің жиырылуы, жүйке жасушалары арасында сигнал берілуі, қан ұюы үшін қажет. Қиын сіңірілетін минералдар қатарына жататындықтан, оның сіңірілуі тағамда магний, фосфор, D дәрумені, ақуыздар мен майлардың бар-жоғына байланысты болады.

    • Қаңқа мен мықты тістің қалыптасуы үшін қажет
    • Нерв импульстерін жіберу үшін қажет

    Магний - күйзеліске қарсы табиғи элемент, адамның сүйегі мен тіс кіреукесінің ажырамас құрамдасы. Магний жүйке жасушалары арасында сигнал беруге қатысады, уыттар мен зиянды заттардың ағзадан шығарылуына ықпалдасады, көмірсу алмасуды қалыпқа келтіреді, сүйектердің сынғыштығы мен кеуектілігін, қан тамырларының қабырғаларында, жүрек клапандарында, бұлшық етте, зәр шығару жолдарында кальцийдің артық шөгуін болдырмайды. Ағзаның тотығудан қорғанатын ішкі жүйесін қолдайды.

    D дәрумені кальций мен фосфаттардың сіңуі үшін қажет, сүйек тінінің толық минералдануына, қаңқаның дұрыс қалыптасуына және сүйек тінінің қалпына келуіне (сүйек сынған жағдайларда) ықпалдасады.

    NUTRILITE™ кальций, магний, D дәрумені жиынының құрамында устрица бақалшағы мен теңіз балдырларынан алынған кальций карбонатының, магний тотығы мен D дәруменінің теңгерімді мөлшері бар, бұл оңтайлы сіңірілу дәрежесін қамтамасыз етеді және ағзаның осы элементтерге деген бастапқы мұқтажын қанағаттандырады.

    Таблеткалардың пішіні жіңішке әрі жұмыр келеді, оларды жұту оңай.

    Құрамында жасанды дәмдеуіш үстемелер, бояғыштар мен консерванттар жоқ.

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.


    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады.

    Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    Барлығын көрсету

    NUTRILITE™ кальций, магний, D дәрумені жиынына екі табиғи көзден алынған, оңай сіңірілетін кальций қосылған:

    • кальцийленген балдырлар - теңіз түбінен алынатын, нәрлі заттар мен минералдарға бай, табиғи теңгерімді құрамдас;
    • кальций карбонаты - жер қойнауынан өндірілетін пайдалы қазба.

    Магний көзі - теңіз суы мен әктастан өндірілетін магний тотығы.

    Өнімнің құрамына кіретін заттектердің басты сипаттары:

    • профилактика үшін кальций, магний, Д дәруменінің оңтайлы мөлшерін сақтау
    • қанда кальцийдің оңтайлы мөлшерін сақтау және жүректің, қаңқа бұлшық етінің, жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету
    • сүйек тінінің механикалық беріктігіне жас ұлғаяч келе әлсіреуінің алдын алу
       
    Барлығын көрсету

    Кальций, магний, D дәрумені

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Әдетте, біз сүйек жүйесіндегі проблемаларымыз туралы тым кеш білеміз. Оның сигналы тістің түсуі немесе сүйектің сынығы болуы мүмкін. Сүйектер — «үндемес» орган, ол әлеуетті қатер туралы сирек дабыл береді. Жағымсыз белгілері — әлсіздік, шаршау, бұлшықеттердің жиі емес тартылуы, аллергияның пайда болуы, сүйектің сыздап ауыруы — ара-тұра ғана пайда болады және ерекше болып табылмайды.

    Сүйек тінін бекітетін компонеттер — кальций, магний және D дәруменіндегі жоғары қажеттілікті талап ететін белгілі бір өмірлік кезеңдер бар. Оларға белсенді өсу орын алатын жасөспірім кезең, жүктілік пен бала емізу, сондай-ақ 35–40 жастан кейінгі мерзім жатады. Сонымен бірге, осы заттардың аса қажеттілігін спортпен белсенді айналысатын немесе жүйке жүктемелеріне шалдыққан адамдар талап етеді.

    Кальцийдің көзге білінбес рөлі жүйке импульсін беруді және қан ұйығыштығын жақсартуды, иммунитеті қалыптастыруды және белгілі бір ферменттер мен гормондарды белсенді етуді қамтиды.

    Сонымен бірге кальцийді тұтыну ол міндетті түрде сүйек тініне баратынына кепілдік бермейді. Оған ол үшін магний мен D дәрумені көмектесуге жаралған. Оларсыз кальций «жолдан тайып», қан тамырларының қабырғасына немесе атеросклероздық түйіншектерге түзілуі мүмкін, ол жүрек-қантамыр асқынуларының туындау қатерін арттырады. Сондықтан белгілі бір пропорциялардағы барлық үш компоненттерден тұратын кешен әсер еткені маңызды. Іс жүзінде прогормон болып табылатын D дәрумені қандағы кальций деңгейін реттейді. Егер кальций жеткіліксіз болса, ол сүйектің бұзылуына және одан кальцийдің шайылуына ықпал етеді. Егер кальций жеткілікті болса, оны остеобласттар — сүйек жасушалары алады. Магний процесті тұрақтандыру үшін қажет. Барлық үш компоненттің үйлесімі бізге әдемі шаш, мықты сүйек, берік тіс пен тырнақ сыйлайды.

    Минералдар көзіне де назар аударған маңызды. LITHOTHAMNIUM CALCAREUM ерекше қызыл балдырының құрамында жеңіл қолжетімді органикалық түрдегі кальций, сондай-ақ магний, фосфор және фтор бар. Сонымен бірге табиғи көздерде әдетте өткізгіш минералдар болады — олар тек кальцийдің жақсы сіңуі үшін ғана емес, сонымен бірге оның ағзада дұрыс үлестірілуі үшін де қажет.

    Amway «Кальций, магний, D дәрумені» ББҚ табиғи көздерден кальций алмасуының барлық үш маңызды элементін — LITHOTHAMNIUM CORALLOIDES және LITHOTHAMNIUM CALCAREUM қамтитын бірегей формуласы ерекшелейді.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    Барлығын көрсету

    ҚҰРАМЫ: КАЛЬЦИЙ КАРБОНАТЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА, МАГНИЙ ТОТЫҒЫ, ҚҰРАМЫНДА 30–34% КАЛЬЦИЙ МЕН 2,3–3,3% МАГНИЙ БАР ТЕҢІЗ БАЛДЫРЛАРЫ – LITHOTHAMNIUM CORALLOIDES ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ LITHOTHAMNIUM CALCAREUM (6,6%), МАЛЬТОДЕКСТРИН, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: КАРБОКСИМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА АЙҚАС БАЙЛАНЫСҚАН НАТРИЙ ТҰЗЫ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГИДРОКСИПРОПИЛМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МАГНИЙ СТЕАРАТЫ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ, ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ ЗАТ: ГЛИЦЕРИН, ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ; ХОЛЕКАЛЬЦИФЕРОЛ (D3 ДӘРУМЕНІ).

    Барлығын көрсету

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері:

    • Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға күніне 3 рет тамақ ішкен кезде 1 таблеткадан қабылдау қажет. 

    Таңертең, күндіз және кешке бір таблеткадан. Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қолдану алдында дәрігермен кеңесіңіз.

    Барлығын көрсету