Nutrilite™
Әйел гармониясы, 120 капс.

₸ 23 395,00
₸ 19 886,0019886.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 100135
Салмағы/көлемі: 120 капсула
Мөлшері:

    Құрамында кешкі жауқазын майлары мен айлаулық дәндерінің бірегей қосындысы, сондай-ақ зімбір тамырының, дәрі балдырғанның, киелі витекс пен апельсиннің сығындылары және каротиноидтер қосындысы бар. Осы өсімдіктердің белсенді заттектері әйелдердің еттеккір циклы кезінде өздерін жақсы сезінуіне ықпал етеді.

    Ресейлік заңнаманың міндетті талаптарына сәйкес NUTRILITE өнімі тек жеке пайдалану үшін ғана сатылады және қайта сатылмайды.
    Осы өнімді Amway Сауда орталықтарында сатып алу

    Артықшылықтары

    • Құрамына кіретін өсімдік майлары ағза үшін орны толтырылмас полиқанықпаған омега-6 майлы қышқылдарын қамтиды, олар метаболикалық процестерге және әйелдердің гормоналды балансын реттеуге қатысады
    • Құрамына кіретін өсімдік майлары эмоциялық күйзеліс пен етеккір келер алды кезеңінің соматикалық және мінез-құлықтық симптомдарын басу қасиеттерімен белгілі

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.


    NUTRILITE™ ТАМАҚҚА ҚОСЫЛАТЫН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАР. ДӘРІЛІК ЗАТ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР. ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІҢІЗ. NUTRILITE™ ББҚ-лары тек жеке пайдалануға арналған. РФ заңнамасының талаптарына сәйкес ББҚ бөлшек саудасы дәріхана мекемелері, диеталық өнімдерді сату жөніндегі арнайы дүкендер, азық-түлік дүкендері (арнайы бөлімдер, секциялар, дүңгіршектер) арқылы жүзеге асырылады. NUTRILITE™ ұсынған ББҚ қашықтан сатылмауы тиіс. ББҚ-лар Тұтынушылар құқығын қорғау және адам денсаулығын қадағалау жөніндегі федералдық қызметінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді. NUTRILITE™ өнімінің затбелгісі ұсынылған бейнеден басқаша болуы мүмкін (заңнама талаптарының өзгерістеріне, сондай-ақ өнімнің формуласының аздап өзгеруіне байланысты).

    Барлығын көрсету

    • Құрамында табиғи өсімдік шикізатынан алынған сығындылар бар.
    • Құрамында полиқанықпаған майлы қышқылдар тобының гамма-линолен қышқылының (ГЛҚ) бай көзі - кешкі жауқазын майы бар
    • Диабетпен ауыратын адамдарға (құрамындағы көмірсулар мен калориялар мөлшері мардымсыз) жарайды*
    • Құрамына кіретін дәрілік шөптердің сығындылары мен каротиноидтер қосындысы ағзаны қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғауға ықпал ететін антиоксиданттармен қамтамасыз етеді.

    * қолдану алдында дәрігермен кеңесіңіз


    Ағзадағы циклдық гормоналды өзгерістер әйел денсаулығына, сұлулығы мен сүйкімділігіне тікелей әсер етеді. Бізде сигналдық молекулаларды басқарудың ешқандай тәсілдері жоқ болғаны ма? Ендеше, құртақандай кішкене бөлшектер біздің көңіл-күйіміз бен жоспарларымызды басқарғаны ма?

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Шындығында бәрі тіптен өзгеше. Егер тамақтану мен өмір салтын жақсартсақ, сондай-ақ рационды белгілі бір нутрицевтиктермен толықтырсақ, күрделі биохимиялық процестерге әсер етуге болады. Тіпті гормондарға да!

    Әйелдер циклы екі негізгі фазаға бөлінеді: фолликулярлық (бұл кезеңде түйінді рөлді эстрогендер ойнайды) және лютеиндік (онда басты гормон прогестерон болып табылады). Осы фазалардың ортасында овуляция орын алады. Әр фазадағы дұрыс сүйемелдеу сүт бездерінің ауыруы мен ісінуі, іштің төмен жағының тартып ауыруы, тәбеттің өзгеруі, циклдың тұрақтылығы, көңіл-күйдің өзгермелігі, құйылу тәрізді симптомдардың пайда болуын төмендетуі мүмкін.

    Тамақтануға да назар аударған маңызды. Бұл жерде қант жағымсыз әсер етеді: ол инсулиннің бөлінуіне стимуляция жасайды. Гормоналды жүйенің барлық элементтері өзара байланысқан болғандықтан, инсулин аналық без гормондарына әсер етеді. Егер көмірсу алмасуын жөндесе, ішкі секреция бездеріне жанама әсер етуге болады. Барлық регуляторлық жүйелердің байланысы цикл кезеңіндегі жайсыздықты да анықтайды. Оның себебі омега-3-полиқанықпаған май қышқылдарының дефициті болуы мүмкін. Олар ерекше цитокиндер синтезінің көзі болып қызмет етеді, олардың регуляторлық қасиеттері циклдың жайлырақ өтуіне ықпал ете алады.

    Жемістер мен көкөністердің құрамында жасұнық бар, ол эстрогендер метаболиттерін шығаруда маңызды орын алатын ішек қызметін қалыптандыруға ықпал етеді. Гормондар метаболизмі мен олардың детоксикациясының барлық кезеңдері бауыр қызметіне тәуелді. Әйелдер үшін барлық органдар мен жүйелерді күтуді қоса алғанда кешенді және толыққанды сүйемелдеуді қамтамасыз ету қажетті. Олардың реттелген қызметі сұлулық пен денсаулыққа әсерін тигізеді.

    Ең маңызды қадамдардың бірі — нутрицевтиктерді нысаналы тағайындау. Әйелдерге арналған теңгерімделген және толыққанды ББҚ гормоналдық фонға оң әсерін тигізуі мүмкін.

    Циклдың бірінші фазасында балдырған сығындысы (дәрілік аюбалдырған, «әйел адамтамыры») пайдалы. Ол етеккір циклын қалыптандырады, жағымсыз симптомдардың белгілерін төмендетеді және спазмды азайтады. Аюбалдырғанның табиғи кумариндері қан айналымын күшейтеді — ол кіші жамбастағы қан іркілісін жоюға мүмкіндік береді. Осы өсімдіктің екінші атауы — «әйел адамтамыры» — шығыстан келген. Ол балдырған либидоны қалыптандыруға көмектесетінін және гормоналдық теңгерімді қалпына келтіретінін білдіреді.

    Етеккір циклының екінші фазасында, 12–14 күннен бастап айдың аяғына дейін, кешеннің тағы бір құрамдасы — қасиетті витекс (изен, целомудренник, «Авраам ағашы») ерекше орын алады. Оның арқасында етеккір алды синдромындағы ісіну төмендейді және жалпы қабыну азаяды.

    «Әйел гармониясы» биологиялық белсенді қоспасының формуласы циклдың екі фазасын да оңтайландыратын және толтыратын фитобелсенді заттарды үйлестіреді. Осындай теңгерімделген құрам өте сирек кездеседі. ББҚ өмірлік позициясы белсенді репродуктивті жастағы жас келіншектерге, цикл уақытында жайсыздық сезетін қыздарға, және климакс кезінде және менопауза кезеңінде жасы үлкендеу әйелдерге жарайды.

    Әйелдер кешеніне кіретін пайдалы компоненттерді бурачник (энотера) майы толықтырады. Ол өте сирек гамма-линолен қышқылының (ГЛҚ) көзі болып қызмет етеді. Негізі, омега-6-май қышқылдары айтарлықтай жиі кездеседі, алайда дәл ГЛҚ таралмаған деуге болады. Онсыз ағза үшін ең әсерлі қорғаныш құралдарының бірі — Е1 простагландинінің синтезі мүмкін емес. Ол мерзімінен бұрын қартаюдың, қабыну және аутоиммунды процестерінің алдын алады. ББҚ компоненттері хал-жағдайға әсер етеді және циклды қалыптандыру үшін қажет.

    Соя лецитині жасушалық мембраналардың, оның ішінде әйелдер жыныс сферасы жасушаларының маңызды компоненті болып табылады. Кешенге сондай-ақ антиоксиданттар да кіреді — цитрус тектестер, каротиноидтер қоспасы — себебі жасушалар асқынтотығуға айтарлықтай сезімтал.

    «Әйелдер гармониясы» әйелдер циклын қамтиды және ағзаны гормоналдық өзгерулердің бүкіл кезеңдерінде қорғайды деген тұжырым жасауға болады.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Эмвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    Барлығын көрсету

    Желатин, дәрілік айлаулық майы (Borago officinalis), кешкі жауқазын майы (Oenothera biennis), ылғалды ұстаушы агент: глицерин; зімбір тамыры (Zingiber officinale), бірінші сығылған зәйтүн майы, жылтыратқыш: сары ара балауызы; мальтодекстрин, қытай аюбалдырғанының сығындысы (Angelica sinensis), киелі витекс жемістерінің сығындысы (кәдімгі изеннің) (Vitex agnus-castus), соя лецитині, апельсин сығындысы (Citrus sinensis), бояғыш: IV қант колері, каротиноидтер қосындысы.

    Барлығын көрсету

    Тамақ ішкен кезде күніне 1-ден 4 капсулаға дейін.
    Қабылдау ұзақтығы – 1 ай. Қажет болса қабылдауды қайталауға болады.
     

    Барлығын көрсету