Artistry Intensive Skincare™
«14 түн» қалпына келтіру бағдарламасы

₸ 83 795,00
₸ 71 226,0071226.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 123776
Салмағы/көлемі: 14х1,5 мл
Мөлшері:

    14 ТҮН ТЕРІНІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БАҒДАРЛАМАСЫ – ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE ЖАҢА ҚАРҚЫНДЫ КҮТІМІ

    Күн сайын бір ғана жасушаңызда ДНҚ деңгейінде 40 000-нан аса зақымдар орын алып, уақыт өте жинала береді. Жасушалар, оның ішінде зақымдалғандары да тұрақты түрде экспоненталы бөлініп отыратындықтан, тері денсаулығын қамтамасыз ету үшін, зақымды бастапқы көзінен жойған өте маңызды.
    ARTISTRY INTENSIVE SKINCARE14 түн бағдарламасы – тері сұлулығы мен денсаулығын жылдам әрі толық қалпына келтіру және сақтау әдісі.

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.

    Барлығын көрсету
    ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІҢІЗ
    ЖАСУШАНЫҢ ТАБИҒИ КҮШІН ОЯТЫҢЫЗ
    Phyto-3 Cica Blend азия центелласы бар кешенмен күшейтілген ультра терең түнгі әрекет технологиясы құралдың терінің терең қабаттарына еніп, оның күшін жасушалық деңгейде оятуға мүмкіндік береді.
    ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН КЕЗІҢІЗДЕ
    Құрал жасушаның бұрыннан бар зақымдарын қалпына келтіру тиімділігін* 150%-ға арттырып, жаңа зақымдардан қорғанысын 217%-ға күшейтеді.
    1-ТҮННЕН КЕЙІН
    Оңтайлы қорғаныс кедергісін жасау есебінен ылғалданған, тегісірек және жұмсақ тері.
    4-ТҮННЕН КЕЙІН
    Тері реңкі мен бет түсінің айқын жақсаруы.
    7 ТҮННЕН КЕЙІН
    Тері тегістігінің айтарлықтай артуы.
    10 ТҮННЕН КЕЙІН
    Тері иілгіштігінің қалпына келуі.
    14 ТҮННЕН КЕЙІН
    Тері реңкінің айтарлықтай тегістелуі, тері біркелкілігі мен бет түсінің жақсаруы, қызарулар мен тітіркенулерден арылуы, ұсақ және мимикалық әжімдердің азаюы**.
    ӨЗГЕРІҢІЗ
    1 ғана қолданыстан кейін айтарлықтай нәтиже және 14 түннен кейін таң қаларлық өзгеру.
    ҚАЙТАЛАҢЫЗ
    Оңтайлы нәтиже алып, әсерінің ұзақ сақталуы үшін курсты 3 ай сайын қайталаңыз. Тұрақты пайдалансаңыз, теріңіздің саулығы мен жастығы сақталады.
    *Жасушалардың қуаты және тері эпидермисі деңгейіндегі терең енуі.
    **Тері құрғақтығынан пайда болады.
    Барлығын көрсету
    Phyto-3 Cica Blend кешені — терінің өздігінен тиімді қалпына келуіне көмектесіп, тыныштандыратын және жұмсартатын өсімдіктер қоспасы*.
    Ол келесі өсімдіктер сығындыларының мұқият салыстыра тексерілген пропорцияларынан тұрады:
    1. Азия центелласы;
    2. Эхинацея;
    3. Гүлшетен.
    Phyto-3 Cica Blend қоспасы бірегей пайдалы құрамымен белгілі:
    • Терінің табиғи реакцияларын 200 %-ға арттырады*.
    • Эпидермис жасушаларының жаңаруын 150 %-ға жеделдетіп, зақымдалған теріні қалпына келтіруге көмектеседі**.
    • Терінің қалпына келу қасиетін арттыруға көмектесіп, 80 %-ға тиімдірек тыныштандырады*.
    • Теріні тыныштандырып, тітіркендіргіш факторлардың зиянды әсерінің алдын алады*.
    • Тітіркенуін азайтып, терінің сау қалпын қайтарады*.
    • Теріге нәзік күтім жасайды.
    *Зертханалық жағдайлардағы сынақтар.
    **Phyto-3 Cica Blend кешенінің күтілмеген және күтілген тері жасушаларына зертханалық жағдайлардағы сынақтары, тері эпидермис деңгейінде қалпына келеді.
    Барлығын көрсету
    Artistry Intensive Skincare 14 түн қалпына келтіру бағдарламасы 14 рет қолдануға арналған 14 құтыдан тұрады.
    1. Тазартып, сергіткен соң, бір құты ішіндегіні бет пен мойын терісіне жағыңыз.
    2. Құтыны саусақ ұшымен басып, теріге жеңіл қозғалыстармен төменнен жоғары қарай жағыңыз. Құрал толық сіңгенше жеңіл қаққылай отырып, таратыңыз.
    3. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін құтыны түгел қолданыңыз. Құралдар бет пен мойын терісін терең ылғалдандыруға жетеді. Құралдың артығын білектің сырт жағына немесе декольте аймағына жағуға болады.
    4. 14 түн қалпына келтіру бағдарламасы қарапайым сарсуды алмастырады. 14 түн қалпына келтіру бағдарламасынан кейін басқа сарсуды жақпаңыз.
    5. Қалауыңызға қарай кез келген Artistry™ түнгі ылғалдандырғыш құралын жағыңыз.
    6. Таңертең өзіңіздің қарапайым күтім бағдарламаңызды орындаңыз.
    Назар аударыңыз: 14 түн қалпына келтіру бағдарламасын пайдаланған кезде теріні келесі құралдармен артық жүктемеңіз: Intensive Skincare әжімге қарсы нығайтатын сарсуы, С дәрумені мен гиалурон қышқылы бар құрал, Intensive Skincare желісінің жаңартатын пилингі және Artistry Signature Select™ қабыршақтандырғыш маскасы. 14 түн қалпына келтіру бағдарламасын аяқтаған соң осы құралдарды қолдануды жалғастыруға болады.
    ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ РЕТІ
    14 түн қалпына келтіру бағдарламасы — Artistry™ күтім жүйесіндегі КҮТІМ қадамы. Ол 14 күндік бағдарламаны пайдаланған кезде басқа күтім көрсететін түнгі құралдарды алмастырады.
    ТАҢЕРТЕҢ: тазарту > сергіту > қарапайым сарсу жағу > ылғалдандыру.
    КЕШКЕ: тазарту > сергіту > 14 түндік күтім бағдарламасын пайдалану > ылғалдандыру.
    Барлығын көрсету