Сетевой маркетинг

Amway: секта емес, желілік маркетинг

6 маусым 2023

Қазақстанда 2013 жылы пайда болған дүние жүзіне белгілі американдық Amway компаниясы бүгінде елімізде аса танымал болып келеді. Артқа көз тастай отырып, өнімдерді ілгері жылжытудың батыс стратегияларына үйренбеген қазақ сатып алушысының ойында мұндай тәсілге қатысты сауалдар ұзақ уақыт бойы туындап отырды. Amway бизнесінің маркетингілік тұжырымдамасы қазақстандықтар үшін жаңалық болып отырды, сол себептен оларға компанияның саясатын түсіну үшін уақыт қажет болды. Ал компания ұстанатын өткізу стратегиясы – бұл еліміздің түрлі салаларында қолданысқа ие болып үлгерген желілік маркетинг болып табылады. Және, әлбетте, бірнеше жылдар өте келе ешкімде Amway желісінің қызметіне қатысты күмән туындамайды.

Дегенмен алғашқы уақыттарда «Amway – секта» немесе «Amway – пирамида» деген пікірлерді естуге болатын, аталған ұғымдарды тиісті түрде зерделейтін болсақ, мұндай пікірлердің ешбір негізі жоқ. Amway – бұл жай ғана секта деген пікірдің ақиқатпен еш қатысы жоқ. Және мұның себебі толып жатыр.

Қаржылық пирамида дегеніміз не?

Шын мәнінде қаржылық пирамида – бұл жоқ компания, ол ешнәрсе өндірмейді және ешнәрсе сатпайды, ол адамдарды мақсатты түрде алдайды. Әрбір жаңадан келген қатысушы «жобаны дамытуға» ақшалай үлес қосуға міндетті – дәл осы ақша өзінен бұрын келген қатысушыларға «табыс» төлеуге жұмсалады. Бұл жағдайда инвесторлар істің шынайы мән-жайы туралы хабардар етілмейді. Әдетте, оларға пайда әкеліп отырған жоқ активтер жайлы айтып жатады. Ашық және түсінікті құжаттар, сондай-ақ нақты табыс көзінің атауы жоқ: қатысушылар жобаға ақшаны өз қалауы бойынша, қандай да бір кепілдіксіз салып отыруға міндеттенеді. Өзінен-өзі белгілі болғандай, қаржылық пирамида ұзақ өмір сүре алмайды: бұл істің шарттары бойынша міндеттемелер ешқашан толығымен өтелмейді және ең соңғы қатысушылар қалай болғанда да залал шегеді. Және жоба неғұрлым ұзақ уақыт жұмыс істеген сайын, олар да соғұрлым елеулі болады.

Қаржылық пирамиданы құру және дамыту алаяқтық болып табылады, сол себептен Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде заңға қайшы, ал кейбір елдерде мұндай заң бұзушылық ең қатаң жазалау шарасына әкеледі.

Amway бизнесінің Қазақстан мен бүкіл әлемдегі мәртебесі

Пирамида-компаниялармен салыстырғанда, Amway бизнесінің құрылымы, оның ақпараттық саясаты, өнімдерді өндіру мен ілгері жылжытудың ерекшеліктері – кең жұртшылыққа қолжетімді болып келетін аспектілер. Ең ірі дистрибьютор деген ресми мәртебеге ие болуына, жаһандық қамту және ақпараттың толықтай ашықтығына орай қандай да бір алдау мүмкін болмайды. Қазақстандық нарықта Amway компаниясы ұқсас тауарларды өндіреін басқа көптеген компаниялардан едәуір өзгешеленуде; бұл өнімді өткізу арнасының ерекшеліктеріне орай орын алуда. Заң тұрғысынан алғанда компанияның қызметі дәстүрлі болып табылады.

Дәлелдеуші фактілер

Amway компаниясының миссиясы – адамдардың өмірін бұрынғысынан жақсарту. Дәл осы сапалы тауарларды ғана шығаруға деген талпынысы Amway компаниясына әлемге танылып және массмаркет ұсыныстарының арасында тиімді түрде ерекшеленуге мүмкіндік берді.

  • Компания өзінің жарты ғасырдан артық қызмет еткен уақыт ішінде сұлулық пен денсаулықты қолдауға, сондай-ақ үйдегі тазалық пен реттілікті қамтамасыз етуге арналған 500-дей бірегей жені пайдалы өнімдерді шығарды.
  • Amway компаниясы жұртшылықты өз қызметінің ерекшелігі жайлы ашық түрде хабардар етіп отырады: оның бүкіл әлем бойынша өндірісті қамтамасыз етумен 15 меншікті зауыты жұмыс істеуде. Компанияның өнімдері толығымен мерзімді сынақтардан және мемлекеттік сертификаттаудан өткізіліп отырады (құжаттар біздің ресми сайтымызда әр тауардың парақшасында қол жетімді).
  • Компанияның 100 астам зертханасы бар ғылыми институттары тауарларды қауіпсіз әрі тиімді етуге арналған әзірлемелермен белсенді түрде айналысуда.
  • Amway-дің 4 органикалық фермасы бар, оларда өндірісте қолданылатын дақылдар өсіріледі. Егіншілік жұмыстары химикаттар мен зиянды тыңайтқыштарды қолданусыз ұйымдастырылған, соның арқасында компания құрамында табиғи және зиянсыз құрамдас заттарының мөлшері жоғары болып келетін экологиялық таза өнімді шығарады.
  • Компания 2 қазақстандық қауымдастықтың мүшесі болып табылады, олардың арасында Қазақстан Республикасындағы Американдық сауда палатасы және Қазақстан Республикасының Тікелей сатылымдар қауымдастығы.
  • Компанияда бүкіл әлем бойынша 17 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

Компанияның қызметі бірегей және сапалы өнімдерді өндіру тұрғысынан алғанда барынша ойластырылған болып келеді; бұл тұрғы Қазақстан үшін стандартты болып табылмайды, себебі кең түрде қолданылмайды. Amway компаниясы танымалдығының құпиясы осыда.

Американдық компанияның өнімдерді өткізу стратегиясы да қазақстандық менталитет үшін әдеттен тыс болып келеді, дегенмен де ол өзінің толықтай тиімділігін дәлелдеп отыр, себебі компания мақсаттарының біріне барынша қол жеткізуге мүмкіндік беруде: сатып алушылар өнімді сатып алудың алдында өздері сынап көре алады. Бұл шынымен де маңызды, себебі компанияның тұжырымдамасы жайлы көбірек білуге, ерекше қамқорлық пен жайлылық атмосферасына бөленуге және Amway әлемінің бір бөлігіне айналуға мүмкіндік береді. Ол үшін компания өзінің тәуелсіз кеңес берушілерінің желісін – өнімдерді жақсы білетін, өз ісін сүйетін және өнімдер мен компанияның құндылықтарын насихаттайтын белсенді адамдарды дамытып отырады.

Amway желілік маркетингі

Адам жаратылысына орай жаңа және үйреншікті емес заттың барлығын сырт айналып жүреді. Желілік маркетингіге немесе МЛМ-ге қатысты (ағылшын тілінен multilevel marketing, MLM) дәл осындай жағдай орын алады. Өткен ғасырдың ортасында американдық кәсіпкермен ойластырылған көп деңгейлі маркетингтің бизнес-үлгісі тауардың тікелей сатылымдарын көздейтін. Сатып алушыға тауарды әдеттен тыс түрде: дүкеннің сөресінен емес, каталогтан таңдап алу ұсынылатын. Үлгінің негізін қалаушы клиентке тауарды сынап көруді, оның пайдалы қасиеті туралы және оның қалай шығарылғаны туралы айтып беру қаншалықты тиімді екендігін түсінген болатын. Бұл жағдайда сатып алушы компания мен оның өнімдері туралы кез келген сауалдарға жауап алып отыратын. Оған қоса, ендігі уақытта дүкен аралауға және қажетті тауарды іздеуге уақыт шығындаудың қажеті болмайтын. Әлбетте, МЛМ-ның бұл артықшылықтарының адамдарды тартуға және сектанттардың қызметімен байланысты қандай да бір мәжбүрлі іс-қимылдарға ешбір қатысы жоқ. АҚШ-та желілік маркетинг тез арада өмірдің үйреншікті бөлігіне айналды. Қазақстанда ол бірнеше ондаған жылдардан кейін пайда болды және өнімдердің каталогтарын ұстаған тәуелсіз кеңес берушілер пирамида-сектамен жағымсыз ассоциацияларды тудыруын тоқтату үшін жылдар қажет болды. Уақыт өте келе Қазақстандағы тұтынушылар батыстың тәсілін бағалап және оны шынымен де ыңғайлы деп тапты.

Менің Amway орталығым және интернет-дүкені

Amway үнемі түрде дамып отырады, оның алдына қойған мақсаты сатып алушыларға жақындап және олармен өзара іс-қимылды барынша жайлы ету. Ендігі уақытта Amway өнімдерін тәуелсіз кәсіпкерлерден ғана емес, сондай-ақ баршаға үйреншікті екі әдіспен: сауда орталықтары мен ресми интернет-дүкенінен сатып алу мүмкін болды, ол жерде компанияның клиенттері тікелей сайтта сауда жасап және сатып алған затын есігіне дейін жеткізу қызметін пайдалана алады.

Amway-дің меншікті сауда орталықтары әдеттен тыс форматқа ие: сауда залы нақты бір сауда белгісіне сай безендірілген кішкентай аралдарға бөлінген. Сондай-ақ келушілердің шеберлік сабақтарын жүргізуге арналған студияларды, жұмыс істеуге, кеңес беруге арналған аймақтарды және келіссөз бөлмелерін пайдалануына болады.

Amway бизнесін ұйымдастыру

Бүгінде әркім Amway Тәуелсіз Кәсіпкеріне (АТК) айналумен бизнесін нөлден бастай алады. Amway-мен өз бизнесін құру шешімі – әркімнің өз шаруасы; сіз сайтымыздан бизнесті бастау үшін қажет болатын барлық ақпаратты алып, сондай-ақ құжаттармен таныса аласыз. Ең алдымен салық органынан ЖШС немесе ЖК мәртебесін алып, Amway сайтында тіркелу рәсімінен өтіп, компаниямен шарт жасасып және 8000 теңге жарна төлеу қажет. Егер тіркелгеннен кейін 30 күн ішінде жиынтығы 200 ұпайды құрайтын өнімдерді сатып алсаңыз, жарна төлеудің қажеті болмайды.

Amway кәсіпкерлері жеке бизнесті қалай тиімдірек түрде жүргізуге болатыны туралы оқудан өтеді. Сіздің табысқа жетуіңіз дәл осы семинарларда алған біліміңізге, іскерлік этикаңыз бен процеске кірігу дәрежеңізге байланысты болады. Әлбетте, америкалық арманға әркім қол жеткізуді қалайды және оған табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында жетуге әбден болады. Коммерциялық қызығушылық жоғары нәтижелілік үшін сыйақылардың сан-алуан түрлерімен ұсынылған: тауар айналымының 21%-на дейінгі қаламақылар, дербес жеңілдіктер, АТК деңгейін ілеспе жаһандық мүмкіндіктермен – шетелге мерзімді түрде сапар жасаумен және түрлі бонустар алумен арттыру.


Сондай-ақ біліңіз: