Бизнес-жоспарды қалай құруға болады?

Сіз шағын бизнес ашуға шешім қабылдадыңыз деп елестетіп көріңіз. Сіз бірінші кезекте не істейсіз? Кеңсе жалдайсыз ба? Команда жинайсыз ба? Өнім сатып аласыз ба? ЖК тіркеу керек пе? Жаңадан бастаған кәсіпкерлердің басында көптеген ретсіздіктер мен сұрақтар орын алады. Өйткені олар шынымен де бірінші кезекте не істеу дұрыс екенін және неден толығымен бас тарту керектігін білмейді. Мысалы, тәжірибелі кәсіпкерлер өз сұхбаттарында кеңсені қалай жалға алғаны, жөндеу жұмыстарын жүргізгені, жиһаз сатып алғаны, содан кейін жұмыс үшін кеңсенің мүлдем қажет еместігін білгені туралы өз қателерімен бөліседі. Жақсы жоспарлау уақытты, ақшаны және күш-жігерді үнемдеуге көмектеседі. Бизнес-жоспарды қалай құрастыру керегі туралы біздің мақалада талқыланады.

Бизнес-жоспар дегеніміз не?

Негізінен бұл қадамдық бағыт-бағдар. Ол жобаның өзі туралы, сондай-ақ бәсекелестер және тұтастай алғанда қызмет саласы туралы барлық ақпаратты құрылымдауға көмектеседі. Сондай-ақ қысқа және ұзақ мерзімді перспективада компанияның одан әрі дамуын болжауға көмектеседі.

Жаңадан бастаған кәсіпкердің бағыты келесі құрылымға ие болуы мүмкін:

  • жобаның тұжырымдамасы (бренд миссиясы);
  • мақсатты аудитория;
  • нарықты және негізгі бәсекелестерді талдау;
  • бәсекелестерден айырмашылығы;
  • қаржыландыру;
  • масштабтау болашағы;
  • ілгері дамыту стратегиясы;
  • қауіп-қатерді бағалау;
  • болжалды кіріс.

Бизнес-жоспардың мақсаты

Бизнес-жоспар құрудың негізгі міндеті - жоба туралы барлық ақпаратты сұрыптау, сонымен бірге идеяның өмірлік қарқындылығын тексеру. Сіз өзіңізді «о, мұндай компанияны ұйымдастыру қандай жақсы болар еді» деп ойлап жатқанда, бұл ой жай ғана ой болып қала береді. Сіздің қиялыңызда сіз бір идеяға тұтас империя құра аласыз. Бірақ оны іске асыруды бастау сол-ақ, тез арада (немесе бірден емес) жүзеге асыру тек шығын әкелетіні белгілі болады. Нәтижесінде сіз уақытты, ақшаны және өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтасыз. Қайтадан бастау керек пе? Келесі идея сәтсіз болса ше?

Өзіңізден де, идеяларыңыздан да көңіліңіз қалмау үшін жоспар құру керек. Сізге бір ой кеді ме? Тамаша, кем дегенде қарапайым картаны сызыңыз: құрамдас бөліктері, мақсатты аудитория, бәсекелестер, қаржыландыру. Бұл кезеңнің өзінде мысалы, қалада әлеуетті тұтынушылар жоқ немесе аз екенін көруге болады. Демек, сіз бизнес бағытын өзгертуіңіз керек, немесе пайдаңыз көбірек тиетін жерге баруыңыз керек.

Мужчина работает за ноутбуком

Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкердің жеке пайдалануына арналған құжат. Оны еш жерде тіркеу, бекіту және мақұлдау қажет емес. Кез келген уақытта жоба талап ететін өзгерістерді енгізуге болады.

Айта кету керек, жоспарлаудың тағы бір міндеті бар, оның шағын бизнеске қатысты аз. Егер сіз үлкен қаржыландыруды қажет ететін ауқымды жобаны құрумен айналысатын болсаңыз, сізге салымшыларды тартуға тура келеді. Салымшылар бәрі анық және түсінікті болғанды жақсы көреді. Олар өнімнің ерекшелігі неде екенін және ол оларға қандай пайда әкелетінін түсінгісі келеді. Сондықтан салымшылармен кездесуде өз даму жолыңыздың егжей-тегжейлі сипаттамасын жеткізу өте маңызды.

Бизнес-жоспарды өздігіңізден қалай құруға болады?

Жоспар құруда көмек алу үшін сіз осы салада қызмет көрсететін тәжірибелі кәсіпкерлерге немесе кеңесшілерге жүгіне аласыз. Егер қаражат шектеулі болса, сіз біздің кеңесімізге сүйене отырып, өз бизнесіңізді құрудың бағытын дербес жасай аласыз.

Түйіндеме

Бұл бөлімде сіз өзіңіздің іске асыру тұжырымдамаңызды жазуыңыз керек. Сіз не жасағыңыз келеді, қандай қызмет көрсеткіңіз келеді, бизнесіңіздің мақсаты қандай, ол кімге және не үшін қажет. Әдетте адамдар қандай да бір мәселені өз бетінше шешу үшін өнімді сатып алады. Сіз бұл мәселені тауып, жобаңыз оны қалай шеше алатынын сипаттауыңыз керек. Сатып алудың екінші мақсаты - өнімді иеленумен бірге келетін мәртебе. Бір есік бекіткіші бар делік. Бұл зат не үшін? Ілмектің болуы сізді басқалардың көз алдында мерейіңізді асқақтатуы екіталай. Есесіне ол үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Бірақ сәнді кроссовкалар достардың ортасында сенімдірек сезінуге және сәнқой көрінуге көмектеседі.

Егжей-тегжейлі жазыңыз: мақсатты аудитория ретінде кімді көресіз, олардың қажеттіліктері қандай және сіздің жобаңыз оларды қалай қанағаттандырады. Сондай-ақ, іс өрге жүзген жағдайда, сіз және сіздің қаржыландырушыларыңыз неге ие болатынын көрсетіңіз. Табысты нәтижені болжау адамдарды қаржылық қолдауға итермелейді және бұл сізді әрекетке және идеяңызға сенуге итермелейді.

Нарық және бәсекелестерді талдау

Егер сіз суперинновациялық нәрсе жасамасаңыз, нарықта ұқсас өнімдері мен қызметтері бар компаниялар бар екені мәлім. Сіздің міндетіңіз олар туралы барлық қолда бар ақпаратты жинау және оны талдау. Бәсекелестердің өнімдері сіздің идеяңыздан қалай ерекшеленеді? Олардың тұтынушылары қаншалықты көп? Бұл салаға сұраныс бар ма? Бәсекелестіктен ерекшелену үшін жобаңызға не енгізе аласыз?

На столе лежат блокнот с ручкой, очки и графики

Мысалы, қолдан жасалған сабын нарығын талдай отырып, сіз бұл сұранысқа ие сала екенін байқадыңыз, ерекше өнімге қызығушылық танытқан потенциалды сатып алушылар көп. Тек мұнда шеберлер бірдей пішіндерді қолданып, бірдей қылып тауарларды түссіз орамаға қаптайды. Біреудің артықшылығы бар - ол төмен баға, біреудің түпнұсқа рецептері бар, біреу тек көтерме саудамен айналысады. Сізде қандай қасиет болады? Ешкімде жоқ сабынға арналған қалып таба аласыз немесе оның өндірісіне тапсырыс бере аласыз. Сондай-ақ стильді қаптаманы қосуға болады - түссіз пленканың орнына қағаз қималары мен авторлық жапсырмасы бар қолөнер қораптарын пайдаланыңыз. Сондай-ақ сыйлық ретінде сіздің шеберханаңыздың символына айналатын шағын кәдесыйды жанына қосуға болады. Бәсекелестеріңіздің күшті жақтарын білетін болсаңыз, өзіңіз үшін идеяларды жасау оңайырақ болады.

Маркетингтік жоспар

Бәсекелестерді талдағанда, олардың жарнамалау үшін қандай арналарды пайдаланатынына назар аударыңыз. Яғни олар тұтынушыларды қалай тартады. Мүмкін бұл әлеуметтік желілердегі кәсіби фотолар болуы мүмкін? Шынында да, кейде жоғары сапалы фотосуреті сияқты ештеңе оның өнімді сатып алуға деген қатты ықылас тудырмайды. Сіз артықшылықтар мен жоғары сапа туралы қалағаныңызша жаза аласыз, алайда, егер сурет кешке шамның жарығында және айқындығы реттелмей түсірілген болса, әлеуетті сатып алушының бас тартуы ықтимал. Бәсекелес алға жылжыту үшін таргетингті және басқа құралдарды пайдаланатынын тексеріңіз.

Маркетингті жоспарлау кезінде мақсатты аудиторияға негізделу де маңызды. Бұл адамдар кімдер және оларды қайдан табуға болады? Мысалы, сіз хош иісті шам жасайсыз. Сіздің мақсатты аудиторияңыз эстетиканы жақсы көретін қыздар болуы мүмкін. Олар аксессуарлар мен интерьер элементтерін мұқият таңдайды, қызықты бөлшектерді жақсы көреді. Бұл жағдайда маркетингтік стратегияның бір бөлігі таргет, әлеуметтік желілерде шам ұтыстары және сіздің шамдарыңызбен стильді суретке түсіретін фотографпен бірлесіп жұмыс істеу, осылайша тұтынушылардың қызығушылығы артуы мүмкін.

Өндіріс жоспары

Бұл тармақ өнім өндірумен айналысуды көздегендер үшін маңызды. Жобаны жүзеге асыру үшін қандай ресурстар қажет болатынын анықтау қажет. Яғни, қандай станоктарды, құралдарды, шығын материалдарын сатып алу керек. Сондай-ақ, сіз өз өндірісіңізді қалай жабдықтайсыз: біріншіден, негізгі құралдарды сатып алып, қолмен бірдеңе жасауды бастаңыз, содан кейін ғана процесті автоматтандырыңыз немесе дереу станоктарды сатып алыңыз.

Девушка пишет в блокноте и кладет монетку в копилку

Жұмыс процесін ұйымдастыру

Бұл тармақта сіз бизнесті ашу кезінде жасайтын қадамдарыңыздың ретін белгілеуіңіз керек. Ол былай көрінуі мүмкін: жеке кәсіпкерді тіркеу, жұмыс орнын жалға алу, бөлмені жөндеу және арнайы техникамен жабдықтау, әлеуметтік желіде жобаны жариялау, өндіріс орнын ашу, тапсырыс қабылдау, кеңейту. Әрбір кезең үшін іске асыру мерзімін қарастыру қажет.

Қаржылық жоспар және тәуекелдерді болжау

Мұнда егжей-тегжейлі есептеп, мазмұнын құрастыра отырып, компанияның қаражатын жоспарлау керек. Негізгі шығындардың екі түрі бар: бір реттік және қайталанатын. Бір реттік шығындардың мысалы жабдықты сатып алу болады - сіз бір станокты сатып алдыңыз және әрі қарай жұмыс істей аласыз. Қайталанатын шығындар шикізатты сатып алуды, жалдау ақысын төлеуді, коммуналдық қызметтерді және т.б. анықтайды

Тиімділікті бағалау

Әрине, ешкім сіздің бизнесіңіздің қалай жүретінін 100% дәл болжай алмайды. Дегенмен, қандайдабір болжам жасау керек. Ал екеуі тіпті жақсы. Елестетіп көріңізші, ісіңіз өркендеп, барлық жоспарлар ең қолайлы түрде жүзеге асырылуда. Бұл сценарийде сіздің бизнесіңіз қандай болар еді? Ол қанша пайда әкеледі? Енді сіз нені мақсат ету керектігін білесіз.

Екінші болжам – қуантарлық емес. Өнім тұтынушы талабына сай емес болып шықты, ұсынылуы дұрыс емес, сатып алушылар жоқ, жабылу керек. Елестеттіңіз бе? Жақсы. Бұл болжам «ішкі сыншыны» тыныштандыру үшін қажет. Сіз сәтсіздікті басыңыздан кешіріп болған кезде, шын мәнінде, қорқынышты ештеңе болмағанын мойындау оңайырақ - сіз тірісіз және жұмысты жалғастыра аласыз. Енді «ішкі сыншы» үнсіз қалады, ал сіз өз бизнесіңізді сәтсіздікке ұшыраудан қорықпай құра аласыз.

Дайын бизнес-жоспарды пайдалануға болады ма?

Әрине, дайын жоспарлар тиімді болуы мүмкін. Оларды өз ісінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізген басқа да кәсіпкерлер сынақтан өткізіп үлгерді. Сондықтан сіз бизнес-жоспарды құрастыруға уақытты үнемдей аласыз және қадамдық нұсқауларды пайдалана аласыз.

Мұндай шешімнің мысалы ретінде жаңа серіктестер үшін әзірленген Amway компаниясындағы бизнес-жоспарлау - Бизнес Плюс+ бағдарламасы болып табылады.

Барлық Amway тәуелсіз кәсіпкерлеріне бастапқыда дайын бизнес жүргізу жоспары беріледі. Алғашқы айларда жаңадан келгендер ыңғайлы форматта өнім туралы пайдалы ақпаратты, сондай-ақ тәжірибелі кәсіпкерлерден бизнесті жүргізу жайлы кеңес алады. Бұл тәсіл кез келген жаста және тікелей сату тәжірибесісіз компанияның серіктесі болуға мүмкіндік береді.

Amway Бизнес Плюс+ бағдарламасының мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Себебі, көбінесе адам өзінің кәсіпкерлік жолында жалғыз қалады. Алғашқы қиындықтармен бетпе-бет келіп, арқа сүйер ешкімді таппайды. Бизнес Плюс+ бағдарламасы тәлімгер ретінде әрекет етеді, өз бизнесіңізді құрудың қиын кезеңдерін еңсеруге және бастаған ісіңізді тастамауға көмектеседі. Оның арқасында тәуелсіз кәсіпкер өсудің әрбір деңгейін сәтті еңсеріп, өз ісінде табысқа жетеді.

Сонымен қатар, Бизнес Плюс+ бағдарламасын орындау арқылы компания серіктестері Amway маркетингтік жоспары бойынша сыйақыларымен қатар қосымша табыс таба алады. Осылайша, тұтынушыларыңыздың сатып алу құнының 10% дейінгі үлесі сізге қайтарылады.

Amway тәуелсіз кәсіпкері болыңыз және бизнесіңізді дамытудың дайын жоспарына ие болыңыз!