Nutrilite™
Бауыр актив, 60 таб.

₸ 11,130.00
₸ 9,460.009460.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 100352
Салмағы/көлемі: 60 таблеток
Мөлшері:

    #kk Этот продукт является частью наборов:

    Body Detox Light
    Сау ішек жиынтығы №2
    Body Detox
    Барлығын көрсету

    Сау адамның бауыры ағзадағы барлық метаболикалық процестерді орындап, өмірге қажетті заттарды дұрыс қорытуға және сіңіруге мүмкіндік беріп, сондай-ақ, ішіндегі және бөтен токсиндерді майсыздандыруға қатысады.
    Экологиялық жағдайлардың нашарлауы, тамақта қажет емес қоспалардың көп болуы, медикаменттерді көп қолдану, алкогольді ішу, метаболикалық бұзылу, бактериалды және вирусты инфекциялық аурулар, қалыпты микрофлораның бұзылуы бауырдың ауруына септігін тигізеді.

    Бұл өнімнің құрамында күшті антиоксидант, алатікен бар және ол бауыр жасушаларында қорғаныс қызметін атқаратын қасиетімен белгілі.

    Алатікен адам ағзасындағы маңызды орган, бауырдың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етуге көмектесіп, зақымдалған жасушаларды қалпына келтіруге және детоксикация процестерін жақсартуға мүмкіндік береді.
    NUTRILITE™ бауыр плюс формуласы В тобының қосымша бес дәруменін қамтиды (В1, В2, В3, В5 және В12), олардың қызметі ағзаның, соның ішінде жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы үшін маңызды болып табылатын, энергиядан май, көмірсу және ақуыздан босату болып табылады. В тобының дәрумендері қызыл қан жасушаларын құру үшін де маңызды.

    ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

    Теңбіл алатікен, дәрілік бақ-бақ тамырының сіріндісі, цитрус флавоноидтары, ацерол шиесінің сіріндісі

    Артықшылықтары

    • Сапасы жоғары осы формуланың құрамында мыналар бар:
    • үш өсімдік қоспасы бар: теңбіл алатікен, бақ-бақ, куркума
    • ацерол шиесінің және цитрусты биофлавонидтардың эксклюзивті сіріндісі
    • Құрамында жасанды тәттілегіштер, бояғыштар, хош иістендіргіштер және консерванттар жоқ
    • Лактоза қосылмаған
    • NUTRILITE™ бауыр актив формуласының құрамында В тобының бес дәрумені бар (В1, В2, В3, В5 және В12)

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.


    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Эмвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады.
    Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    Барлығын көрсету
    • Формуланың белсенді құрамдастары бауырдағы зат алмасу процестерінің қалпына келуіне ықпалдасады
    • Оның қолайсыз әсерлерге төзімділігін арттырады
    • Бауыр қызметінің қалыпқа келуіне ықпалдасады
    • Теңбіл алатікен флавоноидтары айқын білінетін қорғағыш және уытсыздандыру сипаттары бар әрі ағзаның ішінен тотығудан қорғалуын қамтамасыз ететін заттек глутатионды бауырдың синтездеу қабілетін арттырады
    • Теңбіл алатікен силибининінің ағзадағы қабыну реакцияларын тудыратын гармондардың синтездеуін басатын сипаты бар
    • Теңбіл алатікен флавоноидтары Е дәруменіне қарағанда бауыр жасушаларында тотығуға қарсы әрекетті 10 есе артық байқатады
    • Теңбіл алатікен флавоноидтары өттің шығуына және бөлінуін себепші болып, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және антисептикалық қасиеттерге ие
    • Бақ-бақ тамыры инулинге, флавоноидтарға, каротиндерге, хлорофиллдерге және т.б. бай құрамына байланысты антиоксиданттық, антимутагендік, антиметастатикалық және өт айдағыш қасиеттерге ие
    • Цитрус және ацерол шиесі дәндерінің сіріндісі толық бекіткіш, антитоксинді және цитопротекторлы (жасушаларды қорғаушы), антиоксидантты және антитоксинді қасиеттерге ие, биофлавоноидтармен және фитонцидтармен бай

    «Бауыр актив»

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Ең үлкен без

    Бұл ағзаның «бауыр» деп аталуы бекер емес. Ол — адам денесіндегі ең ыстық орган. Секунд сайын мұнда көптеген биохимиялық реакциялар болып тұрады. Гармондардың метаболизмі, детоксикация, өт синтезі сияқты процестер бауырда үздіксіз жүріп жатады. Дегенмен біз бауырда осыншалықты процестің жүріп жатқанын сезбейміз де. Оң жақ бүйіріміз ауырса, «бауыр тұсым ауырып тұр» дейміз. Оның себебі көп болуы мүмкін, ал бауырдың өзі ешқашан ауырмайды.

    Қандай да бір органды немесе жүйені жақсарту үшін, емді бауырдан бастауымыз керек. Аллергиядан құтылғыңыз келе ме? Өт жолын қалыпқа келтіріңіз. Қалқанша безінің жұмысын қалпына келтіру керек пе? Т4 прогормоны бауырды пайдаланып, белсенді Т3-ке айналады. Салмақ тастағыңыз келе ме? Детоксикация процестері толыққанды жүрмейтін шығар. Организмге май жиналып қалады да, сол жиналған «қорға» токсиндер тығылады. «Тоғыз жолдың торабы Рим» болғаны сияқты, денсаулықты жақсартудың кез келген процесі бауыр арқылы өтеді.

    Детоксикация

    Күн сайын біздің организм көптеген токсиндерге тап болады. Олардың кейбірі — сырттан келетін экзогендік токсиндер. Қалғандары іштей пайда болады, олар ксенобиотиктер деп аталады. Олардың көп бөлігі (90%-ға дейін) детоксикацияны қажет етеді. Гармондар, нейромедиаторлар, май қышқылдары, холестерин, ретиноидтар — осылардың барлығы өмірдің үш сатысынан өтеді: олар синтезделеді, өз функцияларын орындайды, содан кейін оларды зарарсыздандырып, ағзадан шығарып жіберу керек.

    Бұл процесс гепотоцид деп аталатын бауыр клеткаларында орындалады. Ол бірнеше сатыдан (фазадан) өтеді:

    • 1-фаза. Бұл сатыда әсіресе оттегі белсенді атсалысады, ал негізгі фермент ретінде Р450 есептеледі. Бауыр майға араласатын токсиндерді суға араласатын токсиндерге айналдыру керек. Бірақ осы процесс нәтижесінде одан да уытты аралық заттар пайда болуы мүмкін.

    • 2-фаза. Күрделі биохимиялық реакциялар болып есептеледі. Оларға кейбір амин қышқылдары, ақуыз, В тобына жататын дәрумендер, С витамині керек.

    Тиамин (В1 дәрумені), кобаламиндер (В12 дәрумені), пантотен қышқылы (В3 дәрумені) және кобальт минералы детоксикацияның екінші фазасында кофактор ретінде қызмет атқарады.

    «Бауыр актив»

    Бауыр жұмысын қалыпқа келтіруге арналған негізгі және әмбебап биологиялық белсенді қоспалардың бірі — «Бауыр актив». Оның құрамындағы заттар өт жолындағы негізгі проблемаларды шешіп, гепотоциттердің торлы қабырғасын қорғайды, сонымен қатар формуласы Ресей тұрғындарына бейімделген. Биологиялық белсенді қоспаның құрамында алатікен бар. Ол бауырға гепатопротектор ретінде қызмет атқарып, өт айдайтын әсер береді. «Гепатопротектор» — екі сөздер құралған сөз: «гепато» — бауыр және «протектор» — қорғаныс.

    Алатікеннің негізгі жұмыс істейтін компоненті — силимарин. Оның міндеті — гепатоциттердің торлы қабырғасын қалпына келтіру, күшейту және қорғау. Ол антиоксидант ретінде қызмет етеді, себебі еркін радикалдарды жояды. Бауырдың клеткалары фиброзға (байланыс тінінің қайта пайда болуы) ұшырап, өз функциясын жоғалтып алған ауыр жағдайлардың өзінде силимарин бұл процесті тежеп, оның қайта дамуына сеп болады. Оның бұл әсері егжей-тегжейлі зерттелген және ғылыми тұрғыда расталған.

    Сонымен қатар силимарин мүлде УЫТТЫ ЕМЕС. Демек алатікеннен жасалған препаратты шамадан тыс қолданып қою мүмкін емес. Силимариннің тағы бір қасиетін айта кеткен жөн: ол иммундық жүйенің гиперреакциясын басады. Алатікеннің бұл қасиеті аутоиммундық аурулары және аллергиялары бар адамдардың биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауына мүмкіндік береді.

    «Бауыр актив» қоспасының құрамында бақбақтың тамыры бар. Ол ұйып қалған өтті ерітіп, оның құрамын жақсартады. Егер бақбақтың тамырын, жапырағын немесе басқа бір бөлігін жеп көрсеңіз, олардың ащы болатынын білетін боларсыз. Ащы заттарда пайдалы нәрселер көп болады. Олар ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, өттің кішіреюіне себеп болады. Қаралу кезінде кейде ұйыған өтті таспен шатастырып жатады. Бірақ биологиялық белсенді қоспаны екі апта қабылдасаңыз, оларды «ерітіп жіберуге» болады. Бақбақ тамырындағы тритерпеннің арқасында ұйытқылар «ериді», ағзаңыз тазарады, «тастар» жойылады. Өт бауыр функциясымен бірігіп, бірқатар токсиндерді жояды.

    «Бауыр актив» формуласында флавоноид пен ацерол шиесінің табиғи С дәрумені бар. Осындай баланстағы құрамның арқасында ол әмбебап1 қоспа болады. Оны кез келген сауықтыру шараларына қолдануға болады. Әсіресе детоксикацияға, иммунитетті көтеруге, гармон дисбалансын жоюға бағытталған шараларға қолдануға таптырмайтын нәрсе. Тиімділігі осындай қоспа ешқандай аллергиялық реакция бермейді, тіпті иммундық жүйенің реактивтілігін төмендетеді. Бұл биологиялық белсенді қоспаның формуласы басқа қоспалармен бірге қолдануға мүмкіндік береді. Ешқандай бәсекелестік немесе антагонизм пайда болмайды. Омега-3-ПНЖК-мен, амин қышқылдарымен, тағамдық талшықтармен де жақсы байланысады.

    Nutrilite™ өнімдерінің арасында1.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Эмвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    Барлығын көрсету

    ҚҰРАМЫ: ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА; ТЕҢБІЛ АЛАТІКЕН ЖЕМІСТЕРІНІҢ СІРІНДІСІ (SILIBUM MARIANUM), МАЛЬТОДЕКСТРИН, ДӘРІЛІК БАҚ-БАҚ ТАМЫРЫНЫҢ СІРІНДІСІ (TARAXACUM OFFICINALE), ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: ГУММИАРАБИК; ГРЕЙПФРУТ СІРІНДІСІ, МАНДАРИН СІРІНДІСІ, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: СТЕАРИН ҚЫШҚЫЛЫ; ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: КРОСКАРАМЕЛЛОЗА; АЦЕРОЛ ШИЕСІ ДӘНДЕРІНІҢ СІРІНДІСІ (MALPIGHIA PUNICIFOLIA/MALPIGHIA GLABRA/MALPIGHIA EMARGINATA), ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ; ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА; B3 ДӘРУМЕНІ (НИАЦИНАМИД), В5 ДӘРУМЕНІ (D-КАЛЬЦИЙ ПАНТОТЕНАТЫ), ЛИМОН СІРІНДІСІ, ЫЛҒАЛ ҰСТАУШЫ АГЕНТ: ГЛИЦЕРИН; B2 ДӘРУМЕНІ (РИБОФЛАВИН), B1 ДӘРУМЕНІ (ТИАМИН МОНОНИТРАТЫ), ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ; В12 ДӘРУМЕНІ (ЦИАНОКОБАЛАМИН).

    Барлығын көрсету

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері:

    • Ересектер тамақ пен бірге күніне 1 таблеткадан қабылдау керек. 

    Қабылдау ұзақтығы - 1 ай.

    Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады. 

    Барлығын көрсету