Еңліктер
Artistry™ топтамасындағы еңліктердің көмегімен өз бейнеңізді айшықтай түсіңіз! Түріңіздің табиғи сұлулығын айқындап және бетіңіздің кескінін түзету үшін интернет-дүкеннен өз тері типіңізге лайық келетін түс пен текстураны таңдаңыз. Қандай болып көрінгіңіз келеді: нәзік немесе жарқын, еліктіргіш немесе сыпайы болып көрінгіңіз келе ме, мұны тек өзіңіз шешесіз!
Косметикалық құралды қолданар алдында бет терісін гель немесе көбікшемен тазалап алыңыз, артынша тоник пен бастапқы күтім құралдарын қолданыңыз. Осыдан кейін тікелей макияжға кірісуге болады:
- Теріңіздің түсін тоналды негіздің көмегімен біркелкі етіп алыңыз.
- Еңлікті бетіңіздің жымиған кезде шығыңқы болып тұратын бөлігіне жағыңыз. Мұны арнайы жұмыр қылшақпен жасаған ыңғайлы. Amway-дің кейбір өнімдерімен спонж немесе аппликатор қоса жүреді – соларды пайдаланса да болады. Ал текстурасы крем тәрізді құралдар саусақпен жағылады.
- Пигментті терінің бетіне жақсылап жаймалап жағыңыз.
Amway құралдарының құрамына теріні күтетін табиғи тектет компоненттер: шөптердің сығындылары, табиғи майлар, дәрумендер кіреді. Олар компанияның меншікті фермаларынан алынған таза өсімдік шикізатын қоданумен жасалған. Жібек тәрізді текстуралар, түстердің байлығы және жағымды хош иісі – сауда белгісінің декоративті косметикасының ерекшелігі осында.
Сіз сайтымызда тіркелген жағдайда Artistry топтамасындағы өнімді төмен бағамен сатып ала аласыз.
Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.Amway.com сайтынан танысуға болады.