01
БАС ТЕРІСІН ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАРАЙ ЖУЫҢЫЗ
Бас терісін үнемі тазарту терідегі ұсақ саңылаудың бітеліп қалуына жол бермейді, май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді және қан айналымын жақсартады. Шашты жиі, бірақ дұрыс жумау қабынуға және оның түсуіне әкеп соқтырады.
02
КҮТІМ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАҒАНДА, ШАШТЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫНА ҒАНА ЕМЕС, БАС ТЕРІСІНІҢ ЖАҒДАЙЫНА ДА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ.
Көпшілігі шаштың саулығы бас терісінен басталатынын ұмытып, шаштың ұзындығы мен оның жағдайына ғана бағдар жасайды (құрғақ, қиылған, боялған және т.б.).
03
ШАШТЫҢ ТОЛЫҚ ЫЛҒАЛДАНУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ
Құрғақ климат жағдайында (күз-көктем, жылыту маусымы) ылғалдандыратын маскаларды, кондиционерлерді, сондай-ақ ауаны ылғалдандыратын тұрмыстық құралдарды пайдалану ұсынылады.
04
АГРЕССИВТІ МЕХАНИКАЛЫҚ ӘСЕРДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ
"Жуғаннан кейін шашыңызды сүлгімен орамаңыз. Оларды ұқыпты сүртіп, табиғи түрде немесе феннің жылы (ыстық емес) ауасын пайдаланып, кептірген дұрыс."
05
ШАШЫҢЫЗДЫ УЛЬТРАКҮЛГІН СӘУЛЕДЕН ҚОРҒАҢЫЗ
"Жаз айларында және күннің белсенділігі жоғары өңірлерде бас киім мен ультракүлгін қорғанышы бар күтім құралдарын пайдаланыңыз. "
06
БАСТЫ ЖУҒАН КЕЗДЕ СУДЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАҚЫЛАҢЫЗ
Ыстық су май бездерін белсенді етіп, бас терісінің майлануын күшейтеді. Оңтайлы температура жылы (34–38 °C) болуы керек.
07
ШАШЫҢЫЗ ТҮСЕ БАСТАСА, ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТІҢІЗ
"Анализдерді тапсыру ұсынылады: ферритин, D дәрумені, В12, мырыш, жалпы ақуыз, ТТГ, еркін Т4. Әсіресе, шаштың түсуі созылмалы сипат алғанда, күйзеліс кезінде, тамақтану рационы өзгергенде және босанғаннан кейін. "
08
БАС ТЕРІСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ЕСКЕРІҢІЗ
"Қышу мен қайызғақтың пайда болуына, шаштың сиреген тұсына, оның тұрақты түрде түсе бастағанына назар аударыңыз. Бұл себорея, дерматит, тапшылық немесе емдеуді талап ететін басқа да трихологиялық жағдайлардың белгісі болуы мүмкін. "
09
ШАШТЫ СӘНДЕГЕНДЕ, ТЕРМОҚОРҒАНЫСТЫ ҚОЛДАНУ КЕРЕК
Термоқорғанысты қолданбасаңыз, фен, плойка немесе үтік шаштың құрылымын бүлдіреді. Термоқорғанысы бар лосьон — шашты кептірер алдындағы басты қажеттілік.
10
КӨПСАТЫЛЫ КҮТІМ — ШАШТЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ МЕН САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ.
"Сусабын бас терісін тазартады, кондиционер сірқабықты ылғалдандырады және қорғайды, сумен шаюды қажет етпейтін құралдар шашты бүлінуден қорғайды, ал тоник шаштың түйіншесін нығайтады. Әр құрал өз міндетін атқарады, кешенді түрде қолданғанда, бұлардың әсері бірнеше есе артады. Дұрыс ұйымдастырылған күтім жүйесі — шаштың мықты, жылтыр және әдемі болуының кепілі."