


Artistry Future Glow™
күтім жасайтын негіз Sell
₸ 25 610,00
₸ 21 768,0021768.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 126718
Салмағы/көлемі: 30 мл / 35 г
Салмағы/көлемі: 30 мл / 35 г
Artistry Future Glow™ SPF 35 РА++ теріге күтім жасайтын тоналдық крем

Күтім мен макияж 2-уі 1-де
Artistry Future Glow™ SPF 35 РА++ теріге күтім жасайтын тоналдық крем — бұл өсімдіктерден алынған құрамдас заттарды, тері күтіміне байланысты озық технологиялар мен біздің макияж саласындағы жаңалықтарымызды біріктірген инновациялық өнім.
Құрал теріге лезде мінсіз жарқыл беріп, оған күтім жасайды.
Кремнің текстурасы теріге жағылған кезде оның мінсіз сау болып көрінуі үшін Healthy Glow түпкілікті жабынын түзеді. Құрал терідегі көзге көрінетін кемшіліктерді азайтып, табиғи сұлулығын айқындауға мүмкіндік береді.
Artistry Future Glow™ өнімдеріне сенудің 5 себебі
1
ARTISTRY™ таза сұлулығы
Artistry Future Glow™ өнімдері біздің қатаң сұлулық талаптарымызға сәйкес келеді. Құралдың құрамына тек шынымен қажетті және тиімді құрамдас заттар кіреді, әр формула құралдың тиімділігі клиникалық тұрғыдан дәлелдегенше, жетілдіріледі. Қолданылмайтын құрамдас заттардың тізімі 1 000 астам позицияны қамтиды (парабендер, фталаттар, сульфаттар, минералды майлар және басқа).
2
100 % вегандық бренд
Artistry Future Glow™ өнімдері жануарларға сыналмайды және олардың құрамында жануарлардан алынған құрамдас заттар жоқ. Біздің өнімдеріміз халықаралық Веган қоғамында (The Vegan Society) тіркелген*.
3
Құрамында тальк жоқ
Әйелдердің, әртүрлі жастағы балалар мен ер адамдардың қатысуымен өткізілген көптеген зерттеулер құрамында тальк бар өнімдердің тыныс алу арқылы ішке енетінін, ал бұларды пайдалану ауыр детке душар етуі мүмкін екенін көрсетіп отыр.
4
Эксклюзивті ғылыми әзірлемелер
Теріге күтім жасайтын, өсімдіктерден алынған құрамдас заттарды жеткізуге арналған липосома технологиясы.
5
Құрамындағы NUTRILITE™ фитонутриенттері
Теріңіздің сау сұлулығына бағытталған табиғаттың күші.

Теріңіздің сау сұлулығы мен мінсіз сыртқы көрінісіне арналған инновациялық әзірлемелер
PHYTO-L ЭКСКЛЮЗИВТІ КЕШЕНІ
Күтім жасайтын фитонутриенттердің теріге енуіне көмектесетін арнайы технология.
GLOW FIT ЖАРҚЫРАУ ЖҮЙЕСІ
Пайдалы майлардың арнайы қоспасы жоғары жарық шығылыстыру коэффициентіне ие, яғни теріңіздің бұрынғыдан да жарқырап, сау әрі жас көріну үшін жарықты өте тиімді шағылыстырады.
SMART SKIN DATABASE ПАТЕНТТЕЛГЕН БАЗАСЫ
Біз құрал терінің сан алуан реңкінің кең спектріне сәйкес болуы үшін панельдік тестілеуді қолдандық. Жеке таңдау технологиясының көмегімен әрбір қолданылатын пигментті тексеріп, түзеттік және қайта тестілеуден өткіздік. Сіз терінің кез келген түсіне сәйкес келетін реңкті таңдап алу үшін әр түстің тереңдігі мен қанықтығын теңестірдік.
ТЕРІ РЕҢІН ЖЕКЕ ТАҢДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Формулалардағы пигменттердің ерекше арақатынасы терінің кез келген реңіне мінсіз сау, жарқыраған қалып беруге мүмкіндік береді.


PHYTO-L эксклюзивті кешені
Тоналдық құралдардың классикалық формулалары терінің сыртқы бетіне жағуға арналған. Алайда тері күтімінде оң нәтижелерге қол жеткізу үшін оларды дұрыс қолданған жөн, ал бұл үшін құрамдас заттардың теріге терең енуіне көмектесетін арнайы технология қажет.
Сондықтан біз PHYTO-L эксклюзивті кешенін әзірледік. Техникалық тұрғыдан алғанда, бұл фитонутриенттерге толы липосома.
Липосомалар — ішінде май тәрізді заттар - липидтердің бірнеше қабаты бар сфера тәрізді көпіршіктер. Олардың іші қуыс, бұл оларды әртүрлі заттармен толтыруға мүмкіндік береді. Өзінің биоүйлесімділігі мен биоыдырағыштығының арқасында липосомалар жасуша жарғақшалары арқылы еніп, құрамындағы заттармен бірге жасушаға сіңеді, бұл кремнің емдік әсерін арттырады.
Сондықтан біз PHYTO-L эксклюзивті кешенін әзірледік. Техникалық тұрғыдан алғанда, бұл фитонутриенттерге толы липосома.
Липосомалар — ішінде май тәрізді заттар - липидтердің бірнеше қабаты бар сфера тәрізді көпіршіктер. Олардың іші қуыс, бұл оларды әртүрлі заттармен толтыруға мүмкіндік береді. Өзінің биоүйлесімділігі мен биоыдырағыштығының арқасында липосомалар жасуша жарғақшалары арқылы еніп, құрамындағы заттармен бірге жасушаға сіңеді, бұл кремнің емдік әсерін арттырады.
PHYTO-L кешені бірнеше қабаттан тұрады:
- сыртқы липидтік қабықша құрамы бойынша теріге өте ұқсас – тері оны оңай танып, ішкі қабатқа қарай енгізеді;
- ортаңғы аймақ теріге жарқыл беріп, оның жарқын және жас болып көрінуін қамтамасыз ететін Nutri lite™ ақ чиа дәндерінің сығындысымен, сондай-ақ тері микробиомының қорғаныстық қасиеттерін жақсартатын, Nutricert™ сертификаттаған гүлшетен сығындысымен толтырылған;
- өзегі Nutrilite™ фермаларында өсірілген және антиоксиданттық қасиеттерді қамтамасыз ететін анар сығындысымен толтырылған.
Негізгі құрамдас заттар:

Қалыптан тыс пигменттік дақтарды азайтуға және жарқыл беруге арналған (терінің бұрынғыдан анағұрлым жарқын және жас болып көрінуін қамтамасыз етеді) патенттелген** комбинация.

Nutrilite™ ақ чиа дәндерінің сығындысы өзінің тыныштандыратын және жұмсартатын қасиеттерімен белгілі.

NutriCert™ сертификаттаған гүлшетен сығындысы тері микробиомының теңгерімін жақсартады.

Nutrilite™ фермаларынан жинап алынған анардың сығындысы — табиғи көздерден алынған антиоксидант.

Табиғи көздерден алынған фитоколлаген теріге анағұрлым серпімді және тегіс болып көрінуге көмектеседі.
Өз түсіңді қалай табуға болады
Түстер палитрасы қате таңдау ықтималдылығын барынша азайтатындай етіп әзірленген. Оңай әрі дәл таңдау үшін реңдер деңгейі мен негізгі түс бойынша орналастырылған.

* 29.11.2019ж. Веган Қоғамымен жасалған лицензиялық келісім.
** АҚШ патенті № 8,685,472 В2.
** АҚШ патенті № 8,685,472 В2.
Жағудың басқа техникасы – басқа бейне!

Тоналдық құралдың әсері: құрал мен саусақтарыңыздың ұшын қолданыңыз. Алдымен тоналдық кремді саусақтарыңыздың ұшына жағып, үйкелеп, беттің ортасынан бастап жағыңыз. Соңында құралды теріңізге саусақтарыңыздың ұшымен немесе алақаныңызбен ақырын соққылап сіңіртіңіз.

Ылғал жабын: құрал мен ылғал спонжды (кез келген пішін келе береді) қолданыңыз. Тоналдық кремді беттің ортасынан шетіне қарай қозғалып, теріге соққылай отырып жағыңыз.

Мінсіз орташа жабын: құрал мен щетканы қолданыңыз. Тоналдық кремді екі бетіңізге, мұрныңызға, иегіңізге және маңдайыңызға (осындай тәртіппен) жағыңыз, содан кейін сыртына қарай біркелкі етіп жағу үшін щетканы қолданыңыз. Жабынды күшейту үшін құралды көбірек жағыңыз. Соңында теріңізді саусақтарыңыздың ұшымен соққылаңыз.
SILICA, POLYGLYCERYL-4 ISOSTEARATE, ALUMINUM HYDROXIDE, SYNTHETIC BEESWAX, HEXYL LAURATE, POLYGLYCERYL-4 DIISOSTEARATE/POLYHYDROXYSTEARATE/SEBACATE, LIMNANTHES ALBA (MEADOWFOAM) SEED OIL, STEARALKONIUM HECTORITE, DIMETHICONE/VINYL DIMETHICONE CROSSPOLYMER, TRIETHOXYCAPRYLYLSILANE, SORBITAN OLIVATE, STEARIC ACID, PENTYLENE GLYCOL, SODIUM BENZOATE, ETHYLHEXYLGLYCERIN, PROPYLENE CARBONATE, ISONONYL ISONONANOATE, HYDROGENATED LECITHIN, POTASSIUM SORBATE, TRISODIUM ETHYLENEDIAMINE DISUCCINATE, GLYCERYL GLUCOSIDE, PROPANEDIOL, ADENOSINE, FRAGRANCE, 1,2-HEXANEDIOL, HELIANTHUS ANNUUS (SUNFLOWER) SEED OIL, SALVIA HISPANICA SEED EXTRACT, PUNICA GRANATUM FRUIT EXTRACT, HYDROLYZED COLLAGEN, GLYCINE, ROSMARINUS OFFICINALIS (ROSEMARY) LEAF EXTRACT, TRIFOLIUM REPENS EXTRACT, PHENOXYETHANOL, HYALURONIC ACID, HYDROLYZED HYALURONIC ACID, SODIUM HYALURONATE, COPPER TRIPEPTIDE-1. MAY CONTAIN +/- TITANIUM DIOXIDE (CI 77891), IRON OXIDES (CI 77492, CI 77491, CI 77499).
Жарамдылық мерзімі: 2.5 жыл
Қалай қолдану керек

Қолданар алдында, әсіресе, оны көптен бері қолданбаған болсаңыз, құтыны сілкілеңіз.

Құралдың бір не екі тамшысын алақаныңыздың сыртына тамызып алыңыз.

Саусақтарыңыздың ұшымен, ылғал спонжбен немесе щеткамен тоналдық кремді беттің ортасынан (немесе көбірек жағуды қажет ететін жерге) бастап жағыңыз.

Ортасынан шетіне қарай жылжи отырып, бетіңізге біркелкі етіп жағыңыз. Әр аймаққа жеке-жеке жағыңыз. Жабынды күшейту үшін құралды тағы аздап жағыңыз.