Кастрөлдер мен шеті биік табалар

iCook™ — өнімдердің пайдасын сақтап және ас әзірлеуді ыңғайлы әрі қарапайым ететін ыдыстар. Олар тоттанбайтын болаттан жасалады және бірқатар ерекшеліктерге ие:

  • VITALOK™ — Асты төмен температура, табиғи ылғалдылық жағдайында даярлау әдісі. Ол iCook™ ыдыстарына арнап арнайы түрде әзірленген, өнімдердің пайдалы қасиетін сақтауға көмектеседі. Егер өнімдерді ыдыстың қақпағын жауып қойып даярласа, ылғал жоғалмайды, ыдыстың ішінде сақталады. Сол себептен өнімдер суда емес, буға піседі.
  • OPTITEMP™ — температураның оңтайлы тарауы, ас әзірлеу кезінде жылудың сақталуы. Мұндай технологияның арқасында iCook™ сауда белгісінің жиынтықтарын пайдаланған тиімді: ол ас әзірлеу кезінде энергияны үнемдейді.
  • Тоттанбайтын болаттан жасалған көп қабатты корпус — беріктілігін арттырып, ұзақ уақыт қызмет көрсету үшін.
  • Тұтқасының эргономикалық пішіні (бүйірлік, қақпағындағы) — пайдалануды анағұрлым ыңғайлы ету үшін.

iCook™ кастрөлдерді* жиынтық түрінде, мысалы көп қабаттық ас әзірлеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді (оларды бірінің үстіне бірін қойып ас әзірлеуге болады). Бұл қосымша түрде уақыт пен энергияны үнемдейді, әсіресе егер сіз үлкен отбасыға арнап немесе күрделі рецептер бойынша ас әзірлеп отырсаңыз.

Amway каталогында— көлемі әртүрлі кастрөлдер, шеті биік табалар бар. Тауарлардың барлығы қауіпсіз, ұзақ уақыт қызмет етеді, қолдануда ыңғайлы.


*Сатылымдағы тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың ұсынылған суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.Amway.com сайтында танысуға болады.