NUTRILITE™ Сарымсақ, 120 таб.

₸ 10 560,00
₸ 8 976,008976.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 100566
Салмағы/көлемі: 120 капс.
Мөлшері:

    Көптеген өсімдіктер ұшпа және ұшпа емес биологиялық белсенді заттектерді - өсімдіктердің түрлі ауруларға иммунитетін қамтамасыз ете алатын фитонцидтерді шығарады. Фитонцидтерді Б.П. Токин 1928 жылы ашқан. Ең көп антибиотиктік сипаттар сарымсақ, пияз, ақжелкек, қыша, алоэ, арша жемісі, қайың бүршігі, мойыл жапырағы, эвкалипт жапырағының және басқа кейбір өсімдіктердің фитонцидтерінде болады.

    Сарымсақ фитонцидтерінің пайдалы сипаттары тікелей бактерияларға қарсы әсерінде (бактериялардың өмірлік маңызды ферменттерін инактивациялау) және жанама әсерінде қамтылған - жасушалар иммунитетін ширықтыру есебінен. Осы әсерлердің үйлесуі салдарынан сарымсақ вирусқа қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы, анибиотиктік әсер етеді.

    Сарымсақтың иммунитетке кешенді әсері құрамында аллицин, алилдисульфидтер, кальций, мыс, эссенциалды майлар, германий, темір, магний, фосфор, селен, күкірт, калий, қанықпаған альдегидтер, мырыш, А, В1, B2, С дәрумендері болуымен белгіленеді.

    Сарымсақты пайдалану суық тигізу ауруларының ұзақтығы мен симптомдарының айқындылығын 80% төмендетуге және қайта жұқтыру қаупін 90% қысқартады.

    Артықшылықтары

    • Табиғи өсімдіктерден алынған ащы жалбыздың жағымды дәмі сарымсақтың жағымсыз иісін бейтараптандырады, бірақ оның пайдалы сипаттарын сақтайды
    • Құрамында антибиотиктік және вирусқа қарсы сипаттары бар белсенді құрамдас аллицин бар
    • Құрамында жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер немесе консерванттар жоқ
    • Диабетиктерге жарайды (құрамындағы көмірсулар мен калориялар мөлшері мардымсыз)*
    • Вегетариандарға жарамды (өзінің рационына шеллак қосқысы келетіндер үшін)
    • Құрамында желімтік жоқ
    • Құрамында лактоза жоқ

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    *Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады

    • 2 таблеткада кем дегенде 6 мг аллицин бар (сарымсақты үгу кезінде оның екі құрамдасы - аллиин мен аллииназа - бір бірімен байланысқа түсіп, аллицинді түзеді)
    • Жалбыздың хош иісі жағымсыз иісті кетіреді. Хош иістендіргіш табиғи өсімдіктерден алынған
    • Таблетканың асқазанның қышқылды ортасына түсуі кезінде барлық нәрлі заттектер таблетканың қорғаныш қабықшасы арқылы сақталады
    • Қабықша тік ішекте ериді, барлық нәрлі құрамдастар осында түседі
    • Құрамында сарымсақтың негізгі белсенді құрамдасы - аллициннің қажетті мөлшері бар
    • Құрамында жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер немесе консерванттар жоқ

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Сарымсақ өсімдік өнімдерінің ішінен микробтарға қарсы және зеңдерге қарсы ең күшті әсерлерінің біріне ие. Оның суық тию ауруларының профилактикасы үшін қолданылуы осыған негізделген.

    Ғылыми зерттеулер ағза жаңа патогендердің әсеріне қаншалықты ұшырағыш екендігін және бейспецификалық (жалпы) иммунитеттің маңыздылығын көрсетті. Бейспецификалық иммунитет деп біздің иммун жүйеміздің инфекцияларға қарсы тұруға және ағзаны қорғауға дайындығын атайды. Аллицин, сарымсақтың негізгі әсер ететін заты, микроағзалардың жасушаларын тікелей бұзуға қабілетті. Ол NUTRILITE™ «Сарымсақ» қоспасының құрамында бар. Оның құрамына сондай-ақ иммунотропты бағытталған басқа дәрумендер – С, А, Е және D қызмет етуіне көмектесетін селен мен мырыш бар.

    Аллицин әсіресе Candida тектес зеңдерге қатысты белсенді. Олар ішекте өсіп кеткенде, ашытқы нысаны гифальді, зиян келтірушіге айналады. Зең қатты тармақтары бар бұтаға ұқсай бастайды, олар ішектің шырышты қабығын «тескілейді» деуге болады. Оған қолайлы шарттарда, жоғары температураның және жай көмірсулардың көп болуы кезінде, зең бүкіл кеңістікті алып, қалыпты микрофлораны ығыстырады.

    Аллицин гифтердің түзілуіне кедергі болады, алайда сарымсақтың денсаулыққа пайдасы осымен шектелмейді. Заттек зеңдердегі, және тек Candida тектес қана емес, сонымен бірге микромицеттер мен Aspergillus тектес зеңдердегі оксидативті күйзелісті күшейтеді.

    Сарымсақтың тағы бір маңызды әсері – холестерин деңгейін қалыптандыру. Сарымсақ төмен тығыздықты липопротеидтер («нашар холестерин») және жалпы холестерин мөлшерін, сондай-ақ бос триглицеридтердің деңгейін төмендетеді. Сонымен бірге жоғары тығыздықты липопротеидтер («жақсы холестерин») деңгейі орташа алғанда 10%-ға артады. Осындай әсеріне байланысты сарымсақ атеросклероз, метаболикалық синдром, артық салмақ және липидтік профильдің бұзылуы кезінде сәтті қолданылады.

    Бірақ оның ағзаға пайдасының жоғары болуына қарамастан, адамдар сарымсақты күнделікті рационына қосуға асықпайды. Оның бәрі оған тән ерекше иісіне байланысты. Осы өнімнің жағымсыз ерекшеліктеріне жол бермей, сарымсақтың барлық пайдалы қасиеттерін алу үшін күніне NUTRILITE™ «Сарымсақ» өнімінің 1–2 таблеткасын қабылдауға болады. Жоғары вирустық немесе бактериялық қауіптілік кезеңдерінде, сондай-ақ нашар иммунитет кезінде қоспаны қабылдау әсіресе өзекті болып табылады.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-080-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    ҚҰРАМЫ: САРЫМСАҚ ҰНТАҒЫ (ALLIUM SATIVUM), ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МИКРОКРИСТАЛДЫ ЦЕЛЛЮЛОЗА, ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: СТЕАРИН ҚЫШҚЫЛЫ; ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: КРОСКАРАМЕЛЛОЗА; ЖҮГЕРІ КРАХМАЛЫ, ЖҮГЕРІ ШӘРБАТЫ, ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: ШЕЛЛАК; ЖЕНТЕКТЕЛУГЕ ҚАРСЫ ЗАТ: КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫ; ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ: АЩЫ ЖАЛБЫЗ СІРІНДІСІ, ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ: МЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА; ЫЛҒАЛ ҰСТАҒЫШ ЗАТ: ГЛИЦЕРИН; ЖЫЛТЫРАТҚЫШ: КАРНАУБ БАЛАУЫЗЫ.

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері

    Ересектер тамақ ішкен кезде бір таблеткадан күніне екі рет қабылдайды.

    Қарсы көрсетімдері

    Өнімді адамның қабылдай алмауы, жүктілік, бала емізу. Асқазанның ойық жара ауруы асқынған кезде қабылдамаған жөн.

    Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.