- Home
- Біздің брендтеріміз
- ARTISTRY™ косметикасы
- Artistry Skin Nutrition™ бет терісінің күтіміне арналған косметика
- Қазақстандағы Amway ресми сайтындағы Artistry Skin Nutrition™ "Терінің жылтырауын басу және теңгерім" косметика топтамасы
Теріңізге таза және сау түр сыйлаңыз
Artistry Skin Nutrition™ терінің майлы жылтырын кетіретін құралдар желісі тазалық сыйлайды, оның
тепе-теңдігін қалпына келтіреді, тері майының бөлінуін реттейді, уақытынан бұрын қартаюдың көзге байқалатын
белгілерін азайтуға көмектеседі, тері күтіміне қатысты 5 негізгі қажеттілікті қанағаттандырады

Жуынуға арналған терінің майлы жылтырын кетіретін тазартқыш желе
Макияждың қалдығын және зиянды ластаушы заттарды, артық мөлшерде бөлінген тері майын кетіреді
2 999,00 ₽
Купить
Сатып алу
Бейнежазба

Терінің майлы жылтырын кетіретін сергіткіш тоник
Теріні сергітіп, оны одан арғы күтім шараларына дайындайды, терінің микробиомын қалпына келтіреді, май
бездерінің қызметін бақылауға көмектеседі, тері қуыстарын тарылтады
2 999,00 ₽
Купить
Сатып алу
Бейнежазба

SPF 30 UVA/UVB PA++++ күннен қорғайтын сүзгісі бар, бет терісінің майлы жылтырын кетіретін лосьон
Теріні ылғалдандырады, майлы жылтырын кетіреді және қорғайды, УК-сәуленің салдарынан болатын терінің
уақытынан бұрын қартаюының алдын алуға көмектеседі
2 999,00 ₽
Купить
Сатып алу
Бейнежазба
Nutrilite™-тің негізгі құрамдас заттары
Терінің майлы жылтырын кетіретін желі құралдарына арналған формулалардың барлығы спецификалық қасиеттері мен
артықшылықтарын ескере отырып, мұқият іріктеп алынған фитонутриенттер мен өсімдіктерден алынатын құрамдас
заттарды қолдану арқылы әзірленген

Сақтандырғыш фитокешен
Құрамында Nutrilite™ фермаларынан жиналған ацерола шиесінің, австралиялық түймедақ пен тау бүлдіргенінің
сығындылары бар. Ол жасуша сыртындағы матрикстің (тері тұтастығын қамтамасыз ететін ақуыздар мен
полисахаридтер жүйесінің) ыдырауын болдырмауға, тері жасушаларының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге
көмектеседі, антиоксиданттық қорғаныс механизмін іске қосады.
және терінің табиғи қорғау жүйесін 350%-ға күшейтеді*.
* In-Vitro RPT-CS 20,002 (Analytical Science) зертханалық зерттеуіне сәйкес

Анар
Nutrilite™ фермаларында өсірілген анар антиоксиданттық әсерге ие, тері жасушаларын қорғауға ықпал етеді,
коллагенді және эластинді талшықтардың зақымдалуына жол бермейді. Ол терінің липидтік тосқауылын қалпына
келтіруге көмектеседі және лифтинг әсерге ие.

Ақ чиа дәндерінің сығындысы
Nutrilite™ фермаларында өсірілген ақ чиа дәндерінің сығындысы фитонутриенттерге барынша бай суперфудтың бірі. Чиа дәндері тері микробиомының теңгерімін қалпына келтіруге көмектеседі, оған жарқыраған күй сыйлайды, қоректендіріп, қорғайды, антиоксиданттық қасиеттерге ие.
Күнделікті күтім
Күнделікті таңертең және кешкісін осы қарапайым ережелерді
орындап, сұлулығыңыз бен жастығыңызды ұзақ уақытқа
сақтаңыз
орындап, сұлулығыңыз бен жастығыңызды ұзақ уақытқа
сақтаңыз
1-қадам. Тазарт
2-қадам. Нәрлендір
3-қадам. Ылғалдандыр
4-қадам. Қорға

Закрыть
Artistry Skin Nutrition™
Жуынуға арналған терінің майлы жылтырын кетіретін тазартқыш желе
Көлемі:
125 мл
Артикул:
123792
Тазарту

Құрамында минералды майлар, парабендер, фталаттар, сульфаттарға негізделген ББЗ жоқ
Аздап жылтылдайтын мөлдір гель көлемді салқындатқыш көбікке айналады, ол тері қуыстарын терең тазартып,
жарқыратады. Құрал макияж қалдықтарын және зиянды ластаушы заттарды (PM 2,5 ұсақ түйіршікті шаңды қоса алғанда*)
, артық майды кетіреді.
Құралдың құрамына кіретін, теріні тыныштандыратын әсері бар перилла мен Алоэ вера сығындысының пантенттелген қоспасы** теріні тазарту кезіндегі оның тітіркенуін азайтады. Желе теріде майлы қабықша қалдырмай, толығымен шайылады және терінің құрғау мен тартылу сезімін тудырмайды, тазалық пен сергектік сезімін сыйлайды.
Құралдың құрамына кіретін, теріні тыныштандыратын әсері бар перилла мен Алоэ вера сығындысының пантенттелген қоспасы** теріні тазарту кезіндегі оның тітіркенуін азайтады. Желе теріде майлы қабықша қалдырмай, толығымен шайылады және терінің құрғау мен тартылу сезімін тудырмайды, тазалық пен сергектік сезімін сыйлайды.
Негізгі қасиеттері
- Теріні терең тазартады
- Терідегі артық май мен ластануларды кетіреді
- Тері қуыстарының бітелуіне және теріде ақаулардың пайда болуына жол бермейді
- Теріні салқындатып тыныштандырады
- Теріні құрғатпайды және құрамында сабын жоқ
- Сезімтал теріге қолдануға болады
Текстурасы
Қатты көпіршитін салқындатқыш гель. Сумен толығымен шайылады және тазалық пен сергектік сезімін
сыйлайды.
Негізгі құрамдас заттар

Жұмсақ амин қышқылды ББЗ
Тазартқыш құрамдас заттар. ББЗ негізінде болатын амин қышқылы мұқият күтім мен жұмсақ тазартуды
қамтамасыз етеді.

Алоэ вера
Суккулент сығындысы теріні тыныштандырады

Nutrilite™ липосомадағы ақ чиа дәндерінің майы
Фитонутриенттерге барынша бай суперфудтың бірі. Теріні қоректендіріп, сұлу және сау қалпын
сақтауға көмектеседі.
Қолдану бойынша ұсыныстар:
Ылғал теріге жағыңыз. Желені алақаныңызға аздап сығып алып, көпіршітіңіз. Көбікті бет терісіне ақырын
уқалай отырып жағыңыз. Сумен жақсылап шайыңыз. Көзіңізге тигізбеңіз. Таңертең және кешкісін қолданыңыз.
Тұтынушылық сынақ нәтижелері бойынша*** терінің майлы жылтырын кетіретін жуынуға арналған тазартқыш желе:
- тері қуыстарын жылдам, оңай және тиімді тазартады (тұтынушылардың 92 %-ы)
- шайылғаннан кейін теріде майлы қабықша қалдырмайды (тұтынушылардың 95 %-ы)
- теріге тазалық пен сергектік сезімін сыйлайды (тұтынушылардың 94 %-ы)
*PM — бұл «қатқыл бөлшектер», ал 2,5 — бөлшектердің өлшемі 2,5 микрон өлшемі адам шашының қалыңдығынан 20 есе
аз.
**АҚШ-тағы № 8,057,830 патент. *** № 20-0183 (MarketVision Research) тұтынушылық сынақтар.
**АҚШ-тағы № 8,057,830 патент. *** № 20-0183 (MarketVision Research) тұтынушылық сынақтар.
Закрыть
Artistry Skin Nutrition™
Бет терісінің майлы жылтырын кетіретін сергіткіш тоник
Көлемі:
200 мл
Артикул:
123794
Нәрлендіру

Құрамында минералды майлар, парабендер, фталаттар, сульфаттарға негізделген ББЗ жоқ
Тониктің құрамында тері майын сіңіріп алатын арнайы өте ұсақ ұнтақ бар. Құрал теріні сергітеді және оны әрі
қарайғы күтім шараларына дайындайды, май бездерінің белсенділігін бақылауға көмектеседі, тері қуыстарын
тарылтады, оның микробиомын жақсартады (теңгерімін тұрақтандырып, нығайтып және қалпына келтіреді). Тоник теріге
жұмсақтық сезімін сыйлап, оның жылтырауын басады, жылдам әрі жеңіл сіңеді. Майлы, қалыпты, майлануға бейім және
аралас теріге арнап арнайы әзірленген.
Негізгі қасиеттері
- Тері майының бөлінуін бақылайды және терінің майлы жылтырын кетіреді
- Тері микробиомын жақсартады
- Теріні нәрлендіріп, әрі қарайғы күтім кезеңдеріне дайындайды
- Тері қуыстарын бітемейді
- Теріні құрғатпайды
- Құрамында спирт жоқ
- Сезімтал теріге қолдануға болады
Текстурасы
Сіңіргіш ұнтақтың көзге көрінетін өте ұсақ бөлшектері бар сулы негіздегі жаңадан әзірленген тоник.
Негізгі құрамдас заттар

Гамамелис
Тері майының бөлінуін реттейді және тері қуыстарын тарылтады.

Nutrilite™ ақ чиа дәндерінен жасалған гелі
Фитонутриенттерге барынша бай суперфудтың бірі. Теріні қоректендіріп, оған сұлу және сау қалып
береді.

Пребиотиктер
Терінің микробиомын қалпына келтіреді және оның қорғаныш функциясын жақсартады.
Қолдану бойынша ұсыныстар:
Теріні тазартып алғаннан кейін қолданыңыз. Құтыны жақсылап сілкілеп, тоникті мақта дискіге немесе
алақаныңызға құйып, бетіңіз бен мойныңызға жағыңыз. Көзіңізге тигізбеңіз. Тоникті таңертең және кешкісін
қолданыңыз.
Тұтынушылық сынақ нәтижелері бойынша* бет терісінің майлы жылтырын кетіретін сергіткіш тоник:
- Тері майын кетіруге / оның бөлінуін бақылауға мүмкіндік береді (тұтынушылардың 93 %-ы)
- Тері қуыстарының пайда болуын азайтады (тұтынушылардың 90 %-ы)
- Терінің жылтырауын басады (тұтынушылардың 90 %-ы)
- Теріні жарақаттамайды (тұтынушылардың 90 %-ы)
* № 71409 (CSS/datatelligence) тұтынушылық сынақтар.
Закрыть
Artistry Skin Nutrition™
spf 30 uva/uvb pa++++ күннен қорғайтын сүзгісі бар, бет терісінің майлы жылтырын кетіретін лосьон
Көлемі:
50 г
Артикул:
123799
Қорғау
Ылғалдандыру

Құрамында минералды майлар, парабендер, фталаттар, оксибензон, октиноксат жоқ
Лосьон теріге жылдам сіңеді, оның жылтырауын басып, сыртқы саулығын сақтайды. Формула оңтайлы ылғалдандыруды
қамтамасыз етеді және 24 сағат бойы сергектік сезімін сыйлайды. Құрал терінің УК-сәуленің салдарынан болатын
уақытынан бұрын қартаю белгілерінің алдын алуға көмектеседі. Құрамында карнозин — терінің көк және инфрақызыл
жарықтың әсерінен туындаған, көзге байқалатын зақымданулардың алдын алуға көмектесетін құрамдас зат. Құрамындағы
анар сығындысы теріні ластаушы заттардың зиянды әсерінен қорғайды.
Негізгі қасиеттері
- Терінің оңтайлы ылғалдануын қамтамасыз етеді
- Тері майының бөлінуін реттейді
- Күні бойы терінің майлы жылтырын кетіреді және азайтады
- Көзге байқалатын уақытынан бұрын қартаю белгілерінің пайда болуының алдын алады
- Барлық спектрдегі сәулелерден кешенді қорғауды қамтамасыз етеді
- Тері саңылауларын бітемейді және олардың қызметіне кедергі жасамайды
- Сезімтал теріге қолдануға болады
Текстурасы
Жеңіл, майлы емес лосьон жылдам сіңіп, теріде із қалдырмайды және теріні ағартпайды.
Негізгі құрамдас заттар

Сақтандырғыш фитокешеннің құрамына Nutrilite™ ацерола шиесінің, австралиялық түймедақ пен тау
бүлдіргенінің сығындысы кіреді.
Жасуша сыртындағы матрикстің ыдырауының алдын алуға және тері жасушаларының қалыпты жұмысын
реттеуге көмектеседі.

Nutrilite™ ақ чиа дәндерінің сығындысы
Фитонутриенттерге барынша бай суперфудтың бірі. Теріні қоректендіріп, оған сұлу және сау қалып
береді

Nutrilite™ фермаларында өсірілген анар
Анар теріні ластанулардың зияны әсерінен қорғайды, оны тыныштандырып, нығайтады, уақытынан бұрын
қартаюдан қорғайды. Күшті антиоксидант болып табылады, бос радикалдардың әсерінен қорғайды.

Карнозин
Терінің көк және инфрақызыл жарықтың әсерінен туындаған, көзге байқалатын зақымдануларының алдын
алуға көмектеседі.

Тобылғы
Терінің май теңгерімін реттейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар:
Теріні тазартып, нәрлендіргеннен кейін құралды бет пен мойын терісіне уқалай отырып жағып шығыңыз.
Көзіңізге тигізбеңіз. Күнделікті таңертең қолданыңыз.
Тұтынушылық сынақ нәтижелері бойынша* күннен қорғайтын сүзгісі бар, бет терісінің майлы жылтырын кетіретін
лосьон:
- Жеңіл ылғалдандыруды қамтамасыз етеді (тұтынушылардың 95 %-ы)
- Тері майының бөлінуін бақылауға көмектеседі (тұтынушылардың 89 %-ы)
- Майлы жылтырды 8 сағатқа кетіреді (тұтынушылардың 88 %-ы)
- Тері саңылауларының пайда болуын азайтады (тұтынушылардың 89 %-ы)
* No 71 409 (CSS/dataintelligence) тұтынушылық сынақтар.