Инвестициясыз қосымша табыс табу

2022 жылдың 22 желтоқсан

Ноутбуктың алдында отырған бойжеткен

Адам қанша жұмыс істегенімен, оның шығындары табысымен бірге артып отырады. Кейде шығын айлық бюджеттен едәуір асып отырады, себебі демалысқа барғың келеді, жиһазды жаңартып, жаңа мейрамханада отырып немесе тым болмағанда қарыздардан құтылғың келеді. Үнемі түрде өсіп отыратын шығындарды екі әдіспен өтеп отыруға болады – шұғыл түрде үнемдей бастау немесе қосымша жұмыс алу. Цифрлық технологиялар дәуірінде қосымша табыс көзін компьютеріңнен алыстамай-ақ немесе сүйікті креслоңнан тұрмай-ақ табуға болады. Ұсынылған мақалада біз неден бастау керектігін, қосымша табыс көзін қайдан іздеу керектігін және бұл жағдайда алаяқтарға қалай алданып қалмау керектігі жайлы айтып береміз.

Қосымша табыс көзін іздеуді неден бастау керек

Әйел ойланып қарап отыр

Бірінші қадам. Өзіңіздің жағымды жақтарыңызды зерттеңіз

Қандай біліміңіз, кәсіби ептіліктеріңіз бен қасиеттеріңіздің бар екенін ойланып көріңіз. Сіздің жағымды жақтарыңыздың қайсыбірін сәтті түрде ақшаға айналдыруға болуы мүмкін. Өзіңіздің әуесқойлықтарыңызды, қолдағы дипломдарыңыз бен сертификаттарыңызды талдап көріңіз. Мүмкін, шкафыңызда киім пішу-тігу курстарын тәмамдау туралы диплом жатып қалған болар. Сізден біліміңізді жаңартып және жұмыс істей бастау ғана талап етіледі.

Әдетте, интернетте өздеріне клиентпен үнемі көзбе-көз түрде кездесіп отыру қажет етілмейтін адамдар табыс тауып отыра алады. Ол үшін мыналарды жасай білуге болады:

  • Сауатты түрде жазу және өз ойын дұрыс жеткізе білу;
  • Әдемі етіп фотосуретке түсіру және қызықты бейнероликтерді түсіру;
  • Шет тіліндегі сөйлеуді естіп түсіну;
  • Ән айту, би билеу немесе музыкалық аспаптарда ойнау;
  • Бейнебаянды монтаждау немесе фотосуреттерді редакциялау;
  • Қағазға немесе компьютерде сурет салу;
  • Тағамдарды даярлап және дастарханға әдемі етіп сәндеп қою;
  • Сазбалшықтан немесе керамикадан мүсін жасау;
  • Тігін тігу, тоқу, жүнді илеу, кесте тігу, сабын қайнату және т.б.

Егер сіз офлайн түрде табыс тапқыңыз келсе, сізге практика жүзінде қолдануға болатын кез келген ептіліктер қажет болады. Мүмкін сіз шашты жақсы қиып, маникюр немесе макияж жасайтын боларсыз, балалармен немесе жануарлармен тез тіл табыса алатын боларсыз. Тіпті қарапайым түрде көлікті сенімді түрде басқаратын болсаңыз, техника немесе сантехникадан хабарыңыз болса, сіз өз ептіліктеріңізді тиімді түрде ақшаға айналдыра аласыз.

Екінші қадам. Тайм-менеджментпен айналысыңыз

Егер қомақты табыс тапқыңыз келсе, оған өзіңіздің әрбір бос минутыңызды бөліп отыруға тура келеді. Бастапқыда қосымша табыс көзінен аздаған ақша ғана түсіп отырады (егер тек сіз таңдаған салада супермаман болмасаңыз), сол себептен негізгі жұмыстан бас тартудың қажеті жоқ. Оған қоса, сізге үй шаруасына, отбасына, демалысқа уақыт тауып отыру керек болады. Бұл жағдайда жұмыстың басты саласы мен өзіңізге жұмсай алатын уақыттың арасындағы теңгерімді табуға тура келеді.

Үшінші қадам. Өз-өзіңізді дамытуға қатысты шығындарды белгілеңіз

Келешек қызмет саласын зерттеңіз. Қандай инвестициялар жасау керек болатынын анықтаңыз. Әңгіме сіздің жұмсайтын ақшаңыз жайлы, сондай-ақ бизнесті дайындау мен іске қосуға жұмсауға дайын болатын уақыт жайлы болуда.

Өзіңіздің қазіргі уақыттағы жүктемеңізді анықтап және жаңа жұмысқа қанша уақыт жұмсай алатыныңызды есептеңіз. Егер сізді үйде отырып істейтін жұмыс қызықтырып отырған болса, үйдегі міндеттерді дәл бұрынғыдай атқарып отыра алмайтыныңызды ескеріңіз. Қашықтан жұмыс істеу режимінде жаңадан жұмыс істей бастаған көптеген адамдар білместіктен өмір салтым ешқандай өзгермейді деп ойлайды. Олай емес. Сізге нақты күн кестесін жасауға, одан жақсысы - тайм-менеджменттің негіздерімен танысуға тура келеді. Сондай-ақ үйіңізде тек қана жұмыс істеп отыратын бөлек жерді белгілеп қойсаңыз өте жақсы болады. Оған тұтастай бір бөлмені арнаудың қажеті жоқ, шағын жұмыс аймағын бөлсеңіз, жеткілікті. Және бірден бірнеше істі тындырып тастауға тырыспаңыз. Бұл жағдайда қатты шаршап, төмен нәтижеге ие болуыңыз мүмкін.

Ақша шығынына келер болсақ – дәл қазір қиналмай жұмсауға дайын болып отырған сомаңызды белгілеп алыңыз.

Әрі қарай төмендегілерге қанша ақша қажет болатынын санаңыз:

  • жұмсалатын материалдарды сатып алуға;
  • жабдықты сатып алуға;
  • шеберлік сабағынан өтуге;
  • оқудан немесе квалификацияны арттыру курсынан өтуге.

Енді алынған көрсеткіштерді салыстырыңыз. Егер сіздегі бар сома қажет етілетін сомадан артық болса, керемет. Демек, сіз өзіңізге қосымша шығындануға (жарнама, тереңдетілген курс, қымбатырақ материалдар және т.б.) немесе қауіпсіздік «жастығын» қалдыруға мүмкіндік бере аласыз. Егер шығындарыңыз дәл қазір жұмсай алатын ақшалай сомадан жоғары болса, ағымдағы жұмсалатын ақшаны қысқартуға бола ма және қосымша ақшаны қайдан табуға болады осы жайлы ойлап көріңіз.

Оған біраз уақытыңыз шығындалады, алайда жаңа ептіліктерді меңгергеннен кейін қызмет салаңызды кеңейте алатын боласыз.

Қосымша табыс көзін іздеу кезінде алаяқтарды қалай айналып өтуге болады

Бетперде киген еркек

Цифрлық технологиялар мен интернет дәуірінде өздеріне дайын емес пайдаланушылар түсіп қалатын алаяқтық сұлбалардың саны артып кеткен. Сізге тым болмағанда келесі ұсыныстарға жоламау керек болады:

  1. Ұтысқа ақша тігу, онлайн-казино, құмар ойындарына қатысу. Егер ойынның ұтылмайтын әдістері болса, казинолар баяғыдан банкротқа ұшырап, әлемде миллионерлердің саны күрт көбейіп кеткен болар еді. Егер өзіңіздің қаншалықты жолыңыз болғыш екені қатты қызықтырып отырған болса, өзіңізді бағасы қымбат емес лотерея билетін сатып алып сынап көріңіз.
  2. Қаржылық пирамидалар, қарапайым тапсырмаларды орындағаны үшін тым жоғары сомаларды төлеуге уәде ететін сұлбалар. Осыған арнайы білімсіз, ақысы төленбейтін сынақ мерзімімен, жоғары еңбекақы көрсетілген бос жұмыс орындарын да жатқызуға болады. Үйде отырып алып, миллиондаған ақша табуға үміттенумен уақытын шексіз сілтемелерді басуға шығындап отырған адамдарды осы уақытқа дейін кездестіруге болады. Олардың көпшілігі сапасы нашар тауарларды тарату, шығару неме буып-түюмен ақша табуда.
  3. Жетекші құралдар мен стратегияларды сатып алу. Әлеуметтік желілерде нұсқаулықты немесе қосымшаны сатып алу туралы ұсыныстар жиі кездесіп отырады. Олар сіз сол нұсқаулықты тура сондай аңқау ізденушілерге сатумен және олардың одан арғы мәмілелерінен пайыз алумен пайда тауып отыра аласыз деп уәде береді. Қосымшалардың орнына казиноны, букмекерлік кеңсені немесе ойын автоматын жеңіп кетуге көмектесетін стратегиялар жиі кездесіп отырады.

Тегін ірімшік тек тышқанның қақпанында ғана болады деген мәтел осы заманда да өзекті сипатқа ие. Пайдаланушылардың саны көбейген сайын олардан пайда көргісі келетін алаяқтардың саны да арта түседі.

Алданып қалмау үшін келесі кеңестерді ұстанып отырыңыз:

  • Ақпаратты іздеп және талдап отырыңыз. Егер аз күш жұмсаумен ақша табудың жеңіл әдісі болса, онда неліктен әлемде миллионерлер соншалықты аз? Егер бұл әдіс әрбір онлайн-пайдаланушы үшін қолжетімді болса, оның ерекшелігі неде? Оны кім және қандай мақсатпен жариялады? Оны неліктен сізге ұсынып отыр? Жұмыс істеудің мұндай әдісін ұсынып отырған адам қандай пайда табамын деп үміттенуде?
  • Жұмыс берушіні зерттеңіз. Өзінде әлеуетті жұмыс беруші туралы жағымды және жағымсыз пікірлермен танысуға болатын форумда, әлеуметтік желіде немесе танымал сайтта тіркеліңіз. Әдетте, алаяқтардың құрығына түскен адамдар өзінің жағымсыз тәжірибесі туралы айтуға асығады.

Осы екі қарапайым әрекет сізге әлеуетті жұмыс берушілердің портреттерін құрастыруға және алаяқтарға тап болып қалмауға көмектеседі.

Қосымша табыс көзін қайдан іздеу керек

Жұмыс үстелінің басында бойжеткен басын ұстап отыр

Интернеттен күнделікті қай жерден ақша табуға болатынын іздеуші пайдаланушылар шығып отырады. Біреулеріне жалақысы ұнамайды, екіншісі жұмыстан шығып кеткен, үшіншілерін жаңа салада күшін сынау және «жаңа старт» қызықтырып отырады. Қосымша табыс көзін іздеуге не себеп мәжбүр еткеніне байланыссыз осыған арнап интернетте арнайы ресурстар ұсынылған.

Инвестицияны қажет етпейтін табыс көзін қайдан табуға болады

Қосымша табыс көзін табу үшін арнайы ептіліктер мен үлкен тәжірибенің болуы шарт емес. Интернетте төмендегі іс-әрекеттер табыс әкеліп отыруы мүмкін:

  • ұсынымдық сервистерде, әлеуметтік желілер мен пікір жазуға арналған сайттарда пікірлер мен түсіндірмелер жазу;
  • арнайы биржаларда мәтіндер жазу (ірі тапсырыстарға шығу үшін рейтингімен жұмыс істеуге тура келеді);
  • әлеуметтік желілерде жеке аккаунттар мен топтарға арнап мәтіндерді дайындау және постыларды жариялау;
  • әлеуметтік желілерде профильді жүргізу;
  • сауалнамалардан өту және оларды өткізу.

Мұндай қосымша табыс табу үшін компьютер немесе жақсы телефон, интернетке қосылу мүмкіндігі болып, сондай-ақ өз ойыңды сауатты түрде жеткізе білу, әлеуметтік желілердің қалай жұмыс істейтінін білу және іздеу сайттарынан ақпарат іздеу.

Парақшаларды тарату, клиенттерді шақыру, иттерді серуендеу, жарнамаларды орналастыру үшін инвестициялар мен арнайы дағдылар қажет емес. Алайда бұл жағдайда мектеп оқушылары мен студенттермен жоғары бәсекелестікке, төмен жалақыға және қандай да бір перспективалардың болмауына дайын болып отыру керек.

Арнайы білімді қажет ететін қосымша табыс табудың жолдары

Әйелдердің қол алысуы

Жалақыға елеулі қосымша төлем алып отыру үшін инвестициялар қажет болады. Сізге өз бетіңізбен білім алумен айналысып, көптеген әдебиеттерді оқып, оқудан өту керек болады. Оны игере отырып, сіз келесі дағдыларды игересіз:

  • мәтіндерді оқып, редакциялау немесе аудару;
  • фитнес бойынша онлайн-жаттығулар жүргізіп отыру;
  • сайттарды жасап, безендіріп және толықтырып отыру;
  • тапсырыс бойынша графика мен таныстырылымдарды әзірлеу;
  • контекстілік және таргеттелген жарнаманы баптау;
  • рефераттар, курстық жұмыстар мен дипломдық жұмыстар жазу;
  • үйден немесе онлайн түрде үйретуші болып жұмыс істеу;
  • қашықтан бухгалтерияны жүргізіп отыру;
  • қашықтан кеңес беріп отыру.

Офлайн түрде жұмыс істеу үшін мамандықты меңгергіңіз келсе, маникюр, макияж, шаштараз өнері курстарына жазылыңыз. Еркектер тура сол сияқты «бір сағаттық күйеу» болып жұмыс істеу үшін сантехник, плотник, теміршебері немесе әртүрлі жұмыстарды атқаратын мамандықты игерсе болады. Көлік болған жағдайда жеке жүк тасушылықпен немесе логистикалық қызметтермен айналысуға болады. Автокөліктердің қыр-сырын жақсы білетіндер жөндеу қызметтерін ұсынса болады.

Осы қосымша табыс табу әдістерінің әрқайсысының кірістілігі тәжірибе мен дағдыларға, жүзеге асырылған тапсырыстардың сапасына, өз-өзіңізді таныту шеберлігіне байланысты болады. Болашақ клиентіңіздің сіздің қызметіңіз жайлы түсінігі болу үшін әлеуметтік желілерде парақша құрыңыз. Мұнда сіз көрсететін қызметтеріңізді жарнамалап, орындалған тапсырыстардың фотосуреттері мен оларға шолуларды жариялап отыра аласыз. Мұндай тұрғымен қосымша жұмыс оп-оңай негізгі табыс көзіне айналуы мүмкін.

Инвестиция салуды қажет ететін табыс табудың түрлері

Шындығына келгенде арнайы білім мен инвестицияларға ие болған жағдайда табыс табудың әдістері өте көп. Олардың кейбіреулері мыналар:

  1. Меншікті өндіріс. Тоқу, тігін тігу, торт пісіру немесе әшекейлер жасау қолыңыздан келе ме? Өз ептіліктеріңізді ақшаға табыс көзіне айналдырыңыз. Бастапқы капиталды жұмсалатын материалдарды, өнімдерді немесе шикізатты сатып алуға жұмсасаңыз болады. Қосымша түрде жақсы фото және бейнетехника қажет болады, оның көмегімен әлеуметтік желілерде жариялауға арналған әдемі фотосуреттер мен шолулар жасап отыруға болады. Өнімдерді жәрмеңкелер мен онлайн-маркеттерге қатысумен жарнамалап отырыңыз.
  2. Блогты құру. Егер сіздің актерлік талантыңыз болса, өзіңізді дұрыс көрсете алсаңыз және аудиторияны «назарын аударып алсаңыз», танымал әлеуметтік желіде өзіңіздің меншікті арнаңызды жүргізе бастаңыз. Ол үшін кәсіби фото және бейнетехниканың болуы қажет емес. Мұндай жабдық жазылушылардың жеткілікті санын жинап және серіктестік бағдарламаларға қатыса бастаған кезде керек болады.
  3. Меншікті интернет-дүкен. Егер сіз бұрыннан бері қолөнерімен, нан пісірумен немесе иттерді серуендетумен айналысып жүрген болсаңыз, сіз оларға арналған материалдардың қай жерде сатып алатынын, олардың қалай жеткізіліп және қалай сақталатынын білетін боларсыз. Мүмкін сіз меншікті өндірісіңізді іске қосып та үлгерген боларсыз. Сату сұлбаларымен танысып алып, өзіңіздің меншікті интернет-дүкеніңізді немесе өзіңіздің және серіктестеріңіздің өнімдерін сатуға арналған сайт ашуға болады. Қосымша табыс табудың бұл әдісінің тартымдылығы сол, бастапқыда ол жұмыстан кетуді қажет етпейді. Ерекше келушілердің саны қажетті белгіге жете салысымен серіктестік бағдарламаларға қатыса бастауға болады. Жалақы өсе бастайды, ал сіз кеңседегі жұмыстан бас тарта аласыз.
  4. Үйретушілік және сабақ беру. Кеңседегі «тұрақты» жұмыс – арманның шыңы емес. Көптеген адамдар беделді лауазым мен жоғары жалақыға бола би билеу, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, тілдерді меңгеріп және мәдениеттермен танысу арманынан бас тартып отырады. Бұл әуесқойлықтардың кез келгені пайда әкеліп отыруы мүмкін. Негізгі қызметтен бос уақытыңызда сіз би залын және музыкалық жабдықты жалға алып, сабақ беру үшін оқудан өтіп, әлеуметтік желілерге арнап бейнебаяндар жазып, оқытушы шеберлік сабақтарын немесе вебинарларды түсіріп отыруыңызға болады.

Көріп отырғаныңыздай, кез келген ептілікті, шеберлікті немесе әуесқойлықты қосымша табыс көзіне айналдыруға болады. Кейбіреулерінде арнайы білім және ақша салымдау қажет болып отырса, енді біреулеріне табысты бизнесті нөлден бастап құруға болады. Мұның барлығы іске асыруға болатын заттар. Бастысы – өз-өзіңізге сеніп және батыл болу. Сонда барлығы сәтті шығады.

Amway-мен табыс табу

Жоғарыда аталған қосымша табыс табудың барлық әдістері қалай болғанда да сіздің негізгі қызметіңізбен немесе әуесқойлығыңызбен байланысты болып келеді. Олар өзін тиімді түрде табыс көзіне айналдыруға болатын ептіліктердің болуын меңзейді. Дәл осы санатқа Amway-мен бизнесті құруды жатқызуға болады.

1959 жылдан бастап америкалық Amway компаниясы тұрмыстық химияны, үйге арналған тауарларды, ББҚ-ларды, косметика және жеке гигиена құралдарын шығарып келеді. Қазақстанда ол 2013 жылы тіркелген болатын. Мүмкін осы уақыт ішінде сіз Nutrilite дәрумендерін немесе ББҚ-ларын ішіп, iCook ыдысын бағалап немесе ARTISTRY косметикасымен макияж жасап көрген боларсыз. Алайда сіз Amway өнімдерін тұтынып қана қоймай, сондай-ақ өз ісіңізді ашып және команда құрып, ал артынан танымал америкалық сауда белгісінің тауарларын насихаттағаныңыз үшін пайда тауып отырсаңыз болады.

Amway компаниясы меншікті бизнесті іске қосуға мүмкіндік береді. Тікелей сатылымдар саласындағы ықпал ету дәрежесі бойынша ол цифрлық индустрия саласының көш бастаушысы деп танылған Google-мен теңдесе алады.

Amway-мен жұмыс істеудің мүмкіндіктері мен артықшылығы:

  1. Барынша аз мөлшердегі ақша салымы. Бұл бизнесте жұмыс істей бастау үшін біздің сайтымызда тіркеліп және Amway серіктесінің мәртебесін алуға болады. Ол үшін 8000 теңге мөлшерінде тіркелу жарнасын төлеу керек болады (жарна тіркелгеннен кейін 30 күн ішінде жиынтығы 200 ұпайдың затын сатып алған жағдайда қажет етілмейді).
  2. Оқу бағдарламасы. Amway компаниясында серіктестерге өз бизнесін бастап және дамытуға көмектесетін жағдайлар жасалған. Ол үшін бағдарлама жасаушылар Amway Start қосымшасын әзірлеп шығарды, мұнда олар барлық қажетті аспаптар мен қадамдық нұсқаулықтарды жинақтады.
  3. Тегін старттық оқу. Тіркелгеннен кейін сіз үшін Amway академиясына қатысу мүмкіндігі ашылады, мұнда сіз кәсіпкерлік, әлеуметтік желілерді жүргізу, «Сұлулық» және «Денсаулық» топтамасындағы өнімдермен жұмыс істеу дағдыларын меңгере аласыз. Сізде танымал сарапшылар мен блогерлерден жүйелі және терең білім алуға мүмкіндік пайда болады. Оқудың соңында емтихан тапсырып, одан кейін диплом алып және елдің кез келген түкпірінде онлайн-бизнеспен айналысу мүмкіндігіне ие боласыз.
  4. Жетістікті мансап және табыс. Біршама уақыттан кейін, жаңадан бастаушының жолын өтіп, сатылымдар жүйесін жолға қоюмен және өз командаңызды құрумен, жетістікті мансап құрып және жанама табыс тауып отыруға болады.

Amway көшбасшыларынан компанияның құндылықтары жайлы көбірек білу

«Бизнесті бастау» бөлімінен сіз өзіңізге 3 млн табысты және тәуелсіз бизнесмендерден құралған Amway халықаралық командасының бір бөлігіне айналуға көмектесетін қадамдық нұсқаулықты табасыз.


Сондай-ақ мыналар жайлы біліңіз: