Декреттік демалыста үйде отырып қалай табыс табуға болады?

6 маусым 2023

Қазіргі аналар үй шаруасымен және бала күтумен шектеліп қалғанды қаламайды, сол себептен декреттік демалыста отырған кезден-ақ жұмыс істей бастайды. Біреулері мұндай шешімді күйеуінің жалақысы отбасын асырауға жетіспегендіктен қабылдап отырады. Енді біреулері ұзақмерзімді демалыс олардың мәнсабына жағымсыз әсер етеді деп қауіптенеді. Ал тағы біреулері үшін бұл кезеңдегі жұмыс күнделікті тұрмыстағы тіршіліктен көңілін аулаудың, жаңа ептіліктерге, мүмкін тіпті жаңа мамандыққа ие болудың мүмкіндігіне айналады.

Женщина пьет чай, работает, а рядом лежит ребенок

Қазақстанда 2023 жылдан бастап бала туған әйел заң бойынша 1,5 жылға бала күтіміне байланысты ақылы демалысқа кете алады [1]. Бұл жағдайда оның жұмыс орны сақталады. Жұмыс істемейтін ана декреттік демалыста болған мерзім бойы бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы алып отыруға құқылы. Бұл жәрдемақының мөлшері баланың санына байланысты: бірінші балаға 5,76 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), екінші балаға — 6,81 АЕК, үшінші балаға — 7,85 АЕК. 2022 жылы АЕК 3 180 теңгені құрады. Оған қоса, заңнамаға сәйкес баланың тууына байланысты біржолғы төлемдер және декреттік демалыс аяқталғаннан кейін бала күтіміне байланысты жұмысынан айырылу жағдайына арнап ай сайынғы жәрдемақы көзделген. Сондай-ақ ананың 3 жылға жалақысы сақталмайтын демалысқа кетуге мүмкіндігі бар.

Алайда көп жағдайда барлық төлемдердің жиынтығы отбасын қамтамасыз ету үшін жетіспейді. Ал егер аналардың күнделікті бала күтімінен және бір сарынды үй шаруасынан өте шаршайтынын қосатын болсақ, бұл кезеңдегі жұмыс анағұрлым өзекті сипатқа бола бастайды.

Декреттік демалыс кезінде жұмыс істеудің қажеті қандай?

  1. Қосымша табыс

    Социологиялық зерттеулерге сәйкес, жас балалары бар отбасылар біздің елімізде үнемі немесе мерзімді түрде қаржы мәселесіне тап болып отырады. Сол себептен ананың табуы мүмкін қосымша ақшасы бүкіл отбасы үшін елеулі жәрдемге айналады.

  2. Эмоциялық шаршаудың алдын-алу

    Ұзақ уақыт бойы бұл туралы айту құпталмайтын. Әйелдер үйдегі бітпейтін және бір сарынды жұмыстан ләззат алады деп саналатын. Алайда көп жағдайда олай емес. 10 жасқа толмаған балалары бар әйелдердің жартысынан артығы толық немесе ішінара шаршауға тап болып отырады.

    Аналар декреттік демалысқа көп жағдайда өзінің кәсіби тұрғыдан дамуының белсенді фазасында кетіп жатады, сол себептен мәнсаптық өсу мүмкіндігін жоғалтып алудан жиі қорқып отырады[2]. Еркектер болса үй шаруасына белшесінен батқан әйелдеріне көмекке келуге әрдайым асыға бермейді. Алайда бұл беталыс өзгере бастады. Мысалы, 2022 жылы Қазақстанда декреттік демалысқа шамамен 3500 еркек кетті[3]. Оған қоса, қазақстанды компаниялар еркектерге бала күтімін өз жұмыс орны мен жалақысын сақтаумен жүзеге асырып отыруға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаларды іске қосуда.

    Әйел үшін қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі таза ауа жұтымына айналуда. Ол өзін тек қана әйел және ана ретінде сезінуін тоқтатып және отбасы үшін жауапкершіліктің бір бөлігін өзіне қабылдайды. Бұл жағдайда декреттік демалыстың барлық кемшіліктері оларға басқаша көзқараспен қарасақ, өте оңай түрде артықшылықтарға айналады. Мысалы, бала күтімін жұмыстық міндеттерді атқарумен үйлесімді біріктіре отырып, өз кестеңізді өз бетіңізше құрастырып отыруға болады.

  3. Біліктілігін көтеру және жаңа мамандық алу

    Жас ананың тездетіп жұмысқа шығу немесе қосымша табыс табудың мүмкіндігін табу туралы шешім қабылдауына оның проблемалары ғана емес, сондай-ақ белсенді өмір салтын ұстануға деген талпынысы әсерін тигізіп отыруы мүмкін. Қазіргі заманның беталыстарының бірі — өмір бойы кәсіби білім алып отыру. Және көпшілігі бала күтіміне байланысты демалысты біліктілігін көтерудің немесе тіпті мамандығын толығымен өзгертудің керемет мүмкіндігі деп қарастырып отырады. Оған қоса, қашықтан білім алу қарқынды дамыған қазіргі заманда үйден оқи беруге болады.

Декреттік демалыс кезіндегі жұмыс: жағымды және жағымсыз жақтары

Көріп отырғанымыздай, қанша отбасы болса, сонша оқиғалар бар. Бастысы — орта жолда тоқтап қалмау, қорықпау және өз-өзіңізді жолы болмайтындардың қатарына жатқызбау. Декреттік демалыс біреулер үшін барлық үміттердің күл-талқан болуының себебіне айналып, енді біреулер үшін өз таланты мен кәсіби әлеуетін ашудың бастапқы алаңшасына айналуы мүмкін. Бұл жағдайда қашықтан жұмыс істеудің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалап алған өте маңызды.

Артықшылығы:

  • Икемді кесте және өз күніңді өз бетіңше жоспарлау мүмкіндігі;
  • Сізге не жасау керектігін нұсқап отыратын тікелей басшыңыздың болмауы;
  • Жолға, үйден тыс тамақтануға кететін ақшаны үнемдеу;
  • Ұжымға бейімделмей-ақ жұмыс істеудің мүмкіндігі;
  • Қаржылық тәуелсіздік;
  • Дамудың, біліктілігін арттырудың және оқудың кең мүмкіндігі.

Кемшіліктері:

  • Шамадан тыс жүктеме, себебі бала күтімі бәрібір де сіздің мойныңызда қалады;
  • Жұмыс күнін тиімді ұйымдастырудың қиындықтары, соның салдарынан ол кейде бейберекеттікке айналып кетеді;
  • Ендігі уақытта сіз өзін ешкіммен бөлісе алмайтын жоғары дәрежедегі жауапкершілік;
  • Тұрақты жалақының болмауы, себебі сіздік табысыңыз, әдетте, орындалған жұмыстың көлеміне байланысты болып отырады.

Аналарға арналған бизнес-идеялар немесе декреттік демалыста қалай ақша табуға болады

Бүгінде қашықтағы жұмысқа арналған сұранысқа ие бос орындар аз емес. Алайда сізге әрі моральдік қанағаттану сыйлап, әрі табыс әкелетін істі таңдау үшін өз-өзіңізге келесі 3 сұраққа шынайы жауап беріңіз.

  1. Күніне неше сағат және аптасына неше күн және қай уақытта толыққанды жұмыс істей аласыз?

    Көпшілігі баласы күндіз ұйықтаған кезде немесе түнде жұмыс істеуді жөн көреді. Алайда сіз әрдайым өзіңіз қалағандай бола бермейтінін өте жақсы түсінесіз. Балаңыз мазасызданып, ұйқысы келмеуі мүмкін. Оған анасы өзін қанша жұмыс күтіп тұрғанын біле тұра күйгелектене бастайды, оған балаңыз одан бетер мазасыздана түседі. Бұл жағдайда сіздің «артыңызды жабатын» 1-2 көмекшіңіз болып отырғаны дұрыс.
  2. Сіз немен айналысқанды ұнатасыз және оның қайсысы жақсырақ шығады?

    Жұмысқа ол қазіргі сәтте сәнді болғандықтан немесе онымен айналысуға құрбыңыз кеңес бергендіктен ғана кірісудің қажеті жоқ. Өзіңіздің нені сүйетініңіз жайлы ойланып көріңіз. Мұндай жұмыс сіз үшін өз талантыңызды бұрынғысынан да дамыта түсудің мүмкіндігіне айналады.
  3. Қандай табысқа ие болғыңыз келеді?

    Сіз үшін ненің маңызды екенін бағалаңыз: жұмыстан ләззат алу ма әлде еңбекақы ма. Сіздің қай саланы таңдайтыныңыз соған байланысты, себебі бір салада сізге үйреніп және барлық процестерді құрастыру үшін уақыт қажет болса, енді бір салада сіз аса тез арада аз болса да, сезінерліктей табыс тауып отыра аласыз.

Мамандық бойынша қашықтан жұмыс істеу

Женщина с ребенком пишет в блокноте

Бұл топқа сіз өздерін сіздің қажетті біліміңіз бен тәжірибеңіз болған жағдайда жылдам іске асыруға болатын идеялардың барлығы кіреді.

  1. Маникюр шебері, шаштараз, бет әрлеуші.
  2. Киім үлгілеуші-тігінші.

    Үйіңізден шағын сұлулық салонын ашып немесе киім тігу және жөндеу шеберханасын ұйымдастырыңыз. Сізде бұрыннан бері қалыптасқан клиенттік база, барлық қажетті жабдықтар мен аспаптар бар шығар.
  3. Бала күтуші, дайындаушы (репетитор).

    Егер сіз бала күтіміне байланысты демалысқа дейін мектепте мұғалім, бала-бақшада тәрбиеші немесе шығармашылық курстарында оқытушы болып жұмыс істеген болсаңыз, онда сіздің ептіліктеріңіз сізге қазір де жақсы ақша табуға көмектеседі. Сіз бала күтуші қызметін ұсынумен құрбыңыздың, көршіңіздің немесе әріптесіңіздің баласын өзіңізге бірнеше сағатқа алсаңыз болады. Айталық, онымен қатынасу сіздің балаңыз үшін де пайдалы болады. Сондай-ақ сіз балаларды үйіңізге жеке түрде сабақ беруге шақырсаңыз болады.
  4. Аутсорсинг кезінде кәсіби сүйемелдеу.

    Қарапайым тілмен айтқанда, бұл компанияның ішкі міндеттерін бөгде маманға тапсыру. Мысалы, қазір бухгалтерлік немесе заң қызметтерін аутсорсинг шарттарымен ұсыну өте танымал болып табылады. Сізге керегі – өз салаңыздың керемет маманы болу және сіздің кәсіби қызметтеріңізді қажет ететін клиенттерді табу.
  5. Флористің қызметтері.

    Егер декреттік демалысқа дейін сіз бұл салада жұмыс істеген болсаңыз, демек сіз өсімдіктерді жақсы білесіз және олардың қайсысын сату үшін өсіруге болатынын білесіз. Әсіресе жеке үйде тұратын және өзінің үйінің жанындағы жерде жылыжай жабдықтай алатындар үшін кең мүмкіндіктер ашылады.

Декреттік демалыс кезінде әуесқойлықтан қалай табыс табуға болады

Женщина нанизывает бусины

Бұл санатқа сіздің ойыңызда бұрыннан бері туындап жүрген идеялар енді және енді мінеки оларды іске асырудың уақыты да келген болуы мүмкін.

  1. Фотосуретші, бейне оператор.

    Сіз бұдан бұрын фотосуретпен әуестенбесеңіз де, неге мұнымен қазір айналыспасқа? Табыс таба бастау үшін сізге жақсы фотоаппарат немесе камера қажет. Фото және бейнедеректерді өңдеуге қажетті білімдер мен ептіліктерді тегін оқытушы бейнероликтерден немесе арнайы курстардан алуға болады.
  2. Қол өнері.

    Қолдан жасалған бұйымдар бүгінде өте танымал, себебі көпшілігіне тапсырыс бойынша жасалған эксклюзивті заттар ұнайды. Егер сіз шығармашыл адам болсаңыз, онда әуесқойлығыңызды толыққанды табыс көзіне айналдырудың уақыты келді. Мысалы, сіз:
    • декоративті шырақтар жасап;
    • қолдан жасалған сабынды сатып;
    • картиналарды жіппен немесе майда моншақпен кестелеп тігіп;
    • киім, жамылғы, шәркей немесе ойыншықтар тоқып;
    • ерекше әшекейлер жасап;
    • интерьер бұйымдарын сәндеп;
    • майда моншақтан кәдесыйлар жасап;
    • үйлену тойына арнап тапсырыс бойынша әртүрлі атрибуттар жасап: бокалдар мен бөтелкелерді безендіріп, бутоньерка, тойға шақыруларды, қонақтарға арналған карточкаларды және т.б. жасап отырсаңыз болады.

Сіз декреттік демалыс кезінде хендмейд арқылы табыс табудың тағы бірнеше әдісін ұсынуыңыз әбден мүмкін. Ал егер бізге қандай да бір ептілік жетіспей тұрған болса, онда жетіспей тұрған білімімізді толтыруға интернет көмектеседі. Айталық, қол өнерінің көптеген түрлері бастапқы кезеңде елеулі шығынды қажет етпейді, бұл көптеген аналар үшін ерекше маңызды болып табылады.

Декреттік демалыс кезінде интернет арқылы қалай табыс табуға болады

Ноутбук, картонные коробки и пластиковая карточка

Бүгінде барлығын онлайн түрде жасап отыруға болады: оқу, қатынасу, дем алу және әлбетте, мамандық бойынша өз қабілеттеріңді іске асыру. Және бастапқыда интернет арқылы табыс табу қосымша жалақы көзі деп қарастырылып отырған болса, бүгінде ол толыққанды табыс әкеліп отыра алады. Өз салаңызды таңдап және жаңа нәрседен қорықпаған маңызды.

  1. Пікірлерді дайындау, сауалнамалардан өту, серфинг.

    Компаниялар тауар немесе көрсетілетін қызмет туралы пікір үшін, сауалнама парақтарын толтыру немесе сілтемелер бойынша сайттарға өту және басулар үшін ақша төлеуге дайын. Бұдан көп ақша таба қоймайсыз, дегенмен бұл жұмыс ауыр емес және не біліктілікті, не ақша салуды қажет етпейді.
  2. Интернет арқылы сату.

    Қазіргі уақытта бұл бағыт өте танымал, себебі ақша таба бастау үшін тұтастай интернет-дүкен ашудың қажеті жоқ. Әлеуметтік желілерде парақшаны жүргізіп отырсаңыз жеткілікті, ол жерге сіз тауарлардың фотосуреттерін және сипаттамаларын салып, маркетингілік белсенділіктерді іске қосып және клиенттермен өзара әрекеттесіп отыратын боласыз.
  3. Бірлесіп сатып алуларды ұйымдастыру.

    Көптеген компаниялар олардың тауарларын көтерме бағамен сатып алған жағдайда жеңілдік жасайды. Алайда сіздің балаңыз біреу ғана болса, сізге өлшемі әртүрлі он қыстық комбинезон не үшін қажет? Мінеки, мұндай жағдайда бірлесіп сатып алулар көмекке келеді. Сіз тауар партиясына тапсырыстар жинап, сатушыға жалпы өтінімді жіберіп және сатып алушыларға сәлемдемелерді жіберу арқылы ақша табасыз. Осы қызметіңіз үшін тауардың әр бірлігі құнының 10—15%-ын алып отырасыз.
  4. Дропшиппинг.

    Декреттік демалыста табыс табудың алдыңғы әдісіне ұқсайды. Алайда бұл жағдайда сізге бірлескен тапсырыстар жинаудың қажеті болмайды. Дропшиппер жеткізушіні тауып, тауардың бағасына үстеме баға қосып, оны арнайы алаңшалар мен әлеуметтік желілер арқылы жарнамалайды, ал тапсырысты алып және оның ақысын төлеген кезде жеткізуді тікелей алушының мекенжайына ресімдейді.
  5. Мақалалар жазу және копирайтинг.

    Және бұл екеуі екі түрлі нәрсе. Сайттарға арнап мәтіндер жазу мектепте шығарма мен мазмұндаманы жақсы жазған кез келген адамның қолынан келеді. Ақша табуды арнайы биржада тіркелуден бастауға болады, ал уақыт өте келе тұрақты тапсырыс берушілермен әріптестік орнатуға болады.

    Копирайтинг — бұл жарнама саласына жататын анағұрлым тар сала. Бұл жерде мәтінді жазу ептілігі ғана емес, оның көмегімен көрсетілетін қызметті немесе тауарды қалай сатуға болатынын түсінген маңызды. Бұл міндет күрделілеу, алайда бұл жерде биржаға қарағанда көп есе артық табыс табуға болады.
  6. Өз блогыңды жүргізу.

    Бұл барынша табысты қызмет түрі, алайда оны танымал ету үшін уақыт пен күш жұмсау қажет. Сіз өзінде маман болып табылатын тақырыпты таңдап, өз сайтыңызға арнап постылар немесе әлеуметтік желілерде парақшалар жазыңыз.

    Блогердің негізгі табыс көзі — өз парақшасында тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жарнамалау. Блогер неғұрлым танымал болған сайын, оның жұмысы да соғұрлым қымбат болады. Айтпақшы, блогтан нақты ақша түсе бастаған кезде копирайтер, фотограф және SMM-менеджерін жалдаумен, оны жүргізуді жартылай аутсорсингке беруге болады.
  7. Сайттың немесе әлеуметтік желілердегі топтың әкімгері.

    Бұл жұмыспен тілдесуді ұнататын және толығымен емін-еркін кестеге ие болғысы келетін бойжеткендердің айналысқаны дұрыс. Сіздің міндетіңіз — енушілердің сайттын немесе топтың ережелерін бұзбауын қадағалау, мерзімді түрде пайдалы контентті енгізіп, сұрақтарға жауап беріп отыру.
  8. Программа жасау, веб-дизайн, SMM және т.б.

    Бұл қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нақты мамандықтар, алайда оларды өз бетіңізбен игеру өте қиынға соғады. Егер сіз бұрында мысалы, программа жасаушы болып жұмыс істемеген болсаңыз, онда салалы курстарды тәмамдап қана қоймай, сонымен қатар практикалық тәжірибе жинауға (кем дегенде жарты жыл) тура келеді. Есесіне артынан сіздің жұмсаған күш-жігеріңіздің он есе қайтарымы болады, себебі онлайн-сала қарқынды түрде дамуда және мұнда жоғары класты мамандардың тапшылығы сезілуде.
  9. Банкілік және басқа өнімдерді сату.

    Бұл сату саласындағы штаттан тыс жұмыс. Сіздің міндетіңіз — әлеуетті клиенттерді тауып, оларға қоңырау шалу немесе жазу арқылы нақты бір өнімді сатып алуға көндіру. Ақшаны нақты сатулардан түскен пайыз түрінде алып отырасыз. Бейтаныс адамдармен сөйлесуден қорықпайтын және жоқ деген сөзді естіген кезде берілмейтін адамдарға келеді.
  10. Жарнама саласындағы жұмыс.

    Сіз кәсіпқой маркетолог болмасаңыз да, креативті ұран немесе эмблеманы ойлап шығара алсаңыз, онда осы бағытта өз күшіңізді сынап көріңіз. Уақыт өте келе мұндай жұмыс аса елеулі табыс әкеп отыруы мүмкін, себебі міндетті шешуге деген стандарттан тыс көзқарас таныта алатын адамдар әрдайым жоғары бағаланады.

Amway декреттік демалыстағы анаға арналған бизнестің мінсіз нұсқасы ретінде

Екіқабат және бала күтімі кезіндегі әйелдің еңбегі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 99-бабымен реттеледі. Заңнамаға сәйкес, 2023 жылдан бастап жұмыс істемейтін аналар (бала күтімі бойынша демалыста отырған әкелер, басқа туыстары немесе қамқоршылары) бала 1,5 жасқа толған сәтке дейін ай сайын жәрдемақы алып отырады. Көпшілігі демалысты жалақысын сақтаусыз 3 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап жатады.

Сол себептен жас аналар көп жағдайда балаға төленетін жәрдемақыны сақтап қалу үшін отбасында балалар болған жағдайда өте маңызды болып табылатын ыңғайлы жұмыс кестесімен үйде отырып қосымша заңды табыс табудың көзін іздеп жатады. Заманауи бизнестің өзгеруі де қашықтан жұмыс істеудің тиімділігін көрсетуде, себебі ол түрлі жағдайлардың әсерімен жұмыстың жаңа форматтарын іздеп отыруға мәжбүр болуда.

Үлкен даму әлеуетімен қосымша табыс табудың дайын нұсқасын Amway компаниясы ұсынады. Мұнда жаңа мамандықты меңгеріп және ақша таба бастау өте қарапайым. Amway Академиясы кәсіби тұрғыдан даму үшін оқыту бағдарламалары мен курстарының дәстүрлі, сондай-ақ цифрлық форматтарын өте жиі қолданып отырады. Компанияның жоғары білікті жаттықтырушылары Amway серіктестеріне арнап кездесулер, вебинарлар және бейнехабар таратулар өткізіп отырады, ол жерде түрлі елдердегі көшбасшылардың тәжірибесімен, лайфхактары мен әдістерімен бөліседі.

Amway-дің 4 кәсіби институтының бірінде білім алуға болады:

  • Amway Digital Lab,
  • Салауатты өмір салты институты,
  • Сұлулық институты,
  • Кәсіпкерлік институты.

Әр институт кезең-кезең бойынша оқыту жүйесіне сәйкес жұмыс істейді. Қатысушылар деңгейлерді бірінен кейін бірін өтіп жатады, курстар біртіндеп игеріліп отырады, бұл білім алудың үздіксіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді. Оқу барысында Академияның студенттері олардың білімін растайтын сертификаттар алып отырады.

Бала тәрбиесі қай кезде болсын оңай шаруа болып көрген емес. Сіз бала мен ата-ананың қарым-қатынасы туралы танымал кітаптардың авторы, Amway-дің «Болашақ үшін жауаптымыз» қайырымдылық қорының сарапшысы, белгілі психолог Людмила Петрановская жайлы естіген боларсыз.

Людмила Петрановскаямен «Жұмыс істейтін анаға арналған лайфхактар» кітабы туралы сұхбат-ролик

Amway-де қалай табыс табуға болады

Amway серіктесі алғашқы табысын компанияның өнімдерін жеңілдікпен сатып алып және оны сатып алушыларға каталогтағы бағамен сату арқылы алады. Жұмысының өнімділігіне қарай ай сайынғы сыйақылардың мөлшері тауар айналымының 3 және 21% аралығындағы пайызын құрап отыруы мүмкін.

Бұл жағдайда пайда сатудан түскен пайызбен шектелмейді. Amway серіктесі оқып және дамыған сайын өзінің сатып алушылар желісін кеңейтіп отырады және олардың кейбіреуі тіркелген клиенттерге айналып жатады. Оларға қызмет көрсеткені үшін компания серіктеске белгілі мөлшерде бонус төлеп отырады. Және, ақыры, табыстың үшінші құраушысы – өз топтарын құрғаны үшін, сондай-ақ бизнеске жаңадан Amway серіктестерін тартқаны үшін сыйақылар.

Amway-де жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Amway бағдарламаларына өз кәсіпкерлік қызметіңізді заңды түрде ресімдеген жағдайда ғана серіктес ретінде қосылуға болады. Ол үшін Қазақстан Республикасының салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) болуы қажет. Осыдан кейін Amway сайтында тіркеліп, компаниямен келісімшарт жасасу керек. Ақырғы кезең — 8000 теңге көлеміндегі жарна (оны тіркелгеннен кейін 30 күн ішінде жиынтығы 200 ұпайдың затын сатып алған жағдайда төлеудің қажеті).

Тіркелгеннен кейін Amway компаниясына серіктес ретінде қосылып, бизнесіңізді бастап кетсеңіз болады.

Дереккөздер тізімі:

  1. Скибан О. Қазақстанда ақылы декреттік демалыстың мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылады // zakon.kz 01.09.2022 URL: https://www.zakon.kz/6023627-so-sleduiushchego-goda-uvelichat-period-vyplat-za-rebenkom-v-kazakhstane.html(жүгінген күні: 29.12.2022)
  2. Ильина Т.И., Гуриева С.Д. Сәйкестік дағдарысы ана-әйелдердің эмоциялық шаршау синдромының айқындалу факторы ретінде // ЧиО. 2019. №3 (60). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/krizis-identichnosti-kak-faktor-proyavleniya-sindroma-emotsionalnogo-vygoraniya-u-zhenschin-materey (жүгінген күні: 05.04.2020).
  3. Қазақстанда 3500-дей еркек декреттік демалысқа кетті // TENGRINEWS. 29.07.2022 URL: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/okolo-3-500-mujchin-ushli-v-dekretnyiy-otpusk-v-kazahstane-474254/ (жүгінген күні: 29.12.2022).

Сондай-ақ мынаны біліңіз: