Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

2022 жылдың 22 желтоқсан

Бұл сауал осы бір тартымды рөлді ойнап көргісі келетін адамдардың барлығын толғандырады. Бизнесті жүргізу қолыңыздан келе ме? Бойыңызда соған қажетті нышандар бар ма? Талдап көрейік.

Кәсіпкерлік қызметте қалай табысқа жетуге болады?

Егер сіз өз-өзіңізге осы сұрақты қойып отырған болсаңыз, демек сізде ең бастысы – өзіңіз үшін кәсіпкерліктің арқасында жаңа табыс көзін ашуға деген ниет бар. Алайда табысқа жету үшін қандай да бір маңызды қасиеттерге ие болу қажет. Олар басқалар тоқтап қалған жағдайдың өзінде сізге ілгері жылжып отыруға мүмкіндік береді. Жақсы жаңалық: бұл нышандардың әрқайсысын дамытуға болады. Amway-мен бизнесін жүргізіп отырған адамдар осы нышандарды пысықтап және жетілдіріп отырады. Мұны пікірлестер командасында жасаған анағұрлым жеңілге соғады. Команданың бір бөлігіне айналып және бизнесті қалай тездетіп бастап кетуге болатынын білу үшін «Бизнесті бастау» бөліміне еніңіз.

Кәсіпкердің іскерлік қасиеттері

Хатшыдан жұмыс орнында болып, басшының тапсырмаларын орындау талап етіледі, менеджерден клиенттермен белсенді түрде жұмыс істеу талап етіледі. Кәсіпкерге айналған кезде барлығы өзгереді: ендігі уақытта сен жалғыз өзің ғана әрі менеджер, әрі хатшы, әрі бухгалтер болып отырасың. Соған орай сен жалданбалы қызметкер болған кезде өзгелерге жүктелген міндеттер енді сенің бір өзіңе ғана жүктеледі: мысалы, келіссөздер жүргізу, қызметкерлерді іріктеу және т.б.

Іскерлік

Табысты кәсіпкер дүкеннің ішінде ананы бір, мынаны бір қарап, мақсатсыз түрде сенделіп жүрмей, қолына тізім ұстаған сатып алушы сияқты. Ол өзіне ненің қажет болатынын, ал ненің уақыт пен ақшаны шығындау болып табылатынын анық біледі. Егер бизнесмен әлдебір нәрсеге алғаш рет тап болып отырса, ол мәселені жан-жақты зерттеп және фактілерге сүйенумен шешім қабылдайды.

Міндеттерді бөліп жүктей білу

Бұл көпшілік үшін меңгеруде аса қиынға соғатын ептілік. Уысыңнан міндеттердің тым болмағанда бірін жіберіп алсаң барлығы бекер болатын сияқты болып көрінеді. Алайда бұл қате пікір, дегенмен міндеттерді өзгелерге бөліп жүктеу процесі шынымен де қиынға соғып отыруы мүмкін, себебі:

  • өзіңнің жеке басыңның қорқыныштарын еңсеруге;
  • орындаушыларды іздестіріп және олардың біліктілігін бағалауға;
  • өзгелерді үйретуге немесе нұсқаулама беруге уақыт жұмсауға;
  • команданың ішінде өзара іс-қимыл процестерін реттеп отыруға;
  • қызметкерлердің нәтижелерін бақылап отыруға тура келеді.

Алайда бұл жағдайда міндеттерді өзгелерге бөліп жүктеу сіздің көп уақытыңыз бен энергияңызды босатады, оны сіз жобаны бұрынғыдан да табысты етуге жұмсай аласыз.

Еңбекқорлық

Кәсіпкерлікті көбінеки еркіндік пен тәуелсіздік жайлы ғана сөз қозғаумен, әлдебір романтикалық сипат беріп жатады. Бизнесменнің өмірінде ол шынымен де бар, алайда оның артында күнделікті қажырлы еңбек тұр.

Көбінеки кәсіпкер әлі процестердің барлығы бірдей ретке қойылмаған бастапқы кезеңде қиналып жатады. Одан арғы уақытта мұндай жүктеме аракідік, мысалы жаңа жобаны бастаған кезде, қайта құрылымдалған кезде немесе даму стратегиясын қайта қараған жағдайда туындап отырады.

Қалай болғанда да еңбекқорлық – кәсіби шаршаудан құтқаратын қасиет. Себебі егер сіз мақсатқа жету үшін күш-жігеріңізді жұмсауға дайын болсаңыз, онда созылып кеткен жұмыс күні сіз үшін күтпеген жағдайға айналмайды.

Еңбекқор бизнесмен

Жинақылық және алға қойылған мақсатты ұстана білу

Бизнесмен болуды шешкен көптеген жалданбалы қызметкерлер тап болып отыратын қиындық — ойын өзгерту. Көпшілігі үшін өз бетінше мақсат қою, ол үшін жауапкершілікті арқалау, өзінің қызметін жоспарлаған нәтижеге қол жеткізетіндей түрде ұйымдастыру әдеттен тыс жағдай болып табылады. Дегенмен тәртібіңізді қолға алсаңыз, қалаған мақсатыңызға жетесіз.

Көрегендік

Кәсіпкер әрдайым алдын болжап отыруы тиіс. Ол жоспар құру арқылы көптеген жағдайларды: қоғамдағы беталыстар мен көңіл-күйді, бәсекелестерінің іс-әрекетін және т.б. талдап отырады. Бұл

  • бүгінгі күні табысты болып отыруға;
  • істердің ертеңгі жағдайын болжап отыруға;
  • өзіңнің келешекте табатын пайдаңды басқарып отыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпкердің жеке басының қасиеттері

Бизнесті жүргізіп отырған кез келген тұлға алдымен адам болып табылады. Оның өзі үшін және оның жобалары үшін басты тірек – оның мінезі. Сол себептен өз бойыңызда тұлғаның өсуі мен орнықтылығына кепілдік беретін қасиеттерді дамытып отырған маңызды. Олардың бірі жігерді дамытумен, енді біреулері алғырлық пен шығармашылық көзқарасты дамытумен байланысты.

Табандылық және өз-өзіне деген сенімділік

Өз күшіне сенімсіз немесе сәтсіз әрекеттен кейін бірден жеңіле салатын корпорация иеленушісін елестете аласыз ба? Елестете алмайсыз. Егер адам биіктерге қол жеткізуді ниет етіп отырған болса, ол ең алдымен өз-өзін барлығы сәтті шығатынына сендіруі тиіс. Және бұл бірден бола қоймаған жағдайда еңсесін түсірмеуі тиіс. Сондықтан алдыңыздан қандай кедергілер кездессе де, оларды батыл түрде еңсеріп отырыңыз!

Үйренуге бейімділік

Адамның үйренуге деген қабілеті мен ниеті — табысы шамалы адам мен жетістікке жеткен бизнесменді бір-бірінен өзгешелендіретін қасиет. Кейінгісі бәсекелестерден озу үшін үнемі түрде тренділерді қадағалап, бизнес-процестерді жетілдіріп, қызметтің әр саласына терең үңіліп отыру керек екендігін біледі. Өз біліміңді үнемі жаңартып және айналаңдағы әлемнің қалай өзгеріп жатқанын байқап отырған маңызды.

Құштарлық

Ғашық адам — әрекетшіл адам. Тіпті оның сүйіспеншілік заты идея болғанның өзінде. Ертеңгісін төсектен секіріп тұрып, түн жарымға дейін отырып және ешнәрсеге қарамастан өз арманыңа жылжуға итермелейтін дәл осы құштарлық. Жеке мотивацияны алып тастасаңыз болғаны – бизнес тоқтап қалады.

Тәуекел ете білу

Кәсіпкер жарысқа қатысатын болидтің жүргізушісі тәрізді әрдайым шұғыл бұрылыстар жасап отырады және оның келесі бұрылыстан өте алатынына ешқандай кепілдік жоқ. Сізге істің бүге-шігесіне дейін бақылап отырғаныңыздай болып көрінгенімен бәрібір де бір нәрсе жоспардан ауытқып кетуі мүмкін деген ықтималдық орын алып отырады. Және бұған дайын болу керек.

Неліктен бизнес тәуекелмен байланысты болып отырады? Оның бірнеше себебі бар:

  • шешімнің жоғары жылдамдықпен қабылдануы;
  • басқа ұйымдар мен адамдарға тәуелді болу;
  • ел мен әлемдегі саяси және экономикалық жағдайдың әсер етуі.

Дегенмен де, алаңсыз және үйлесімді дамуды қамтамасыз ететін жолдары бар. Amway-мен бизнес — солардың бірі. Біздің компания сізге тәуекелдерді болжаудың орнына сүйікті ісіңізбен айналысып отыруға мүмкіндік беру үшін оларды барынша азайтты.

Тапқырлық

Барлығы жасағандай әрекеттер жасап отыру және табысты болу – үйлеспейтін ұғымдар. Міндетті түрде ерекшеленіп, клиентті таңқалдырып отыру керек. Осылайша сіз ең маңызды нәрсеге – оның назарына ие боласыз. Ол болса, қалғаны ептілігіңізге байланысты.

Шешімділік

Бизнесте күнделікті шешім қабылдап отыруға тура келеді: мүлде «қауіпсіз» шешімдерден бастап (мысалы, кулердің суын жеткізушіні өзгерту) ауқымды нәтиже беруі мүмкін шешімдерге дейін. Алдағы іс-әрекеттің жағымды және жағымсыз жақтарын үнемі таразыға салып, күмәндана бермеу үшін шешімділік қажет. Бұл қасиет уақытты үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ өзінде әрекет ету жылдамдығына жобаның тағдыры байланысты болып отыратын форс-мажорлармен күресуге көмектеседі.

Кәсіпкердік моральдік қасиеттері

Табысты кәсіпкер ешқашан жалғыз болмайды. Оның командасы, серіктестері болады, ол пайдалы таныстықтарды орнатуға талпынып отырады. Дәл сол себептен өзімен істес болу жағымды болатын адам болып отырған маңызды.

Адалдық және жауапкершілік

Адалдық — сіздің бизнес әлеміне өту құжатыңыз. Бұл өзіңізге серіктестер мен тұтынушылардың сенуі үшін қажет болатын қасиет. Мысалы, Amway компаниясының негізін қалаушылар адалдықты сатып алушыға қатысты негізгі идеяға айналдыруға және сатылымдардың басым бөлігінің өнімге риза клиенттердің ұсынымдары есебінен жүзеге асырылып отыратындай соншалықты сапалы тауарларды шығарып отыруға шешім қабылдады.

Өз-өзін ұстау

Қиындықтар барлығында болып отырады. Біреулері үрейленіп және қате шешім қабылдап әбігерге түсіп жатады немесе мүлде мелшиіп қалады. Енді біреулері эмоцияларын басып отырады, бұл адамның кемелдігінің белгісі. Өз-өзін билеудің арқасында олар істің шынайы жағдайын бағалай алатындай күйде болады және биіктіктерге жетіп отырады, себебі абдыраған адамның миындағы көрініске емес, нақты жағдайларға сәйкес әрекет етіп отырады.

Өз-өзін ұстау жаттығуы

Адамдармен қатынаса білу

Таныстықтар мен байланыстар кәсіпкердің өмірінде маңызды орын алады, сол себептен адамдармен тіл табысу кез келген жобаның қозғалтқыш күші болып табылады. Бұл қасиетті қалай барынша жұмыс істетуге болады? Сұхбатты дұрыс құрып отыру керек. Яғни әлеуетті серіктестермен кездескен кезде сіз онымен жай әңгімелесіп қана қоймай, өз бизнесіңізге арнап белсенді түрде мүмкіндіктер іздеп отырасыз:

  • сұхбаттасыңыздан немен айналысатынын, қандай ресурстарға ие болып отырғанын сұрастырасыз;
  • сіздің жобаңызбен түйісу нүктелерін табасыз;
  • өз-өзіңізді таныстыру рәсімін жүргізесіз;
  • сізбен жұмыс істеудің пайдалы жақтарын атайсыз;
  • өзара іс-қимыл нұсқаларын ұсынасыз.

Эмпатия

Эмпатия — бұл біреудің уайымына ортақтаса білу. Кәсіпкерге бұл ептілік не үшін қажет? Ол анағұрлым сенімгерлік қарым-қатынастар орнатуға көмектеседі, бұл бизнеске жағымды әсерін тигізеді. Мынамен келісетін боларсыз: қатаң сыншыл адамды серіктес ретінде ешкім ұната қоймас, ал жағдайды түсініп және ымыраға келе алатын адам керісінше қалаулы компаньон. Оған қоса, аяғын жаңылып басқан адамды кешіру арқылы сіз өзіңіз қателік жасауға құқылы боласыз.

Төзімділік

Бизнес — бұл өзінде ең төзімді адам ғана жеңетін марафон. Өз-өзіңе көмектесетін қандай әдістер бар? Алған бағытыңнан жаңылмай және барлық күш-жігеріңді қалай сақтап қалуға болады?

  • өзіңізді табысты адамдар мен пікірлестермен қоршаңыз;
  • өз көңіл-күйіңізді қадағалап және зорығуға жол бермеңіз;
  • туындаған проблемаларды командаңызбен бірге шешіп отырыңыз;
  • мамандардан көмек сұрап отырыңыз.

Осы ұсынымдарды ұстанған жағдайда сіз өзіңіздің ішкі ресурсыңызды қоректендіріп және арықтау мен әлсіреудің не екенін білмейтін боласыз.


Сондай-ақ мынаны біліңіз: