Nutrilite™
Super Peptide Nutrilite™

₸ 23 245,00
₸ 19 758,0019758.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 119293
Салмағы/көлемі: 30 стик x 5г.
Мөлшері:

    Бұл өнім жинақтардың бір бөлігі болып табылады:

    Барлығын көрсету

    Super Peptide Nutrilite™ – терінің жастығын сақтауға арналған тамаша шешім:

    • тығыздығын,
    • серпімділігін,
    • бет сопақшасының ықшамылығын,
    • біркелкі бет түсін

    Өнім терінің қартаюының негізгі механизмдеріне әсер етіп, көрінетін нәтижені қамтамасыз етеді.

    Коллаген дегеніміз не?

    Дене тіндері жай ғана жасушалардан тұрмайды. Тіндердің ішіндегі көлемнің көп бөлігі жасушаларымызды бір-бірімен байланыстыратын ерітінді ретінде әрекет ететін жасушадан тыс матрикстан (ЖТM) тұрады. Бұл ерітінді коллаген болып табылатын күшті және серпімді жіптерден құралған қаңқаға негізделген.

    Біздің денеміздегі ақуыз массасының 30% коллагеннен тұрады.

    Коллаген біздің денеміздегі ең көп ақуыз болғандықтан, оның мөлшері дененің өсуіне қарай артады. Бұл шамамен 27 жасқа дейін болады. Осыдан кейін дене жылына коллаген массасының ~ 1% жоғалтады. Бұл қысқарту терінің мыжылуы, қопсытуы және салбырауы, бет өңінің өзгеруі түрінде байқалады.

    Коллаген жіптерінің беріктігіне көптеген факторлар әсер етеді:

    • біз әсер ете алмайтын: генетика, дербес өзгешеліктер, қартаю, қоршаған орта факторларының әсерінен қаңқаның бұзылуы.
    • біз әсер ете алатын: тамақтану, күтім, витаминдер мен минералдармен қамтамасыз ету, темекі тарту, стресс, қанттың жоғары деңгейі.

    Super Peptide Nutrilite™ терінің қартаюының негізгі механизмдерінде жұмыс істейді:

    • Өз коллаген өндірісін ынталандырады
    • фибробласттардың (теріде коллаген түзетін жасушалар) жиырылу қабілетін жақсартады.
    • айқын антиоксиданттық әсерге байланысты терінің жоғарғы қабаттарындағы жағымсыз өзгерістер процестерін баяулатады.
    • Пигмент дақтарының көрінімі мен санын біраз төмендетеді
    • Терінің сарғаюын айтарлықтай азайтады
    • Құрамында жануар компоненттері жоқ (халал өнім)

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.
    Қытайда жасалған

    Super Peptide Терінің жастығын суперқолдау үшін (PDF, 2.3 MB) Сертификат Халяль на продуктКыргызстан (PDF, 596 kb) Сертификат Халяль на продуктМонголия (PDF, 596 kb)

    ӨНІМДЕР ЕАЭО-ДЕГІ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНДЕ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ. БАРЛЫҚ ӨНІМ КО ТР 021/2011 «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ТАЛАПТАРЫНА; КО ТР 022/2011 «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ТАҢБАЛАУ ТҰРҒЫСЫНАН», КО ТР 029/2012 «ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАР, ХОШ ИІСТЕНДІРГІШТЕР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНА» СӘЙКЕС КЕЛЕДІ.

    NUTRILITE™ ББҚ-ЛАРЫ ТЕК ЖЕКЕЛЕГЕН АДАМДАРДЫҢ ТҰТЫНУЫНА АРНАЛҒАН. ББҚ-НЫ ТҰТЫНУДЫҢ ЖӘНЕ САТУДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕ ӘДІСТЕРІНЕ ҚР МЕН ЕАЭО ЗАҢНАМАЛАРЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТАЛАПТАР САҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА РҰҚСАТ ЕТЕДІ. NUTRILITE™ ББҚ-ЛАРЫН «AMWAY CENTRAL ASIA» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДҮКЕНДЕРІНЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ. ДҮКЕНДЕРДІҢ МЕКЕНЖАЙЫ МЕН ӨНІМДЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН WWW.KZ.AMWAY.COM САЙТЫНАН НЕМЕСЕ 8-800-070-55-08 НӨМІРІ БОЙЫНША ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ.
    Барлығын көрсету
    Биологиялық белсенді заттар 1 қапшықтағы мазмұны Адекватты тәуліктік тұтынудың %-ы*
    Рутин бойынша флавоноидтар 16 мг 50
    Пролин 0,108 мг 2,4

    Құрамы:

    коллаген олигопептидтері; тәттілендіргіш: ксилит; майбұршақ пептиді; қышқылдығын реттегіш: лимон қышқылы; бақытгүл гүлдерінің сығындысы (Chrysanthemum morifolium); мальтодекстрин, табиғи хош иістендіргіш «алмұрт», табиғи хош иістендіргіш «ананас», табиғи хош иістендіргіш «шабдалы», қоюландырғыш: карбоксиметилцеллюлоза натрий тұзы, тәттілендіргіш: стевиогликозидтер.

    Құрамында ГМО жоқ. Әлеуетті аллергендер туралы ақпарат: құрамында майбұршақ пен балық бар.
    Құрамында тәттілендіргіш бар. Шамадан тыс мөлшерде тұтынған жағдайда іш өткізуі мүмкін.

    Барлығын көрсету
    Ересектерге күніне 1-2 пакет. Сашенің мазмұнын 100-150 мл жылы суда араластырыңыз. Қабылдау ұзақтығы – 1 ай.

    Қарсы көрсеткіштер:

    Өнімнің компоненттеріне жеке төзбеушілік, жүктілік, лактация. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
    Барлығын көрсету