Боялған шаштарға арналған

Тіпті кәсіби шаш бояудың өзі шаштың құрылымын бұзумен қоса, оны зақымдайды. Шаш өмірлік күшін жоғалтып, құрғап, сынғыш, қатқыл болып, жылтырауын жоғалтып, шатысады. Боялған шаштың қоршаған ортаның зиянды факторларының әсеріне қатысты осалдығы артады. Ең зиянды әсерлердің алдыңғы шебінде УК-сәулелер, дұрыс тамақтанбау, кермек сумен жуу тұр. Шашты қорғап, оның күшін, денсаулығын қайтару үшін оған кәсіби, дұрыс күтім жасау қажет. Мұны SATINIQUE™ топтамасындағы өнімдер қамтамасыз ететін болады*.

Шашты бояғаннан кейін қандай косметиканы қолдану керек?

Бұл жағдайда бірнеше құралдарды қолданған дұрыс болады:

  • Шашты жұмсақ түрде тазалауға арналған сусабын;
  • Шашты қоректендіруге, ылғалдандыруға арналған кондиционер;
  • Шашты қалпына келтіргіш жақпа.

Жақсы құралдар кешенді түрде әсер етіп отыруы тиіс:

  • Кәсіби күтімді қамтамасыз ету: күнделікті ылғалдандыру, қоректендіру, қалпына келтіру.
  • Шаштың түсін ұзақ уақытқа сақтап отыру. Сусабын шаштың түсін шаймауы тиіс.
  • Кез келген сыртқы жағымсыз факторлардың әсерінен, соның ішінде УК-сәулелерден, жоғары температурада сәндеудің, желдің, ластанған ауаның әсерінен және басқа да әсерлерден қорғау.

SATINIQUE™ топтамасында боялған шашқа арнап арнайы түрде әзірленген Color Repair құралдары ұсынылған.

SATINIQUE™ шаш түсінің тұрақты болуына, сұлулығы мен денсаулығына арналған құралдарының артықшылығы

SATINIQUE™ топтамасындағы сусабындардың, жақпалар мен басқа да өнімдердің құрамында ENERJUVE™ кешені бар. Ол шашты ішінен кәсіби түрде қалпына келтіруді қамтамасыз етеді, ол үшін шаштың ішіне еніп, оның әлсіз жақтарын анықтап, шашты нығайтады. Кешеннің құрамы:

  • нығайтқыш липидтер;
  • қаныққан май қышқылы;
  • кератин.

Сусабынның және басқа құралдардың құрамындағы бұл компоненттер шашты ылғалды жоғалтудан қорғайды, шаштың жұмсақтығын, иілгіштігін, беріктілігін, сау жылтыр күйін қалпына келтіреді.

SATINIQUE™ құралдары сульфатсыз формулаға ие. Кәсіби рейтингтер әдетте шаш күтімінің дәл осындай құралдарын қолдануға ұсынады. Сусабын сульфатсыз формуласының арқасында тиімді, алайда жұмсақ тазартады, шаш түсінің жарықтығының 45 мәрте қолдануға дейін ұзақ уақытқа сақтайды.

SATINIQUE™ құралдарының құрамында қосымша түрде табиғи құрамдас заттар: жүзім сүйектерінің майы мен анар сығындысы қолданылады. Олар шаштың жарқыраған күйін, иілгіштігін, жібектей сусығыштығын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.

SATINIQUE™ сусабындарын екі түрлі көлемде сатып алуға болады: 750 немесе 280 мл. Amway ресми интернет дүкенінен тауарларды көтерме бағамен сатып алуға болады. Біз ыңғайлы жеткізу қызметтерін ұсынамыз. Кәсіби кеңес алып, пікір қалдырып немесе Амвэй өнімдерін таңдап, оларға тапсырыс беру үшін бізге хабарласыңыз!


*Сатылымдағы тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың ұсынылған суреттері олардың нақты сыртқы түрінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтында танысуға болады.