iCook™
Өнімдерді турап және дастарханға сәндеп қоюға арналған тақтай

₸ 14 435,00
₸ 12 270,0012270.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 313553
Салмағы/көлемі: 1 шт
Мөлшері:

    Бұл өнім жинақтардың бір бөлігі болып табылады:

    Өнімдерді турап және дастарханға сәндеп қоюға арналған тақтай 2+1 жиынтығы
    Барлығын көрсету

    iCook™ Өнімдерді турап және дастарханға сәндеп қоюға арналған тақтай экологиялық табиғи бамбуктан жасалған. Құрамындағы табиғи ағаш жоғары беріктілігін, ұзақмерзімді пайдалануды және жеңіл күтімді қамтамасыз етеді.

    Тақтайша суық және ыстық өнімдерді турауға, сондай-ақ ірімшікті және туралған етті, жеңіл басытқыларды, канапе мен тоқбасарларды дастарханға сәндеп қоюға келеді.

    Периметрі бойынша ойып жасалған жырашықтың арқасында ыстық тағамдардың сөлі тақтайшаның шетінен асып дастарханның бетіне ағып кетпейді.
    Оны сыйлық ретінде ұсыну өте жақсы идея, себебі тақтайша интерьердегі декор элементі ретінде бола алады.

    Өнімдерді турауға және дастарханға сәндеп қоюға арналған тақтайша кез келген композицияға сән береді, сол себептен сіздің кулинариялық шедеврлеріңізді суретке түсіріп көрсетуге арналған реквизиттің қызметін атқаратын болады.

    Тақтайшаның өлшемдері: 320 x240 x 20 мм.

    Құрамы: бамбук ағашы

    Өндіруші ел: Қытай

    Жарамдылық мерзімі шектелмеген.

    Барлығын көрсету
    iCook™ Өнімдерді турап және дастарханға сәндеп қоюға арналған тақтай
    • Майбұршақ дәндерінің өсімдік майы сіңірілген, соның арқасында табиғи қорғағыш жабын түзіледі. Ол ылғалдың, бактериялардың және жағымсыз иістердің енуіне жол бермейді.
    • Ерекше беріктілік қасиетіне ие және ұзақ мерзім бойы пайдалануға болатын бамбуктың табиғи ағашынан жасалған.
    • Ыстық өнімдерді турап және дастарханға сәндеп қою үшін пайдалануға болады. Тақтай бүлініп қалмау үшін ең жоғары температуралық әсер етудің шамасы 200 ºС-тан және әсер ету уақыты 10 мин. аспауы тиіс
    • Пышақтардың кез келген типімен бірге (керамикалық, болат, тас) қолдануға болады.
    • Аспен жанасқан жағдайда уытты заттарды бөлмейтін және денсаулыққа қауіпсіз экологиялық материалдардан жасалған
    • Үстелдің бетінде және басқа беттерде сырғанамайды.
    • Сақтауға ыңғайлы, тұтқасынан іліп қоюға болады. Тақтайшаны өзіңізге ыңғайлы болатын жерге іліп немесе шкафтың ішіне қойсаңыз болады.
    Барлығын көрсету
    iCook™ тақтайшасы әмбебап сипатқа ие және оны келесі мақсатта қолдануға болады:
    • Өнімдерді турау
    • Дастарханға тағамдарды сәндеп қою
    • Дайын тағамдарды салу (ыдыс ретінде)
    • Поднос ретінде
    • Фото-контент жасауға арналған реквизит ретінде
    iCook™ өнімдерді турауға және дастарханға сәндеп қоюға арналған тақтайшаны күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулық:
    • Тақтайшаны ұзақ уақыт ылғал қалпында ұстауға немесе толығымен суға салып қоюға болмайды.
    • Тақтайшаның бетінде суы көп жеміс-көкөністерді ұзақ уақытқа қалдырмауға кеңес беріледі.
    • Турайтын тақтайшаны ыдыс жуатын машинаға салып жууға болмайды және қысқатолқынды пешке немесе тұмшапешке салып және жылыту аспаптарына қойып кептіруге болмайды. 
    • Деформацияланып және оңып кетпеу үшін тікелей күн көзіне ұзақ уақытқа қалдырмауға кеңес береміз.
    • Кескен кезде тақтайшаның үнемі бір жерін ғана пайдалана бермеңіз. Тақтайша біркелкі тозу үшін оны әр жерін пайдаланып отырыңыз.
    • Тақтайшаны қолданып болғаннан кейін оны шүберекпен сүртіп немесе жуғыш құрал қосылған жылы сумен шайып және міндетті түрде құрғата сүртіп алса жеткілікті.
    • Турайтын тақтайша оның ағашы шамадан тыс кеуіп кетпеу үшін мерзімді түрде профлактика жұмыстарын жүргізіп отыруды қажет етеді, себебі оның ағашы жарылып және ісініп кетуі мүмкін. 1-3 айда бір рет тақтайшаға тағам өнімдерімен жанастыруға болатын минералды май жағып отырса жеткілікті. Бір тақтайшаға 20 мл-50 мл май жұмсалады. Тақтайшаны толығымен майлау қажет.
    Барлығын көрсету