Amway Бестселлерлері
Жеңілдікпен жиынтығына кіреді

Nutrilite™
Инулині бар тағамдық талшықтар қоспасы, 30 саше

₸ 17 400,00
₸ 14 790,0014790.0
Тіркеуден кейінгі баға
Артикул: 102736
Салмағы/көлемі: 30 х 6г
Мөлшері:

    Сау адамның ішек-қарын жолдарында 500-ден көп микроорганизмдер түрі бар. Ішектердің қалыпты флорасы В және К тобының дәрумендерін, аскорбин, никотин және фолий қышқылдарын, ферменттер және амин қышқылдар қатарын синтездейді. Микробты ассоциациялардың болуы өт қышқылдарының тұздары, холестерин, өт пигменттері сияқты негізгі өт құрамдастарының бауырдағы және ішектердегі циркуляциясына қатысу арқылы бауырдың синтетикалық қызметін анықтайды.

    Ас қорыту жолдарының ауруы, балансталмаған тамақ, күйзеліс, антибиотиктерді қабылдау «пайдалы» және «пайдалы емес» ішектердегі бактериялар арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.
    Тамақ рационның тағамдық талшықтармен толуы көкөністер мен жемістердің есебінен болады. Ресей Федерациясы халқының берілген тағам тобын тұтыну мөлшерінің орташа деңгейі ұсынылған нормадан төмен: көкөністер - 23,4%, жемістер - 21,8%.*

    *Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес ағзаны барлық қажетті заттектерімен сәйкес қамтамасыз ету үшін күніне 300-400 г балғын өсімдік өнімдерімен толтыру керек.

    Егер адам қоспасыз өнімдерді және жемістер мен көкөністерді жеткілікті жемейтін болса, онда оның күнделікті тамақ рационында тағамдық талшықтар аз немесе мүлде жоқ, сол себептен ішек-қарын жолдарының қызметтері зиян шегеді

    NUTRILITE™ ББ үстемелеріндегі еритін тағамдық талшықтардың екі табиғи көзінің, инулиннің табиғи көзі болып табылатын, инулины (гуар шайыры және мальтодекстрин) бар тағамдық талшықтардың цикорий тамырының сіріндісімен бірге тиімді үйлесімі тағамдық талшықтардың және инулиннің тапшылығын оғай әдіспен толтыруға мүмкіндік береді. Өнімді тұтыну ас қорыту жүйесін сау күйінде сақтауды және жасұнықты күнделікті тұтынуды көбейтуді қалайтын адамдар үшін пайдалы.

    NUTRILITE™ инулины бар тағамдық талшықтарының қосындысы - иіссіз құрғақ ұнтақ, сұйықтықтармен оңай араласады немесе оның орнына тамағыңызға қосуға болады. Суға ерігенде, мқлдір, дәмсіз, тұтқырлығы аз сұйықтық пайда болып, оны ішу арқылы ағзадағы тағамдық талшықтардың күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Түтікше тәрізді әр пакетте негізгі көзі гуар шайыры және мальтодекстрин болып табылатын (стик-пакет) мөлшері 2,3 граммнан аз емес ерігіш тағамдық талшықтар және цикорий тамырынан өнідірілген мөлшері 1,8 граммнан аз емес инулин бар. Инулин полисахарид тобына жатады және пребиотик болып саналады.

    ТАҒАМ КӨЗДЕРІ

    Ерігіш тағамдық талшықтарөсімдіктердің жасушалық және қабырға, жасуша аралық құрылымына жатады және жасушалық сөлде болады. Ең көп мөлшері жемістерде және тамыр жемістерде болады. Максималды мөлшері алма, қызылша сығындыларында, цитрустарда, күнбағыс кәрзеңкелерінде байқалады.

    Заттекті-прибиотиктер әр түрлі өнімдерде болады: жүгері қауыздарында, жармаларда, нанда, сүт өнімдерінде, түйінді пияздарда, шалғындық цикорийде, сарымсақта, үрме бұршақта, асбұршақта, топинамбурда, стевияда, бөрікгүлде, бананда және т.б. жемістерде, көкөністер мен жасыл көкөністерде.

    Инулин - топинамбур, нарғызгүл, бөрікгүл және бақ-бақ түйнектері мен тамырларында болатын полисахарид.

    ЫҚТИМАЛ ТҰТЫНУШЫЛАР

    • Күніне мөлшері 300 г аз жемістер мен көкөністерді тұтынатын адамдар
    • Тамақ рационында жануарлар майы мен қарапайым көмірсулары артық тұтынатын адамдар
    • Антибиотиктерді қабылдайтын адамдар
    • Стоматологиялық аурулары бар қарттар мен адамдар

    Артықшылықтары

    Құрамында үш түрлі өсімдік көздерінен алынған еритін тағамдық жасұнық бар

    • Жасұнықты тәуліктік тұтыну мөлшерін арттырудың жылдам әрі тиімді жолы
    • Үйреншікті рецепттерге қосымша ингредиент ретінде қолдануға болады
    • Формула асқазанды тітіркендірмейді
    • Құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар (ГТА) жоқ

    5-тен +32 градус Цельсийге дейінгі температурада тасымалдау.


    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Амвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    • Ішек-қарын жолының моторикасын ширықтырады.
    • Асқазан микрофлорасы үшін субстрат болып, оның белсенділік қасиетіне себепші болып, асқазан қызметін қалыптандырады.
    • Токсинді заттарды байланыстырып және шығарып, жақсы сорбент болып табылады.
    • Холестерин мөлшерінің деңгейін азайтуға және қандағы глюкоза мөлшерінің деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
    • Нәрлендіргіш әсерін беріп, ас қорыту ферменттерінің белсенділігін төмендетуге мүмкіндік береді.
    • Салмақты қадағалауға мүмкіндік береді.

    NUTRILITE™ инулині бар тағамдық талшықтар қоспасы

    Анастасия Бодрова
    Нутрициолог, диетология, кардиология, ЕДШ және спорттық медицина салаларының маманы, Nutrilite™ сауда белгісінің федеральдік сарапшысы, СӨС туралы авторлық бағдарламалардың теле- және радиожүргізушісі.

    Бұған дейін тағамдық талшықтардың адам денсаулығына ешқандай әсері жоқ деп есептелген. Қазіргі ғалымдар тамақтанудың бұл компоненті сау ас қорыту жүйесінің негізгі құрамдас бөлшегі екенін дәлелдеді.

    Тағамдық талшықтар дегеніміз «Аш ішекте қорытуға және сіңірілуге төзімді, бірақ тоқ ішекте ішінара немесе толықтай ферменттелетін әрі жеуге болатын өсімдік бөлшектері немесе соған ұқсас полисахаридтер» [1].

    Тағамдық талшықтардың екі түрі болады: «жұмсақ» — суда еритін түрі және «қатты» — суда ерімейтін түрі.

    Бірінші топқа инулинді жатқызуға болады. Ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөлігіндегі ас қорыту ферментері оған әсер етпейді, сондықтан ол өзгеріссіз тоқ ішекке бірден барады. Инулин көптеген өсімдіктерде (сарымсақ, топинамбур және басқалары) болады, өнеркәсіпте оның қайнар көзін цикорийден тапқан.

    Еритін өзек майлардың сіңірілуін баяулататыны белгілі. Ол салмақтың қалыпқа келуіне, қандағы холестерин (немесе еркін холестерин мөлшерінің) деңгейінің төмендеуіне себеп болады, тамақтағы холестерин бөлігінің ыдырауына және қорытылып кетуіне жол бермейді. Сонымен қатар көмірсулар сияқты қоректік заттардың сіңірілуін баяулату арқылы қандағы қант (глюкоза) деңгейін қалыпқа келтіреді және жүкті әйелдердің өзін-өзі жақсы сезінуіне септігін тигізеді.

    Өзгеріссіз тоқ ішекке баратын тағамдық талшықтар ішек микрофлорасына арналған тағамдық субстрат болып табылады және сонда жойылады. Ферментация нәтижесінде қысқа тізбекті май қышқылдары пайда болады, олар колоноциттер үшін энергия көзі болып есептеледі. Одан бөлек қысқа тізбекті май қышқылдары тоқ ішектегі рН деңгейін төмендетеді. Ондай ортада патогентік флора нашар дамиды. Қысқа тізбекті май қышқылдарының және еритін тағамдық талшықтардың механикалық әсері және тоқ ішек қуысындағы рН көрсеткішінің төмендеуі перистальтиканың жеңіл жиырылуына сеп болады. Осының барлығы ішек микрофлорасының құрамын қалыпқа келтіруге көмектеседі.

    Өсімдік талшық мөлшері күнделікті тамақта жеткілікті болуы тиіс. Бұл әсіресе егде жастағы адамдар және іші жиі қататын адамдар үшін өте маңызды.

    Адамның тағамдық талшықтарды күніне қанша қабылдау керектігі жөнінде нақты көзқарас жоқ. Үлкен адам 20–35 г тағамдық талшық тұтынуы керек, себебі қазіргі уақытта физиологиялық қажеттіліктің шегі күніне 30 г, тағамдық құндылық 2500 ккал болуы керек). Еуропалықтар үшін тағамдық талшықтарды тұтынудың орташа көрсеткіші — шамамен 13 г.

    Балаларға арналған көрсеткішті басқаша есептейді. Балалар үшін тағамдық талшықтардың шамамен алғандағы мөлшерін (г) анықтауға болады: баланың жасы (жыл) + 7 г. 6–12 айлық балалар күніне 5 г тағамдық талшық тұтынуы керек [2,3].

    Тамақтағы тағамдық талшықтардың үлесін біртіндеп арттыру керек. Қандай әдіс (тағамдық талшыққа бай тамақ немесе биологиялық белсенді қоспа) таңдасаңыз да, сұйықтықты көп ішуді ұмытпаңыз.

    Күнделікті тұтынатын азық-түліктің құрамында жасұнық көп болуы керек. Оларға үймебұршақ, асбұршақ, кейбір жемістер мен көкөністер, кебек, жасымық, бөрікгүл, тәтті картоп, алмұрт, бұлғар, таңқурай, қабығымен пісірілген картоп, қаражидек, інжір, құрма, асқабақ, асжапырақ, шикі бадам, шикі алма, банан, апельсин, макарон және тұтас дәнді нан жатады.

    Күнделікті тұтынатын тамақта жаңа піскен әрі қабығы аршылмаған көкөністер мен жемістер болуы керек. Онда тағамдық талшықтардың максималды мөлшері бар. Дайындалған көкөністер аздап қытырлап тұруы керек. Термиялық өңдеу арқылы жемістерді өте жұмсақ күйге дейін жеткізсеңіз, жасұнық бұзылады.

    Тұтынатын тамаққа бұршақ тұқымдастарды қосыңыз. Оларды тұтынсаңыз, ұйқы безінің ауруы пайда болу қаупі төмендейді.

    Кептірілген жемістер жасұныққа бай келеді, оларды қанттың орнына ботқаға салуыңызға болады. Жаңғақтар мен шемішкеде жасұнық көрсеткіші өте жоғары, бірақ олардың калориясы өте жоғары.

    Сонымен қатар NUTRILITE™ құрамында инулины бар тағамдық талшықтар қоспасын пайдаланып тұрған дұрыс. Онда арнайы таңдалған тағамдық талшықтар болады.

    Қолдану бойынша ұсыныстар

    1 пакеттің ішіндегісін (6 г) 250–350 мл стақан суға немесе шырынға араластыруға болады, сонымен қатар түрлі дайын тағамдарды қоса аласыз. Дайын тағамдарды қоссаңыз, қосымша 1 стақан кез келген сұйықтық (250 мл) ішіп алу керек. Ересектер тамақ уақытында күніне 1 пакеттен қабылдаса, жеткілікті болады.

    Көріп тұрғаныңыздай, тағамдық талшықтар — бұрын ойлағандай «балласт заттар» емес, функционалдық тұрғыда маңызды компоненттер. Сондықтан ересек адамның да, баланың да күнделікті тұтынатын тағамында ол жеткілікті болуы тиіс.

    1. Anon. The definition of dietary fiber. Report of the Dietary Fiber Definition Committee of the American Association of General Chemists. Cereal Food World 2001; 46: 112–29

    2. Martin O. Weickert, Andreas F. H. Pfeiffer Metabolic Effects of Dietary Fiber Consumption and Prevention of Diabetes. The Journal of Nutrition, Volume 138, Issue 3, March 2008, P. 439–442.

    3. Renee Korczak, Alison Kamil, Lisa Fleige, Sharon M. Donovan, Joanne L. Slavin Dietary fiber and digestive health in children. Nutrition Reviews, Volume 75, Issue 4, April 2017, P. 241–259.

    NUTRILITE™ сауда белгісінің өнімі тағамдық биологиялық белсенді үстеме (ББҮ) болып табылады және ол дәрілік зат емес. NUTRILITE™ тағамдық биологиялық белсенді үстемесін тұтыну алдында дәрігерден кеңес алуды ұсынамыз. Қарсы көрсетімдері бар. NUTRILITE™ ББҮ тек жеке адамдардың пайдалануына арналған. ББҮ пайдаланудың және сатуға өткізудің кез келген басқа тәсілдеріне тек қолданыстағы РФ заңнамасында көзделген талаптар орындалған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. NUTRILITE™ ББ үстемелерін «Эмвэй» ЖШҚ компаниясының сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Сауда орталықтарының мекенжайларын, сондай-ақ өнімнің бар-жоғын www.kz.amway.com сайтынан немесе 8-800-070-55-08 нөміріне қоңырау шалу арқылы нақтылауға болады. Өнім кеден одағының шеңберінде Ресей тұтынушылық бақылау комитетінде тіркеуден өткен. Өнім «Азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» № 021/2011 КО ТР; «Тағамдық өнімдердің таңбаламасы» № 022/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келеді.

    ҚҰРАМЫ: ЦИКОРИЙ ТАМЫРЫНЫҢ СІРІНДІСІ (ИНУЛИННІҢ 90% АЗ БОЛМАУЫ КЕРЕК), ГУАР ШАЙЫРЫ, МАЛЬТОДЕКСТРИН.

    Қолдану тәсілі мен мөлшерлері:

    • 1 пакетті (6,0 г) 250-350 мл суда немесе сокта араластырыңыз немесе 1 пакетті (6,0 г) әр түрлі дайын өнімдерге қосыңыз. Ұнтақты дайын тамақтарға қосқанда, 1 стақан (250 мл) кез келген сұйықтықпен ішу керек. 

    Ересектер тамақ уақытында күніне 1 пакеттиктен қабылдау керек. 

    Қабылдау ұзақтығы - 1 ай. 

    Қажет болса қабылдауды қайталауға болады.

    Қолдану алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады