Іскерлік этикет ережелері

Кәсіби шеберлік ұсақ-түйектен байқалып отырады. Мұқияттылық, сыпайы сөйлеу мәнері, киім, дене қимылы – іскерлік бейне көптеген элементтерден құралады. Іскерлік этикет ережелерін қаншалықты жақсы білетініңізді және клиенттер мен серіктестерде қажетті әсер қалдыра алатын-алмайтыныңызды тексеріңіз.

Іскерлік этикетті не үшін ұстанып отыру қажет?

Қалай ойлайсыз, егер сіз кездесуге гироскутермен келсеңіз, іскерлік серіктестер оған қалай қарайды? Олардың көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін: біреу сіздің заманауи өмір салтыңызды бағаласа, енді біреу сізді жеңілтек деп ойлауы мүмкін.

Іс-қимыл стандарттары бизнес-ортаға байланысты. Креативті агенттікте немесе ІТ әлемінде қалыпты деп саналатын жағдай мемлекттік аппарат өкілдерімен келіссөздерде немесе директорлар кеңесінің жиналысында мүлде орынсыз болып табылады. Жағдайға қарай бейімделе білу – бағалы кәсіби талант, алайда тәжірибелі бизнесмендердің өзін түйсігі адастырып отыруы мүмкін.
Көмекке іскерлік этикет келеді. Ол кез келген жағдайда бағыт сілтеуші болып отырады, кез келген әлеуметтік топпен тілдесу кезіндегі әмбебап іс-қимыл ережелерін көрсетіп отырады.

Іскерлік тілдесу этикасы көптеген ғылымдарға негізделген, олар: тілдесу психологиясы, менеджмент, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру. Бизнес-этикетті білу – біреудің пікірін тиімді түрде басқарудың және жағымды имиджді қалыптастырудың кілті.
Іскерлік этикет мына іс-қимылдарды қалай дұрыс орындап отыру керектігін түсіндіреді:

  • іскерлік кездесуде өзгелермен қалай танысып және өзіңді өзгелерге қалай таныстырып отыру керек,
  • келіссөздер жүргізу барысында өзіңді қалай ұстау керек,
  • клиенттер мен серіктестермен қалай қатынас орнату керек,
  • телефон арқылы және желіде қалай сөйлесу керек.

Сыртқы түрге ерекше көңіл бөлінеді: киімге, шаш үлгісіне, аксессуарларға, сөйлеу ерекшеліктеріне, дене қалпына және тіпті жұмыс орнындағы жағдайға.

Кабинетте  отырған әйел

Этикет ережелерін меңгерген жағдайда сіз өзіңізді сенімді сезінесіз, қолайсыз жағдайларға тап болу ықтималдығын төмендетесіз және өзіңіздің іскерлік беделіңізді жақсартасыз.

Сыртқы түр

Іс-шараның маңыздылық градусы неғұрлым жоғары болған сайын, сіздің киім кию үлгіңіз де соғұрлым ұстамды болып отыруы тиіс. Бұл жалпылама ереже, алайда кейде ол жеткіліксіз. Проблема бизнес-қауымдастықтың ерекшеліктерінде жасырылған: компаниялардың бірінде джинсы мен пирсинг қалыпты жағдай болып табылады, енді біреулерінде қатаң дресс-код қолданылады. Ұйымға алғаш рет бару үшін немесе өздерін бұрын-соңды көрмеген адамдармен келіссөздер жүргізу үшін қандай киім таңдау керек?

Елдің арасында ала бөтен болып отырмау үшін барлап көріңіз. Корпоративтік әлеуметтік желілерді қараңыз: кейде қызметкерлер компанияның ішінде өткен іс-шаралардың кеңселік фотосуреттерін немесе бейнежазбаларды жариялап отырады. Жұмыскерлердің басым көпшілігінің қалай киінгенін, басшылары қалай көрінетінін қараңыз. Сондай-ақ компания интерьерлерінің суреттері көмектесуі мүмкін. Бөлмелердің дизайны ұстамды ма? Олай болса, сіздің де іскерлік костюм кигеніңіз дұрыс болады. Кеңсенің ішінде ақшыл түсті заманауи жиһаз қойылып және қабырғаға көңілді плакаттар ілінген бе? Онда киім киюдің анағұрлым еркін стилін таңдауға болады.

Іскерлік кездесуге арналған киімді таңдау кезінде барынша ұстамды киім үлгілерін қолданып отырған дұрыс болады. casual мәнерінде киінген әріптестеріңіз сіздің пенжегіңіз бен үтіктелген шалбарыңызға таңқалмайды, ал галстук таққан инвесторлармен кездесуге гавай үлгісіндегі жейдені киіп және денеңіздегі суреттерді көрсетіп қойсаңыз, бұл оларға ұнай қоймас.

Айтпақшы, денедегі суреттер жайлы айтайық. Іскерлік стиль оларды анық түрде көрсетуді ескермейді. Сол себептен алғашқы кездесулерде денедегі суреттерді, сондай-ақ пирсингті жасырып қойған дұрыс болады.
Ресми стильдің негізі:

  • іскерлік костюм,
  • егер белдемше кисеңіз, міндетті түрде колготки немесе шұлық киіңіз,
  • ұқыпты шаш үлгісі,
  • күтім жасалған қол, тырнақ,
  • басы жабық таза аяқ-киім,
  • аксессуарлар барынша аз болуы тиіс,
  • қалыпты макияж.

Дене қимылы мен мимика

Сіздің іскерлік бейнеңіз өз-өзіңізге деген сенімділігіңіз бен сыпайылығыңызды көрсетіп отыруы тиіс. Дене Дене қалпын бақылау, эмоцияларды дене қимылымен білдіру, мимиканың ерекшеліктері осыған негізделумен құрылады:

  • дұрыс дене келбеті,
  • арқаны тік ұстау,
  • бейтарап жүзі,
  • денелік түйісуден тек қол алысуға болады.

Денеңіздің тілін қадағалап отыруды үйреніңіз. Вербальді емес сигналдарды басқарып отырыңыз, себебі оларды сіздің сұхбаттасыңыз сіздің бетіңіз бен қозғалыстарыңыз бойынша ажыратып танып отырады. Сол не өзге дене келбетінің не жайлы айтып тұрғанын біліп алған жағдайда сіз өзіңізді бақылап қана қоймай, сондай-ақ айналаңыздағы адамдардың көңіл-күйін анықтап отыра аласыз.

Жұмыс орнын ретке келтіріп ұстау

Егер сіздің жұмыс орныңызға ешкім қатынамайтын болса, онда шығармашылық хаостың дәрежесі – сіздің жеке басыңыздың ісі. Алайда клиенттер мен серіктестер сіздің жұмыс жағдайларыңызды көруі мүмкін деген аздаған ықтималдық болған жағдайда жұмыс орнын әрдайым ретке келтіріп ұстап отыру керек.

Жұмыс орны

Себебі көпшіліктің ойынша ыбырсыған кеңістік – «бастағы бықсықтың белгісі». Сол себептен жинақы емес және сенімсіз адам болып көрінбеу үшін кабинетіңізді, үстеліңіздің бетіне және тіпті компьютеріңізді үнемі тазалап отыруды әдетке айналдырыңыз.
Ия солай, сіздің ноутбыгыңыздың жағдайы да іскерлік бет-бейнеңізге әсерін тигізеді. Марғаулардың суреті бар жапсырмалар, төгілген кофе іздері, жабысып қалатын пернелер және жұмыс үстеліндегі жүздеген белгілер сізді онша жақсы етіп көрсетпейді.
Жұмыс орнына тек қана кеңсе мен компьютер ғана емес, сондай-ақ барлық аксессуарлар жатады. Клиентке көрсету үшін ішінен буклеттерді алып отырған қапшығыңыз, келісімшартқа қол қойып отырған қаламыңыз – іскерлік этикетте елеусіз заттар болмайды.

Amway-мен бизнестегі іскерлік этикет

Іскерлік этикетті кез келген жұмыста білу қажет, дегенмен де кейбір қызмет салаларында ол барынша маңызды орынға ие болып отырады. Осындай салалардың бірі – тікелей сатылымдар. Бұл жерде өзгелерде жақсы әсер қалдыру шеберлігі адамның беделіне ғана емес, сондай-ақ табыс деңгейіне әсер етіп отырады.

Тікелей сатылымдардағы бизнес – бұл өндіруші-компаниямен ынтымақтастық жасаумен, тауарларды сатудан табыс тауып отыру мүмкіндігі. Мысалы, осылайша Amway компаниясымен – косметиканы, үйге арналған құралдарды, тағамдық қоспаларды және басқа да көптеген тауарларды өндірушімен ынтымақтастық жасасып отыруға болады.

Amway компаниясы арқылы табыс тауып отыру үшін кәсіпкер ретінде тіркеліп және оның өнімдерін әлеуетті клиенттерге: таныстарға, әріптестерге, әлеуметтік желідегі достарыңызға ұсынып отыру керек. Адам тауарға қызығушылық танытып және тапсырысты ресімдеген жағдайда кәсіпкер сыйақы алады.

Amwaу-мен бизнестің барлық кезеңдері тілдесумен байланысты болып келеді. Тікелей сатылымдарда табысқа жету және соған сәйкес кәсіпкердің табысы сатып алушылар мен серіктестермен қарым-қатынас жасау шеберлігіне тікелей байланысты болып келеді. Қалай сату керектігін Amwaу академиясында үйретеді: әрбір кәсіпкер сатудың заманауи техникаларын және келіссөз жүргізудің ерекшеліктерін меңгере алады.

Іскерлік этикетті ұстану жағымды сырт бейненің қалыптасуына ықпал етеді және клиентпен байланыс орнатуды жеңілдетеді.

Алайда сіздің не айтып отырғаныңыз ғана емес, сіздің басқа адамдарда қандай әсер қалдырып отырғаныңыз да маңызды. Тиімді тілдесу үшін алдымен адамдардың көңілін өзіңізге аударып, сенімгерлік қатынастар орнату қажет.

Іскерлік тілдесу ережелері

Іскерлік тілдесудің екі алыбы – сыйлау және әдептілік таныту. Оларды естен шығармаңыз, сонда сіз кездесулерге кешікпейсіз, сұхбаттасыңыздың сөзін бөлмейсіз, орынсыз әзілдемейсіз, біреумен сөйлескен кезде телефонға көңіл аудармайсыз және іскерлік этика принциптеріне кереғар болып келетін басқа да көптеген заттарды жасамайтын боласыз. Бұдан әрі біз әртүрлі жағдайларға арналған нақты ұсыныстарды қарастыратын боламыз.

Телефон арқылы сөйлесу ережелері

Іскерлік этикет телефондық сөйлесулерді: барынша қысқа сөйлесулерді, сондай-ақ өнімнің таныстырылымын қамтитын ұзақ сөйлесулерді, мәміленің даулы бөлімдерін талқылауды, клиентке кеңес беруді регламенттейді.

Нөмірі бірінші әдеп сақтау ережесі – кез келген, тіпті өте қысқа қоңырау шалудың өзіне дайындалып отырыңыз. Нөмірді терген кезде сіз коммуникацияның мақсатын және жеткізгіңіз келетін хабарламаны нақты елестетіп отыруға тиіссіз. Іскерлік тілдесуде «айтайын дегенімді ұмыттым» деген олқылықтарға және «хал қалай» деген сауалдарға жол берілмеуі тиіс, себебі олар уақыттың шығындалуына әкеледі және сіздің абонентті құрметтемеуіңіздің белгісі.

Әйел телефон арқылы сөйлесуде

Іскерлік телефондық сөйлесудің құрылымы мынадай болып отыруы мүмкін:

  • абонентпен амандасып, оның есімін атаңыз;
  • өзіңізді таныстырыңыз: есіміңіз және өзіңіз танытып отырған компания;
  • қоңырау шалудың себебін қысқаша айтып беріңіз;
  • қажетіне қарай қоңырау шалудың шұғыл сипатын атап өтіңіз;
  • абонентке сізбен сөйлесу ыңғайлы ма, соны сұраңыз;
  • егер ыңғйсыз болса, қашан қоңырау шалуға болатынын сұраңыз;
  • егер ыңғайлы болса, көздеген мәселелерді талқылап алыңыз;
  • сөйлесудің соңында қорытындылаңыз;
  • бұдан арғы іс-қимылдарыңызды келісіп алыңыз (кездесу, қоңырау шалу, хат жазу және т.б.);
  • тілдескені үшін алғыс айтыңыз;
  • қоштасыңыз.

Кейбіреулер 3 және 5 тармақтардың орнын ауыстырып отырады: алдымен сұхбаттасының бос-бос еместігін сұрап біледі, және тек содан кейін іске көшеді. Бұл да қалыпты тәсіл, дегенмен ол онша ыңғайлы емес. Елестетіп көріңіз: сізге біреу телефоннан қоңырау шалды және ол адам сізден қазір сөйлесе аласыз ба деп сұрауда. Сізде бір-екі минут бар, сондықтар теориялық тұрғыдан ия сөйлесе аласыз, алайда онша ұзақ емес. Барлығы сөйлесудің тақырыбына байланысты: кездесудің уақыты мен орнын белгілеп үлгересіз делік, алайда келісімнің егжей-тегжейін талқылауға уақыт жоқ. Сондықтан қоңырау шалған кезде сұхбаттасыңыз сөйлесудің қанша уақытқа жалғасатынын түсіну үшін оның тақырыбын бірден айтып кеткен дұрыс.

Нөмірі екінші әдеп сақтау ережесі – тиянақты болыңыз. Сағат 13:20 сөйлесеміз деп келістіңіз бе, демек дәл осы уақытта қоңырау шалу керек. Осылайша сіз өзіңіздің міндеттілігіңізді және уағдаластықты орындау шеберлігіңізді көрсететін боласыз.

Іскерлік хат алысу ережелері мен нормалары

Ресми хат жазу қажеттігі көпшілікті тығырыққа тірейді. Бір қарағанда міндет түсінікті сияқты: ойыңызды бірнеше сөйлем арқылы білдіру, алайда практика жүзінде бұл соншалықты оңай болмай шығады. Неге екені білегсіз кейбір бизнесмендер мәтін канцеляризмсіз, ауыр салмақты пайымдамаларсыз және кәсіби сленгсіз елеусіз болып көрінеді деп санайды. Шындығына келгенде артық мөлшердегі ұзын сөйлемдер мәтінді оқуды қиындатады.

Адресатыңыз сөйлеп отырған тілде жазуға тырысыңыз: қысқартылған сөздер мен терминдер әріптестеріңізбен хат алысқан кезде орынды, ал клиентке хат жазған кезде кез келген адамға түсінікті болатын қарапайым сөйлемдерді таңдап отырған дұрыс.

Іскерлік хат алысу ережелері:

  • мағынасы кең сөйлемдерді қолданыңыз,
  • дөрекі сөйлемеңіз,
  • хаттың соңында қол қойып және кері байланысқа шығуға арналған деректерді көрсетіңіз (телефон, WhatsApp және басқасы) email хат жазған кезде оның тақырыбын ойластырып қойыңыз – ол сіздің хабарламаңыздың мәнін ашуы тиіс.

Қалай ойлайсыз, хатты қалай атаған дұрыс болады: «Түзетулер» немесе «Баннер бойынша түзетулер» ме? «Татьянаның сұратуы» немесе «Сметаның есеп-қисабы бойынша сұрату» ма? Екі жағдайдың екеуінде де екіншісі дұрыс, себебі ол арқылы хаттың тақырыбын оны ашпай-ақ түсінуге болады.

Email-мен ноутбук

Интернетте тілдесу нормалары

Бір қарағанда, клиентпен әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және email арқылы тілдесу – бірдей болып көрінеді, барлық арналар үшін іскерлік хат алысу ережелері қолданылады. Шындығына келгенде айырмашылықтар бар: әлеуметтік желілер мен мессенджерлер электронды пошта арқылы хат алысуға қарағанда бейресми сипатқа ие және анағұрлым жанды диалогты меңзейді. Дегенмен де, чатта хат алысқан жағдайдың өзінде дөрекілік танытпай және іскерлік мәнерді сақтап отырған маңызды.

Негізгі ереже – желіде адаммен онымен көзбе-көз түрде кездескен жағдайдағыдай тілдесіп отырыңыз.

Желілік этикеттің принциптері мен ерекшеліктері:

  • есімін, әкесінің есімін атап, «сіз» деп сөйлесіңіз;
  • сұхбаттасыңыздың никнеймі мен аватарын талқыламаңыз;
  • эмодзилерді тым жиі қолданбаңыз;
  • сауатты жазыңыз;
  • бір ойды бірнеше хабарламаға бөлмеңіз;
  • CapsLock пернесін қолданбаңыз;
  • сөздердің орнына смайлдар мен символдарды қолданбаңыз.

Хабарламаларды жіберудің алдында оларды тексеріп отырыңыз, олардың ақпараттық сипатын, қаншалықты оңай оқылатынын бағалаңыз.

Әріптестермен тілдесу ережелері

Әріптестермен тілдесу кезіндегі іскерлік этиканың басты принциптерінің бірі – субординация. Дөрекілікке басшы мен қол астындағы қызметкер бір-бірін өте-мөте ұнатқан жағдайдың өзінде жол беруге болмайды.
Ұжымда достастық атмосфера тудыру және сонымен қатар кәсіби қарым-қатынасты сақтап қалу – өзіне топпен жұмыс істейтін әрбір адамға меңгеріп алу керек болатын нағыз өнер. Төмендегі ережелерді ұстанып отырыңыз:

  • әріптестердің жеке кеңістігін құрметтеңіз,
  • дұрыс сын айтыңыз: сындарлы түрде, адамның жеке қасиеттерін қозғамаңыз,
  • күмәнді тақырыптардан (әсіресе дін, саясат, қаржы және денсаулық жайлы сөйлесулерден). аулақ болыңыз

Сәтті келіссөздердің негізі

Келіссөздерде біз өздерін жоғарыда талқылаған ережелердің барлығы қолданылады:

  • тиянақтылық,
  • ұстамды киіну,
  • корпоративтік этиканы ұстану,
  • сұхбатты сауатты түрде жүргізу.

Сөйлесу барысында материалды нақты, дәйекті түрде беріп отырыңыз. Ол үшін дикцияңызды жаттықтырыңыз, паразит сөздерді қолданбаңыз, жағымды дауыс тембрін қалыптастырыңыз. Сұхбаттасуды маңыздылығы барынша төмен аспектілерден бастап, біртіндеп анағұрлым елеулі аспектілерге көшіңіз. Сұхбаттасыңызды тыңдаңыз, оны пікірін ескеріп және келіссөздің кез келген нәтижесінде кәсіби шебер болып қалып отырыңыз.


Сондай-ақ біліңіз: