үйде қосымша табыс

Отбасына арналған қосымша табыс

2022 жылдың 21 желтоқсан

Отбасының кірісін арттыруға болады

Көбірек табыс табу үшін көбірек жұмыс істеп немесе уақыт бірлігінде көбірек ақша тауып отыру керек. Алғашқы нұсқасы шұғыл сипаттағы шара ретінде қолдануға келеді. Екіншісіне көбірек талпыну керек. Алайда өз отбасының кірісін арттырудың одан басқа да бірнеше әдісі бар.

Шығыстарды оңтайландырыңыз

Күйеуі мен әйелі шығыстарды оңтайландырумен айналысуда

Ақшаны табуға қарағанда жұмсаған әлдеқайда оңай әрі жағымды. Алайда қисынды үнемдеу және шығыстарды оңтайлы есептеу – кірісті арттырудың тиімді әдісі.

Үнемдей отырып, табыс тауып отыру үшін келесі кеңестерді ұстанып отырыңыз:

  1. Барлық кірістер мен шығыстарды тіркеп отырыңыз. Бірнеше айда бір рет өзіңіздің мерзімді шығыстарыңызды талдап отырыңыз: мүмкін олардың бір бөлігін қысқартуға болар. Кездейсоқ түрде ақша жұмсауды қадағалап отырыңыз.
  2. Бюджетіңізді бір айға арнап жоспарлап отырыңыз. Басымдықтарды белгілеп отырыңыз, «қажетті» мен «қалаған» түрдегі ақша жұмсауларды бір-бірінен ажыратып отырыңыз.
  3. Табыс тапқаннан кейін қаржылық жастықша құру үшін оның 10–15%-ын жинап отырыңыз. Ережені бұзбауға тырысыңыз: егер сіз осы соманы қазір жұмсап қоятын болсаңыз, келесі айда одан екі есе артық соманы жинай алмассыз.
  4. Шоттардың барлығын жалақыңызды ала салысымен бірден төлеп отырыңыз.
  5. Ұялы және интернет-тарифтерді үнемі салыстырып отырыңыз. Егер тиімді нұсқасына әсіресе бүкіл отбасыңызбен қосылсаңыз, бір жылда едәуір ақша үнемдеуге болады.
  6. Егер сіздің электронды жазылымдарыңыз болса (онлайн-кинотеатрларға, ойындық сервистерге, курстарға), оларды тексеріп, керексізін өшіріп отырыңыз.
  7. Жұмсалатын материалдарды уақытында айырбастап отырыңыз: нәлдерді, суға арналған сүзгілерлі, автокөлік сұйықтарын, картридждегі бояуды. Сіз осылайша сіз заттардың қызмет ету мерзімін ұзартасыз және қымбат жөндеуден аулақ боласыз.
  8. Мерзімді түрде профилактикалық тексерулерден өтіп отырыңыз: емдеуге қарағанда алдын алған арзанға түседі.
  9. Сақтандыру полисін ашыңыз. Әртүрлі нұсқаларын салыстырып көріңіз, пікірлерді оқыңыз. Сақтандыру түрін таңдауға мұқият қараңыз: артынан сіздің жағдайыңыздың сақтандыру жағдайларына жатпайтынын білгеннен гөрі шамалы артығырақ ақша төлеген дұрыс.
  10. Энергия үнемдеуші шамдар мен энергия тиімді техниканы сатып алыңыз.
  11. Қайта пайдалануға болатын су бөтелкесін өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
  12. Аяқ киімді, киімді және ойыншықтарды жөндеуге, айырбастауға немесе сатуға болатын болса, тастамаңыз.

Тиімді түрде сауда жасаңыз

Дүкендегі әйел алдын-ала жасалған тізім бойынша сауда жасап жүр

Көпшілігі үшін шопинг — негізгі шығыстық баптардың бірі болып табылады. Ақшаңызды артық шығындамау үшін:

  1. Дүкенге тізіммен барыңыз және егер науқандық тауар сіздің тізіміңізде болмаса, оны алып қоймауға тырысыңыз.
  2. Кездейсоқ түрде сатып алуды кейінге қоя тұрыңыз. Өз-өзіңізге ойланып және оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз.
  3. Дүкенге аш қарынға, жалақы алған кезде немесе әмияныңызда көп сомамен бармаңыз.
  4. Есіңізде болсын, арзан затты сатып алу әрдайым үнемді білдіре бермейді. Заттың бағасына, сауда белгісіне немесе қаптамасының әдемілігіне емес, сапасына қарап отырыңыз.
  5. Ірі сомадағы заттарды сатып алуды олар шұғыл түрде қажет болып қалған сәтте қымбат бағаға сатып алмау үшін алдын-ала жоспарлап отырыңыз.
  6. Маусымнан тыс уақытта сатып алыңыз: қыста жаздық киімді және жазда керісінше қыстық киімді сатып алып отырыңыз. Таңдап алуға болатын заттар әрине аз, оның есесіне бағасы қуантады.
  7. Сізге 1-2 кигенге керек заттарды таныстарыңыздан немесе жалға алыңыз.
  8. Жеңілдігі бар қосымшаларды орнатыңыз, дүкендердің хабарламаларына жазылыңыз.
  9. Ниеттестік карталарын қолданып отырыңыз.
  10. Дәрі-дәрмектің арнайы сайттарда көрсетілген бағаларын салыстырып және дәрігерден немесе фармацевтен әрдайым арзанырақ баламасын ұсынуын өтініңіз.

Салым немесе жинақтау шотын ашыңыз

Салым немесе жинақтау шотын ашыңыз

Ай сайын белгілі бір соманы жинап отыруға болады. Алайда ақша жұмыс істеп және табыс әкеліп отыруы тиіс. Сол себептен оларды банкіде сақтап, соның пайызын алып отырған дұрыс болады.

Қайдан және қандай шот немесе салым ашқыңыз келетінін түсіну үшін мынаны шешіңіз:

  • қанша соманы салуға дайынсыз;
  • қандай валютада;
  • қандай мерзімге;
  • шотыңызды толықтыруды жоспарлап отырсыз ба;
  • сізге ақшаны жартылай шешім отыру мүмкіндігі қажет пе.

Осыдан кейін банкілердің сайттарындағы немесе арнайы калькулятор-сайттардағы нұсқалармен танысыңыз, олар әртүрлі ұсыныстарды салыстырып отыруға мүмкіндік береді.

Қаражатыңыздың сақталатынына сенімді болу үшін банкінің лицензиясын тексеріп және ол жайлы келесі түрдегі ақпаратпен мұқият танысып шығыңыз: банкінің тарихы, оның негізгі қаржылық көрсеткіштері, басқа салымшылардың пікірлері. Банктің Салымдарды міндетті сақтандыру жүйесіне кіретінін біліңіз.

Банктердің арнайы ұсыныстарын қадағалаңыз: олар жаңа клиенттерді тарту үшін жиі түрде тиімді шарттармен науқандарды өткізіп отырады.

Өз бетіңізше білім алып отырыңыз

Өз бетіңізше білім алып отырыңыз

Жаңа нәрселермен танысу — миыңызды тонуста ұстаудың, кәсіби тұрғыдан дамудың және өз табысыңызды арттырудың ең жақсы әдісі.
Нақты бір саладағы біліміңізді арттырып, тар салалы маман бола аласыз: туризм саласындағы заңгер, аспаз-кондитер, жануарлар фотографы.
Кең салалы маманға айналып және көрсететін қызметтеріңіздің спектрін сан-алуан түрлі етуге болады. Мысалы, тек әйелдердің ғана емес, еркектердің де шашын қиюды үйрену; тағы бір шет тілін үйреніп алу; кәсіпқой сантехник болумен қоса электрик мамандығын үйреніп алу.
Егер сіз өз қызмет саласыңызды түбегейлі өзгертуге дайын болсаңыз, жаңа мамандықты басынан бастап меңгеріп алыңыз. Университетті қайта бітірудің немесе қайта даярлау курстарына барудың қажеті жоқ. Интернеттің арқасында сіз үйден шықпай-ақ өсе аласыз: онлайн курстарда, вебинарларда, оқытушымен бейне чаттарда, кітаптар мен мақалалар бойынша.

Қосымша табыс көзін табыңыз

Қосымша табыс көзін табыңыз

Өзіңіздің мықты жақтарыңызды, әуесқойлықтарыңыз бен жасырын таланттарыңызды – роликпен сырғанаудан бастап кесте тігу және адамдармен оңай тіл табысуға дейін жазып қойыңыз. Осыдан қалай табыс таба алатыныңызды ойланып көріңіз.

Өз біліміңізді, дағдыларыңызды немесе қолдан жасалған бұйымдарды әлеуметтік желілерде және арнайы сайттарда насихаттауға тырысыңыз. Бос жұмыс орындары мен хабарландыруларға белсенді түрде жауап беріңіз. Өзіңізді жариялаудан қорықпаңыз. Егер сізге өз-өзіңізге деген қосымша сенімділік қажет болса, таныстарыңыздың арасынан алғашқы клиенттеріңізді іздеп көріңіз, ал төлемнің орнына пікір жазуын сұраңыз. Әрекет етіңіз!

Таныстық аясын кеңейтіңіз

Таныстық аясын кеңейтіңіз

Сіздің әлеуетті клиенттеріңіз баруы мүмкін шараларға барып жүріңіз. Мынаны ескеріңіз: мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі тақырыптық қауымдастықтардан пікірлестерді ғана емес, алғашқы тапсырыс берушілерді де табуға болады. Танысудан ұялмаңыз, талқылауларға қатысыңыз, пайдалы байланыстар орнатыңыз.

Өз сауда белгіңізді жарнамалаңыз

Адамдар үшін адамдар қызықты. Сол себептен тіпті бейтаныс адамның өзінен алынған кеңес, ұсыным немесе жарнама сауда белгісінен алынған тура сондай ақпаратқа қарағанда жақсырақ қабылданып отырады. Өзінде өзіңізді сарапшы сияқты сезінетін саланы табуға тырысып, өзіңізді өзіне сенуге болатын және сену керек болатын кәсіпқой ретінде көрсетіңіз.

Өз бизнесіңізді Amway-мен бірге бастаңыз

Жасыңыз, біліміңіз және жұмыс тәжірибеңіз маңызды емес. Егер сіз өз-өзіңізге жұмыс істеп, негізгі табыс көзін немесе бос уақытқа арналған қосымша жұмыс тапқыңыз келсе, Amway компаниясы сізге мұндай мүмкіндікті ұсынады.
Amway — жоғары сапалы косметика мен жеке гигиена құралдарының, биологиялық белсенді қоспалардың, тұрмыстық химия мен тұрмыстық заттардың халықаралық өндірушісі. Көптеген жұлдыздар мен танымал блогерлер компанияның өнімдерін пайдаланып және үнемі түрде өз пікірлері мен содан алған әсерлерімен бөлісіп отырады.
Amway компаниясының нақышталған бизнес-процестері әркімге өз ісін тәуекелсіз және ірі салымдарсыз бастауға көмектеседі. Жай ғана сайтта тіркеліп және 8000 теңге тіркеу жарнасын төлесеңіз (немесе тіркелгеннен кейін 30 күн ішінде 200 ұпайдың өнімдерін сатып алсаңыз) болғаны.
Amway Академиясында тегін оқудан өтіңіз, мұнда істі сәтті түрде бастау үшін қажетті барлық ақпарат жинақталған. Танымал блогерлер, халықаралық сарапшылар мен білікті жаттықтырушылар:

  • компанияның өнімдері туралы толығырақ айтып береді;
  • сұлулық, денсаулық, кулинария және үй күтімі саласындағы кешенді білімімен бөліседі;
  • клиенттерді іздеп және тартуды, жеке сауда белгісін жарнамалауды және интернетте өз бизнесіңізді жүргізіп отыруды үйретеді.

Сондай-ақ мынаны біліңіз: