Косметикадағы парабендер
20 қыркүйек 2022
Неліктен косметикалық компаниялардың бірі өз өнімдеріне парабендерді қосып, ал екіншілері қоспайды? Біріншісінде әңгіме біздің теріміз бен тұтастай денсаулығымызға әлеуетті зияны жайлы болып отыр дегенді білдіре ме? Немесе аты шулы «paraben free» жазуы еліктіргіш жаңа жарнама ма? Жауабы біздің мақаламызда.
Парабендер дегеніміз не?
Бұл декоративті және күтімге арналған косметикада консервант ретінде қолданылатын химиялық заттектер. Олардың антисептикалық қасиетінің арқасында өнім құрамы толығымен табиғи болып келетін соған ұқсас өніммен салыстырғанда өзінің қасиетін анағұрлым ұзақ уақыт бойы сақтап отырады. Бұл консервант аз концентрациясының өзінде жоғары тиімділігімен танымал, бұрыннан бері және тек қана косметикалық өнеркәсіпте ғана қолданылмайды. Ол тіпті тамақ өнімдерінде болып отыруы мүмкін.

Косметикада қандай парабендер болады?
Парабендер сұйық, гель және крем тәрізді текстураға ие косметикалық құралдарда қолданылады. Оларға кремдер, рең беретін негіздер, кірпікке арналған сүрмелер, ерінге арналған жылтыр далаптар және суға негізделген басқа да өнімдер жатады. Көбінеки олардың құрамында консервант ретінде этилпарабендер мен метилпарабендерді кездестіріп отыруға болады, себебі бұл қосылыстар құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қоршаған ортаның әсеріне қарсы тұрақты болып келеді. Қарапайым сөзбен түсіндіретін болсақ: егер сіз кездейсоқ түрде ерін далабын күннің астында қалдырып кетсеңіз өнім бұзылмайды және оны әлі де теріге жаға беруге болады.
Парабендердің пайдасы бар ма?
Консерванттардың теріге немесе шашқа тигізер пайдасы жоқ. Олар әжімдерді жазбайды, эпидермисті ылғалдандырмайды, терінің мүйізденіп кеткен жасушаларын қабыршақтандырмайды, теріні жылтыратпайды және т.с.с. Алайда антисептикалық қасиетінің арқасында консервант сіздің крем салынған ыдысыңызда бактериялардың тарауына жол бермейді және сол арқылы оның жарамдылық мерзімін ұзартады. Оған қоса мұндай өнім нәтижесінде қауіпсіз деп саналады, себебі бактериялар терінің тітіркенуіне немесе бөртуіне әкеп соқтырады деген тәуекел төмен.
Тағы бір артықшылығы — формуланы тұрақтандыру. Консерванттың арқасында өнімнің қажетті консистенциясына ие болып және басқа компоненттердің арасындағы қақтығысты айналып өтуге болады.
Косметикадағы парабендер несімен қауіпті?
Әзірше олардың зиян екендігі туралы ғылыми дәлелденген фактілер жоқ. Жаппай түрдегі дүрбелең ғалымдар осы консерванттың сүт бездерінде жоғары концентрациясын тапқан кезде басталды, олар бұл денсаулыққа байланысты кейбір елеулі проблемалардың себебі болуы мүмкін деген болжам жасады. Алайда өзара байланысы әлі дәлелденбеді.
Сонымен қатар бұл консерванттың қарсыластары ол иммундық жүйенің шамадан тыс қарқынды реакциясын тудыруы мүмкін деуде. Ал ультракүлгін сәулемен әрекеттескен кезде терінің қартаю процесін жылдамдатады. Мұндай зиянның да дәлелі жоқ, тек қана болжам.
Сол себептен жалғыз ғана кеңесіміз — теріні жууға көбірек көңіл бөліңіз. Теріні су сіңіргіш майды немесе мицеллярлы суды қолданумен мұқият тазарту консерванттардың теріге терең енуіне жол бермей оның зиянын азайтуға көмектеседі.
Косметиканың құрамында парабендер қалай көрсетіледі?
Ұлғайтқышты алыңыз — қазір құрамын оқитын боламыз! «paraben free» жазуына сен, алайда тексер дегендей. Кейде өндірушілер косметикалық құралдың құрамында беделі күмән тудыратын компонент бар екенін жасыруға тырысып отырады, сол себептен оны код түрінде көрсетеді. Сондықтан енді дүкенге тізіммен бару керек болады.
Косметикадағы белгілер:
- Е218 мен Е219 — метилпарабен.
- Е214 — этилпарабен.
- Е216 — пропилпарабен.
Сондай-ақ консервант бутилпарабен, бензилпарабен, изобутилпарабен, метагин, пропагин, нипагин, нипазол, натрий тұздары деп көрсетіліп отыруы мүмкін. Егер сіз «гидроксибензой қышқылдары» деген жұмбақ жазуды көрсеңіз, мұның да paraben free екенін біліңіз.
Парабені жоқ косметиканы қалай таңдауға болады?
Статистика бойынша косметикалық компаниялардың 75%-ы өнімдерін шығарған кезде консерванттар қолданады. Қаптамалардағы қызықтыратын жазулар небәрі еліктіргіш жарнама болуы мүмкін. Тұтынушының барлығы бірдей кремдердің құрамында не бар екен деп білу үшін олардың жапсырмаларындағы жазуларды оқуға жарты кешін шығындай бермейді.

Егер сіз парабені бар косметикадан қорықсаңыз және теріңізге анық түрде зияны тимейтін косметиканы сатып алғыңыз келсе, бұл жағдайда мұның тек қана үш жолы бар. Біріншісі — косметиканың құрамын өзіңіздегі тізімге сүйене отырып мұқият оқып шығу. Екіншісі — жарамдылық мерзіміне көңіл аудару. Егер ол үш аптадан артық болса, демек құралдың құрамында консерванттар бар деген сөз. Және үшіншісі — тексерілген сауда белгілерін таңдап отыру. Мысалы* Amway ұсынған Artistry Skin Nutrition™ өнімдері құрамында парабендері жоқ косметикаға жатады. Оған қоса, сауда белгісінің барлық өнімдері «таза сұлулық» пен қауіпсіздік критерийлеріне сай. Бұл дегеніміз - Artistry Skin Nutrition™ тері күтіміне арналған құралдарының құрамында тек қана тиімді және тексерілген, табиғи және синтезделген құрамдас заттар қолданылған.
Amway-дің косметикасымен бірге өзіңізді күтіңіз!
*Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың сайтта көрсетілген суреттері олардың іс-жүзіндегі сыртқы бейнесінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com. сайтынан танысуға болады.
Сондай-ақ біліңіз: