Тәжірибесіз жұмысты қалай табуға болады?

Әркім бір нәрседен бастайды. Кез келген бас директор бір кездері тәжірибесіз және дағдысыз бірінші жұмысына орналасуға келген. Тәжірибенің жоқтығы кемшілік емес, жақсы жұмысқа орналасуға кедергі емес. Бұл жай ғана кезең, мансап пен қаржылық биіктерге жету жолындағы қадамдардың бірі. Біз сізге бұл кезеңнен қалай ауыртпалықсыз және мүмкіндігінше тез өту керектігін айтып береміз.

Жұмыс берушілер үшін неліктен тәжірбие маңызды?

Алдымен жағдайға жұмыс берушінің көзімен қарайық.

Бұрын ұқсас жұмысты орындаған қызметкерді жұмыс барысына біріктіру оңайырақ болады. Ол тез арада толыққанды жұмысшыға айналады. Үйренуі аз уақытты қажет етеді, қателесу мүмкіндігі аз. Тәжірибелі маман мамандық туралы теориялық білімге ие, сонымен қатар оларды іс жүзінде қолдануды біледі. Оны белгілі бір компанияның ерекшеліктеріне бейімдеу ғана қалады және бұл адамды нөлден бастап оқытудан оңайырақ. Сонымен қатар, әрбір фирмада өзінің тікелей міндеттерімен қатар тәлімгерлікпен де айналысатын қызметкерді бөлу мүмкіндігі бола бермейді.

Тәжірибесі бар қызметкерді жұмысқа алу арқылы жұмыс беруші тәуекелді азайтады.

Кең таралған жағдай - компания тәжірибесі жоқ жаңадан келген адамды оқытуға уақыт жұмсайды, содан кейін ол бос орынға мүлдем сәйкес келмейтінін анықтайды. Уақыт бекерге жұмсалды, тапсырмалар әрекетсіз тұр, маман іздеуді жаңадан бастау керек.

Үміткердің мансап жолын зерттей отырып, оның кәсіби шеберлігін ғана емес, ұжымда жұмыс істей білу, міндеттеме, жауапкершілік сияқты қасиеттерін де бағалауға болады. Сондықтан кадр бөлімі қызметкерлері көбінесе тәжірибесі бар үміткерлерді дұрыс көреді.

Дегенмен, көптеген жұмыс берушілер студенттер мен жоғарғы оқу орны түлектерінің тәжірибесінің жоқтығына түсіністікпен қарайды, сонымен қатар ұқсас лауазымдарда жұмыс істеген мамандарды қарастыруға дайын.

Собеседование

Тәжірбиесіз жұмысқа қалай орналасуға болады?

Әрекеттер алгоритмі келесідегідей:

  1. Саланы таңдаңыз: қайда және кім болып жұмыс істегіңіз келеді.
  2. Таңдалған саладағы бос жұмыс орындарын қараңыз.
  3. Жұмыс берушілердің негізгі талаптарын жазып алыңыз.
  4. Осы талаптарға қаншалықты сәйкес келетініңізді, жұмысқа тұру үшін сізге не жетіспейтінін талдаңыз.
  5. Даму жоспарын жасаңыз: мысалы, курстардан өту, фриланс жобаларында жаттығу.
  6. Жетіспейтін білім мен дағдыларға қол жеткізіңіз.
  7. Түйіндеме дайындаңыз.
  8. Іздеуді бастаңыз: жұмысқа орналасу сайттарында түйіндемеңізді орналастырыңыз, қызықты бос орындарға жауаптар жіберіңіз.
  9. Сұхбатқа дайындалыңыз.
  10. Жұмыс берушілердің пікірлерін жинақтаңыз (бас тарту себептерін анықтап, сұхбат сұрақтарын назарда ұстаңыз).
  11. Қорытынды жасап, түйіндемеңізді немесе келіссөздер жүргізу дағдыларын жетілдіріңіз.

Тәжірбиесіз кім болып жұмыс істеуге болады?

Женіл жұмыс нұсқалары: даяшы, жеткізу қызметкері, такси жүргізушісі, телефон операторы, әртүрлі жұмыс атқраушы. Қосымша идеяларды жұмыс сайттарынан табуға болады. Ол үшін:

  • қаланы көрсетіңіз;
  • жұмыс кестесі мен жұмыс күні тұтастығын таңдаңыз (толық/жартылай);
  • «тәжірибесіз» фильтрін қойыңыз.

Осылайша сіз өзіңіздің аймағыңыздағы өзекті ұсыныстардың тізімін аласыз, белгілі бір мамандыққа сұранысты бағалай аласыз және орташа жалақыны біле аласыз.

Сату менеджерлеріне арналған жұмыс ұсыныстары бөлек. Олар екі жағынан тартымды:

  • тәжірибесі жоқ үміткерлер үшін көптеген ұсыныстар;
  • үлкен табыс мұмкіндігі.

Неліктен жұмыс берушілер сатылым жұмыстарына тәжірибесіз үміткерлерді жұмысқа алуға дайын? Себебі компания үшін тәуекел аз, өйткені оқыту көп уақытты қажет етпейді, ал жалақы жұмыстың нақты нәтижесіне байланысты.

Бұл салада табысты болу үшін тек екі нәрсе қажет: өнімді білу және сата білу. Сізге өнім туралы сол жерде айтып береді. Ал сату өнерін кез келген жерден үйренуге болады – бұл үшін сатылым саласында ұзақ уақыт жұмыс істеудің қажеті жоқ. Сіздің табысыңыз сатуды қаншалықты жақсы меңгергеніңізге байланысты болады. Әдетте, ол жалақы мен жасалған келісімдердің пайызынан тұрады. Тиісінше, сіз неғұрлым жақсы сатсаңыз, соғұрлым көп табыс табасыз.

Мужчина радуется успеху

Тиімді сатылым жасауды қайдан үйренуге болады? Интернетте курстар, онлайн мектептер, кітаптар, лекциялар бар. Бірақ бұл таза теория көп көмектеспейді: барлық әдістер нақты клиенттерде «сыналуы» керек. Себебі, сатудың барлығы тіл табысумен байланысты. Сондықтан тәжірибемен қатар сатылым техникасын меңгеру қажет. Сіз мұны Amway компаниясымен бірге жасай аласыз.

Amway-мен бірге жұмыс істеу

Amway - тікелей сатылымдар компаниясы, онда сіз өз бизнесіңізді сату тәжірибесісіз жүргізе аласыз.

Мұның мәні неде: сіз кәсіпкер болып, Amway өнімдерін сатудан табыс табу мүмкіндігіне ие боласыз. Өнімдердің кең жиынтығы сіздің қолыңызда – ББҚ мен косметикадан бастап ыдыс-аяққа, су тазарту жүйелеріне және тұрмыстық бұйымдарға дейін. Көріп отырғаныңыздай, тауар жиынтығы өте үлкен және бұл әлеуетті сатып алушылардың үлкен қауымымын құрастырады.

Amway Кәсіпкері тұтынушыларды іздеумен айналысады, оларға өнімдер туралы айтып береді және сатып алған жағдайда сыйақы алады. Amway-де өз ақшаңызға тауарды алдын ала сатып алып, кейін қайта сатудың қажеті жоқ: сіз тұтынушыларға өнімді ұсынасыз, ал компания тапсырыстарды жеткізумен айналысады.

Балансқа есептелетін және бірінші тапсырыста есепке алынатын 8000 теңге тіркелу жарнасын қоспағанда, мұндай бизнеске инвестиция қажет емес.

Ең қызығы, Amway компаниясында тегін берілетін кәсіпкерлік, сату, бизнесті өрлету бойынша оқыту болып табылады. Сіз Amway серіктестері үшін арнайы әзірленген бірегей әдістеме арқылы өнімдерді сатуды үйренесіз. Сапалы оқытудың арқасында сіз өзіңіздің клиенттік базаңызды ұлғайта аласыз, тапсырыстар санын көбейтіп, табысыңызды арттыра аласыз.

Amway-мен бірге іскерлік сізге сатуда тәжірибе жинақтай отырып, арнайы білімсіз табыс табуға мүмкіндік береді. Бұл бизнес жұмыс іздеу кезеңінде көмекші немесе негізгі табыс көзіне айналуы мүмкін – сіз Amway компаниясының өміріңіздегі орнын анықтайсыз.

Жұмысқа орналасу бойынша кеңестер

Сіз қызмет саласын таңдағаннан кейін және сізді қызықтыратын мамандық бойынша білім деңгейіңізді көтергеннен кейін бос жұмыс орындарын белсенді іздеуге кірісуге болады. Тиісті компанияны жылдам табу үшін бірнеше кеңестерді орындаңыз

Түйіндеме құрастырыңыз

Түйіндемеде тәжірибенің жетіспеушілігін сауатты түрде жеңу керек:

  • осы мамандық бойынша жұмыс істемеу себебін сипаттаңыз (білім алу, декреттік демалыс, әскерде қызмет ету, мамандығын өзгерту);
  • тағылымдамадан өту, тәжірбиелер өту, фриланс жобалар, волонтерлік қызмет – жаңа жұмысыңызда пайдалы болуы мүмкін барлық нәрселерді көрсетіңіз;
  • негізгі біліктіліктеріңізді тізімдеп шығыңыз (бағдарламаларды, шет тілдерін, сатылым техникасын білу);
  • «Қосымша білім» бөлімінде сіз қатысқан мамандығыңыз бойынша барлық тренингтерді, курстарды және вебинарларды көрсетіңіз;
  • «Қызығушылықтар» бөлімінде сізді жақсы жағынан көрсететін қызығушылығтар туралы айтып беріңіз, ал ең дұрысы сізді кәсіби маман ретінде ашатын қызығушылықтар жайлы.

Кейбір кәсіптер үшін портфолио артықшылық болады. Әдетте, жұмыс үлгілері шығармашылық мамандықтардың өкілдерінен - ​​дизайнерлерден, копирайтерлерден, веб-шеберлерден сұралады. Бірақ басқа бос орындар үшін сіз өз тарапыңыздан, біліктіліктеріңізді, жетістіктеріңізді және идеяларыңызды көрсететін презентацияны дайындай аласыз.

HR-интервью

Жұмыс туралы хабарландыру жариялаңыз

Түйіндемеңізді бірден бірнеше онлайн алаңдарда жариялаңыз:

  • rabota.kz
  • hh.kz
  • rabota.nur.kz
  • 24rabota.kz
  • zarplata.kz
  • kz.jooble.org

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің оқырмандарына жетуге тырысыңыз. Көптеген салаларда компаниялар жұмыс іздеу туралы хабарландыруларды орналастыратын тақырыптық қауымдастықтар бар, қатысушылар сала жаңалықтарын талқылайды, іскерлік байланыстар орнатады және кәсіби тәжірибемен алмасады.

Сұхбатқа дайындалыңыз

Әлеуетті жұмыс берушімен кездесу алдында не істеу керек:

  • компания туралы, немен айналысатындығы жайлы, қай бағытта дамитыны жайлы толығырақ біліп алу;
  • бос лауазымның мәтінін қайталап оқу, болашақ міндеттері бойынша сұрақтар тізімін жасау;
  • өзіңіз туралы әңгімені қайталап дайындалыңыз, онда білім, жетістіктер, жоспарлар туралы айту керек.

Сұхбатта оқуға дайын екеніңізді, компанияға және болашақ жұмысыңызға қызығушылықты көрсетуге тырысыңыз.

Жалпы сұрақтарға жауаптар туралы ойланып көріңіз:

  • Неліктен біздің компанияны таңдадыңыз?
  • Неліктен біз сізді таңдауымыз керек?
  • Қандай кемшіліктеріңіз бар?
  • Бір немесе 2/5 жылдан кейін өзіңізді кім ретінде көресіз?

Нені істемеген дұрыс

Тәжірибесі бар болу керек деген жұмысқа өтініш бермеңіз. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі төмен: сіздің түйіндемеңіз бірінші кезеңде қоқыс жәшігіне жіберілуі мүмкін. Жұмыс беруші сізді ойсыз деп санауы мүмкін (хабарламаны мұқият оқымадыңыз деп түсінеді) немесе сіздің жауабыңызды компанияның талаптарын құрметтемеудің көрінісі ретінде қабылдауы мүмкін. Қалай болғанда да, әңгіме сұхбатқа жетпей қалуы мүмкін.

Тағы бір қателік – түйіндемеңізге жалған ақпарат жазу. Жұмыс берушіні алдау арқылы өз беделіңізге қауіп төндірмеңіз: бүгін түйіндемедегі деректерді тексеру соншалықты қиын емес. Сұхбатта өтірік айту да дұрыс емес. Тәжірибелі кадр бөлімі қызметкері сырыңызды оңай байқайды, сондықтан ашық және адал болыңыз.

Эмоцияларды көрсету - жаңадан келгендердің жұмыс сұхбатында жиі жіберетін қатесі. Өзіне сенімді және мейірімді адам ретінде әсер қалдыруға тырысыңыз. Сабырлы, кәсіби, сыпайы болыңыз. Кездесу қалай өтсе де, соңында сұхбат алған адамға алғыс айтып, оң көзқарасты сақтаңыз.