Авитаминоз: түрлері, белгілері, себептері, емдеу жолы

Олар небіәрі 13 дана және оларсыз ешнәрсе мүмкін емес. Жасына, жынысына және белсенділік деңгейіне байланысты адамдардың дәрумендерге деген қажеттіліктері ерекшеленеді. Бірақ барлығымызды туғаннан бастап қарттыққа дейін ортақ бір нәрсе байланыстырады: дәрумендердің жетіспеушілігінен адам ағзасы оңтайлы жұмыс істей алмайды - жүйелер, тіндер және тіпті жасушалар деңгейінде. Ал авитаминоз неғұрлым күшті және ұзағырақ болса, соғұрлым жағымсыз салдар күтуге болады.

Дәрумендік жетіспеушіліктің себептері

Авитаминоз - бұл созылмалы дәрумен тапшылығының салдары, күн сайын жасушаларға қажетті заттардың келіп түсуі мүлдем болмайды немесе пайда болады, бірақ ағзаның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз мөлшерде. Бұл сонымен қатар төмендегі көрсетілгендермен байланысты[1]:

  • нашар тамақтану;
  • ауыр экологиялық жағдай;
  • стресс;
  • зат алмасудың бұзылуы;
  • күн сәулесінің жетіспеушілігі;
  • аутоиммунды процестердің пайла болу;
  • тағамнан қоректік заттардың ішекте оңтайлы сіңірілмеуі;
  • жасушалардың қажетті заттарды сіңіру қабілетсіздігі.

Көбінесе бірнеше факторлар бірден сәйкес келеді немесе бір тізбек қалғандарының орын алуына себепші болады.

Авитаминоз белгілері

Дәрумендердің әрқайсысының жетіспеушілігі әртүрлі белгілермен білінеді, оларға сәйкес мәселеге күдік туғызып және тіпті анықтауға болады.

С Дәрумені

Аскорбин қышқылының жетіспеушілігі қан тамырлары мен капиллярлардың осалдығын тудырады. Бұл төмендегі көрсетілген белгілермен білінеді

  • теріге аздаған жанасудан кенет көгергенде;
  • баяу жазылатын сырылу мен кесілулерде;
  • тіс тазалау кезінде қызыл иектің қанауының жоғарылауы;
  • мұрыннан себепсіз қан кету.

Ал С дәрумені коллагеннің түзілуіне де жауапты болғандықтан, тері бұрынғыдай серпімді емес, әжім және созылыңқы болуы мүмкін.
Иммундық жүйенің сәтсіздіктері де мүмкін: дененің қорғаныс қасиеттері төмендеуі ықтимал. Бұл жиі суық тиюмен сипатталады.

А Дәрумені

Бұл заттың жетіспеушілігі әсіресе кешке және түнде көру қабілетінің нашарлауымен сипатталады. Тері де көрсеткіш ретінде қызмет ете алады: егер ол құрғақ және қабыршақтанған болса, бұл рациондағы ретинолдардың жеткіліксіз екенін немесе олардың сіңуінің бұзылғанын көрсетеді.
Балаларда А дәруменінің жетіспеушілігі физикалық және интеллектуалды дамудың баяулауымен қауіп төндіреді. Ересектерде асқазан-ішек жолдарының бұзылуы мүмкін [2].

Е Дәрумені

Егер адам тез шаршаса және оның терісінде қара дақтар пайда болса, ағзаға осы негізгі антиоксидант жеткілікті екеніне көз жеткізу керек. Келесі белгілер Е витаминінің жетіспеушілігін көрсетуі мүмкін:

  • тіндердің серпімділігінің төмендеуі;
  • терінің қабыршақтануы, дуылдауы, қызаруы;
  • реңі бозарған шаш;
  • бұлшықеттердегі әлсіздік;
  • тырнақтардың сынғыштығы;
  • көру қабілеттілігінің нашарлауы.

В тобының дәрумендері

Бір топқа біріктірілген заттардың 8 түрі іс жүзінде қорда сақталмайды, бірақ бірқатар маңызды функцияларды атқарады. Олардың жетіспеушілігі жабырқаулы көңіл-күйде, зейіннің бағытталуы мен есте сақтаудың қиындауы, шамадан тыс жүйке күйзелісімен білінуі мүмкін. Қозғалыстарды үйлестіру де нашарлауы ықтимал, бұлшықеттерде жағымсыз шаншу байқалынады.

Девушка азиатской внешности пьет сок

D Дәрумені

«Күн сәулесі» витамині көптеген органдар мен жүйелерге қажет. Бірақ әсіресе кемік-бұлшық ет жүйесі мен иммунитет оның жетіспеушілігінен зардап шегеді. Дәл осы дәрумен балалардың өсуіне және ересектерге - сүйектер мен бұлшықеттердің сау болуына көмектеседі. Сондықтан балаларда оның жетіспеушілігімен өсудің баяулауы немесе тоқтауы мүмкін, ал ересектер үшін жетіспеушілік сүйек тінінің тез тозуы, заталмасулық бұзылулар, иммунитеттің әлсіреуі, күш жоғалту және зейін бағытталуының төмендеуімен қауіп төндіреді. Шаштың, тырнақтың және терінің нашар күйі бұл көңілсіз көріністі одан әрі бұзады [1].

Крупы, овощи и фрукты на столе и в тарелках

D Дәрумені әйелдер мен ерлердің бала сүйу қабілетіне әсер етеді. Сондай-ақ, оның қалыпты мөлшері ұзақ мерзімді жүктілік пен сәтті босанумен тығыз байланысты.

Микроэлементтер

Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті басқа заттардың - минералдардың, микроэлементтердің, май қышқылдарының жетіспеушілігі болуы мүмкін, бұл ерекшеленетін және жалпы белгілермен бідінеді: мазасыздық, әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы және бас айналуы.

Авитаминоз түрлері

Дәрумен тапшылығы төмендегідей болуы мүмкін:

  • алиментарлы – тамақтануда дәрумендік компоненттер болмаған кезде пайда болады;
  • резорбциялық – ішекте сіңіру мәселелерімен байланысты;
  • диссимиляциялық – ағзадағы дәрумендердің шамадан тыс жойылуы кезінде пайда болады;
  • акрестикалық – жасушалар мен тіндер ағзадағы дәруменді заттарды игере алмайды.

Сондай-ақ өзара ажыратуға болатын авитаминоз немесе бір дәруменнің жетіспеушілігін және бірнеше өмірлік маңызы бар заттардың бір мезгілде тапшылығы болып табылатын поливитаминоз бар. Ағзада дәрумен бар болса, бірақ оның шоғырлануы мөлшерден төмен болса, бұл халі гиповитаминоз деп аталады.

Қалыпты көрсеткіштерді қалпына келтіру

Дәрумен үйлесімін қалпына келтіру және микроэлементтердің жетіспеушілігін толтыру үшін маманмен кеңесіп, тиісті сараптамалар тапсыру керек. Кейде мәселені анықтау үшін жалпы және биохимиялық қан сараптамаларымен біріктірілген анамнезді алу жеткілікті. Кейбір жағдайларда қосымша жоғары мамандандырылған зерттеулер қажет болады.

Қалпына келтіру үш бағытта жүреді:

  • ағымдағы жағдайдың орнын толтыру;
  • түпкі себебін анықтау;
  • рецидивтердің алдын алу.

Дәрумен тапшылығын орын толтырушы заттардың жеке есептелген мөлшерлемесімен толықтыру қажет.

Жағдайлық қолдау көрсетуден басқа, авитаминоздың пайда болу себебін анықтау қажет. Ол сыртқы болуы мүмкін, мысалы, қатаң диетадан және аштықтан немесе ішкі себептер: ағзаның жұмысындағы бұзылулардан туындайды. Сонымен, В тобының дәрумендерінің жетіспеушілігі көбінесе Асқазан-ішек жолдарындағы мәселерге байланысты, атап айтқанда сіңіру барысында пайда болады.

Қалпына келтіру кезінде динамиканы бақылау үшін белгілі уақыт аралығымен сараптамаларды қайталап отыру қажет.

Авитаминозды қалай болдырмауға болады

Маңызды заттардың тапшылығынан зардап шекпеу үшін:

  • теңдестірілген отбасылық рационды құрыңыз;
  • күнтізбеңізге таза ауада тұрақты серуендеуді енгізіңіз;
  • қажет болғанда, ағзаны дәрумендік қоспалармен қамтамасыз ету.

Сіздің денеңіз тәжірибе қою алаңы емес екенін есте сақтаған жөн. Жаңа диеталармен айналыспауыңыз керек, тамақтану рационынан дене үшін ең құнды заттардың барлық топтарын алып тастаған дұрыс емес. Ашығу және калория шамасын салмақ пен жас үшін ұсынылған мәндерден төмендете шамадан тыс шектеу мүлде қажет емес.

Тамақтың ыдырауы мен қорытылуына, сондай-ақ бірқатар дәрумендердің түзілуіне ықпал ететін сау ішек микрофлорасын сақтау маңызды.

Тұрақты және ауыр күйзеліс факторларын өмірден мүмкіндігінше алып тастай алсаңыз және өміріңізге жайбырақаттану мен медитация тәжірибесін қосымша енгізсеңіз өте жақсы болады.

Азиатская пожилая пара на пробежке

Әлемдік атауы бар Amway компаниясы маңызды заттардың жеткіліксіз түрде келіп түсуі кезінде ағзаны қолдауға қабілетті өнімдерді* әзірледі:
NUTRILITE™ D дәрумені - заттың бірден екі белсенді түрін қамтиды: D3 табиғи ланолиннен алынады, ал D2 ультракүлгін сәуледе өсетін арнайы өсірілген ашытқы саңырауқұлақтарынан алынған, бұл оларға жоғары концентрацияда табиғи D дәруменін өндіруге мүмкіндік береді. Қоспадағы осы екі түрдің үйлесімі ** оның ағзадағы ұзақ жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді.

  • NUTRILITE™ В дәрумені кешені плюс — адам ағзасындағы әртүрлі өмірлік маңызы бар процестерге жауап беретін 8 пайдалы суда еритін заттардан тұрады. Жоғары сапалы табиғи ингредиенттерден жасалған. Лезде және біртіндеп босатылу үшін бірегей пішінде жасалып шығарылады.
  • NUTRILITE™ Кальций, Магний, Dәрумені кешені құрамында устрица бақалшағы мен теңіз балдырларынан алынған кальций карбонатының, магний тотығы мен D дәруменінің теңгерімді мөлшері бар, бұл оңтайлы сіңірілу дәрежесін қамтамасыз етеді және ағзаның осы элементтерге деген бастапқы мұқтажын қанағаттандырады.
  • NUTRILITE™ С плюс дәрумені — арнайы формула белсенді заттың 8 сағат ішінде біртіндеп босатылуын қамтамасыз етеді, бұл асқазан-ішек жолдарын тітіркендірмей оңтайлы сіңуіне ықпал етеді. Құрамында ацерола шие концентраты және лимон, мандарин, грейпфруттардың биофлавоноидты антиоксиданттары бар.
  • NUTRILITE™ Омега-3 кешені — оның құрамындағы маңызды май қышқылдары адам ағзасында синтезделмейді және тамақпен қамтамасыз етілуі керек. Олар май алмасуын қалыпқа келтіреді, жүйке жүйесінің, есте сақтау және көру қабілеттерін жақсартады.

Бүгінгі таңда қарапайым адамның тамақтану рационында омега-6- көп қанықпаған май қышқылдарының мөлшерден көптігі және омега-3-көп қанықпаған май қышқылдарының тапшылығы бар. Себебі омега-6 май қышқылдары май өндірілетін кең мәдени өсімдіктерге бай: күнбағыс, мақта, рапс, жүгері. Омега-3-көп қанықпаған май қышқылдары шөппен қоректенетін малдың етінде кездеседі: олар айтарлықтай қол жетімсіз. Осылайша жалпы қабынуды, аутоиммундық процестерді, аллергияны тудыратын және гипертонияға, қан ұйығыштығына ықпал ететін теңгерімсіздік пайда болады.

Владимир Чикунов, диетолог, нутрициолог, Nutrilite брендінің сарапшысы
Владимир Чикунов, диетолог, нутрициолог, Nutrilite брендінің сарапшысы

Сіздің денеңізде әрдайым дұрыс дәрумендер балансы болсын!

Дереккөздер тізімі

*NUTRILITE™ ББҮ дәрілік зат болып табылмайды. Қарсы көрсетімдері бар. Маманмен кеңесіңіз.
**Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен айырмашылығы болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.


Сондай-ақ мынаны біліңіз: