Аруға арналған спорт

Ару — күрделі, кешенді процесс және нәтижеге жету үшін диетаны ғаны ұстану аздық етеді. Оған қоса нәтижесін дене жаттығуларын жасаусыз сақтап отыру мүмкін емес. Дене салмағын азайтуға ықпал ететін спорт түрлері көп: олардың артық салмақпен күресудегі тиімділігі мен шектеулер туралы айтып берейік.

Спорт ару үшін неліктен маңызды

Жаттығу жасап жатқан спорттық дене пішіміне ие әйелдер

Салмақ тастауға аэробты спорт түрлері, яғни өздерінде оттегі бұлшық ет белсенділігін қолдаудың негізгі энергия көзі болатын спорт түрлері жақсы көмектеседі. Мұндай жаттығулар кезінде калориялар көп мөлшерде ыдырайды, оған қоса энергетикалық қор бұлшық еттен емес, май ұлпасынан алынып отырады. Сол себептен, арып және жинақы, келбетті пішінге ие болу үшін спорт қажет. Бастысы – жаттығулардан ләззат алып отыруыңыз керек, одан да маңыздысы қарсы көрсетілімдердің болмауы.

Мерзімді түрдегі жаттығулар

  • артық калорияларды тиімді жұмсауға;
  • жеңіл аруды қамтамасыз етуге;
  • бедерлі, жинақы дене қалыптастыруға;
  • төзімділікті арттыруға;
  • өмірдегі, сонымен бірге мәнсап пен қарым-қатынастардағы өзгерістерге мотивациялауға;
  • жүрек пен қан тамырларының жұмысындағы бұзушылықтардың алдын алуға.

Ару үшін тиімді спорт түрлері

Ең тиімді және нәтиже беретін жаттығуалардың қатарына бұлшық еттердің барынша көп санын шынықтыруға, калорияларды ыдыратуға, сонымен бірге өздерін жасаудан ләззат алуға мүмкіндік беретін жаттығуларды жатқызуға болады.

Нәтижеге қол жеткізудің басты шарты — жүйелілік. Күнделікті қажытатын жаттығулар қажет емес. Оңтайлы режим – аптасына 2–3 рет жаттығу.

Жаттығуларды далада жасаған жақсы: таза ауа мен табиғаттың сұлулығымен рахаттанатын боласыз.

Тез жүру

Зат алмасуды және майдың ыдырауын жылдамдатады. Спорттың бұл түрін тіпті жаңадан жаттыға бастаған және буындарының немесе омыртқасының қызметі бұзылған адамдарға ұсынуға болады. Минутына 120 қадам жылдамдықпен жүрген оңтайлы болады: егер одан баяу жүресін болсаңыз, ару процесі де баяулай түседі. Тез жүрген кезде сағатына 100–200 ккал жұмсалады.

Жүгіру

Жүгірген кезде аяқ пен омыртқаға үлкен жүктеме түсіп отырады, сол себептен бұл спорт түріне қатысты қарсы көрсетілімдер болып отыруы мүмкін, жүгіруді бастамас бұрын маманмен кеңесіп алған дұрыс. Жүгірудің басты қағидасы — дұрыс техниканы ұстану: бірқалыпты қарқынды ұстап отыру, мұрын мен ауыз арқылы тыныс алу, аяқты жерге табанның алдыңғы бөлігіне тіреліп қойып отыру, қолды тік бұрыштап ұстау. Егер барлығын дұрыс жасап отырсаңыз, сағатына шамамен 650 ккал жұмсап отыруға болады.

Степ-аэробика

Негізгі жүктеме көбінеки әйелдерде май жиналып отыратын проблемалық аймақтарға, яғни аяққа, жамбасқа және бөксеге түсіп отырады. Белсенді жаттыққан жағдайда, жаттығу бір сағатқа жалғасатын болса, нәтижесін 14 күннен кейін-ақ байқауға болады. Осы уақыт ішінде шамамен 800 ккал жұмсалады.

Велосипед тебу

Велосипед теуіп серуендеу

Бір сағаттық жаттығу кезінде 500–1000 ккал жұмсауға болады: барлығы жүктемеге және жағдайларға байланысты. Сондай-ақ велосипед тебу — бұл тек қана жаттығу емес, бұл сонымен қатар жағымды іс-қимыл.

Жүзу

Бұл денені тонуста ұстап, оны анағұрлым ширақ, бедерлі етудің мүмкінді. Бір сағатта 800 ккал жұмсалады.

Теннис

Бұл кардиожүктеме, мұнда сағатына шамамен 800 ккал жоғалтуға болады. Негізгі жүктеме аяқ пен жамбасқа түседі. Бұл ойын энергия жинауға және ойыннан ләззат алуға көмектеседі.

Есу

Бұл жағдайда жүктеме дененің жоғарғы бөлігіне – қолға және ішке, сондай-ақ аяққа түседі. Есу іштің бұлшық еттерін шынықтыруға және бел аймағындағы май қатпарларынан құтылуға көмектеседі. Бір сағаттық жаттығу барысында 500–600 ккал/сағат жұмсалуы мүмкін.

Би

Бұл өзінде дененің барлық бұлшық еттері іске қосылатын, олардың созылғыштығы мен жазылуы жақсаратын спорт түрі. Бір сағатт шамамен 600–800 ккал жұмсауға болады.

Сальса кезінде дененің төменгі бөлігіне: аяққа, санға жүктеме түседі. Қызба фламенко биін билеген кезде іш пен престің қиғаш бұлшық еттері ширығады. Бачата биі илігшітік пен төзімділікті дамытудың ең жақсы шешімі.

Ат спорты

Атқа салт мініп жүру — арудың және денені тонусқа келтірудің мүмкіндігі. Сонымен қатар, атпен жүру — жүйке жүйесі мен тірек-қозғалыс аппаратының жұмысы бұзылған адамдарды оңалту әдістерінің бірі. Бір сағаттық жаттығу барысында 200–600 ккал жұмсалуы мүмкін.

Фитнес

Фитнес — спорттың әсіресе аруға арналған ең танымал түрлерінің бірі. Бұл күштік жаттығулардың, шейпинг, кардиожүктеменің біріктірілген түрі. Жаттығулардың бағдарламасы проблемалық аймақтар мен сіздің жеке қалауыңызға қарай әзірленеді.

Amwaу ұсынған Body Logic — денені жан-жақты дамытып отыруға көмектесетін жүйе, оны сарапшылар сау денеге күйзеліссіз және қажусыз қол жеткізілетіндей етіп құрастырған. Теңгерімделген кешен мыналарды қамтыған:

  • дұрыс тамақтану;
  • дене қызметінің жүктемесі — фитнес-жаттығулар;
  • ағзаны өзіне қажетті дәрумендермен, минералдармен қамтамасыз ету;
  • сарапшылар мен пікірлестердің мотивациясы мен қолдауы.

Жүйе әр адамның өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отырады, фитнес-бағдарламалардың келесі түрлері болады:

  • сымбатты дене жолына енді ғана түскен, жаңадан жаттыға бастағандарға арналған;
  • жамбасының көлемін кішірейтіп және денесінің жоғарғы бөлігін анағұрлым бедерлі еткісі келетіндерге арналған;
  • төзімділікті, күш пен координацияны арттыруға арналған;
  • ішті кетіруге және денені бедерлі етуге арналған;
  • жылдам және айқын нәтижелерге арналған.

Жаттығуларды үйде жасап отыруға болады, сол себептен оларды күн кестеңізге оңай кіріктіруге болады.

Салмақ тастауға тағы не көмектесуі мүмкін

Белсенді жаттығулар кещінде ағзаны дәрумендермен, минералдармен қамтамасыз еткен маңызды, оларды мысалы тағамға арналған тағамдық қоспалардан* алуға болады.

Энергия деңгейін сақтап және тіпті арттыруға Body Logic Nutrilite™ жиынтығы көмектеседі, ол спортпен айналысатындар үшін арнайы әзірленген. Жиынтыққа мына өнімдер кіреді**:

  • Nutrilite™ Дэйли — небәрі бір таблетканың өзі ағзаны елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті дәрумендер мен минералдармен қамтамасыз етеді.
  • Nutrilite™ Протеин ұнтағы*** — артық калориясыз ақуызға қатысты қажетсінудің орнын толтырудың арқасында салмақ тастауға көмектеседі.
  • XS™ Стик түріндегі магний — жаттығулардың тиімділігіне ықпал етеді, бұлшық еттердің жұмысын қалпына келтіреді.

Nutrilite™ Тәбетті бақылау порциялардың мөлшерін бақылап және арудың ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізіп отыруға көмектеседі. Қоспаны қабылдаған жағдайда өз рационыңызға түбегейлі өзгерістер енгізбей-ақ, сүйікті өнімдеріңізді тұтына берсеңіз болады.

Nutrilite™ Көмірсуларды бұғаттаушы бір мәрте тамақтанудың 500 ккал бейтараптандыруға, жылдам аруға, сондай-ақ нәтижесін сақтап отыруға көмектеседі.

Nutrilite™ Инулинмен тағамдық талшықтардың қоспасы — бұл клетчатканың тәуліктік тұтыну мөлшерін арттырудың, ішек микробиомын қалыпқа келтірудің жылдам әдісі. Клетчатка қандағы қанттың деңгейін бақылауға, ішектің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Ағзаңыз қызмет ету үшін қажеттінің барлығын алып отыру үшін тамақтануды қадағалап отырыңыз. Ал егер ол үшін табиғи көздер жеткіліксіз болса, ББҚ-лар көмектесуі мүмкін.

* Nutrilite™ ұсынған ББҚ-лар дәрілік зат болып табылмайды. Қабылдауға болмайтын жағдайлар бар. Маманмен кеңесіңіз.
** Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың сайтта көрсетілген суреттері олардың іс-жүзіндегі сыртқы бейнесінен өзгеше болып отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан танысуға болады.
***Тағамдық өнім. ББҚ болып табылмайды.


Сондай-ақ біліңіз: