2022 жылдың 22 желтоқсан

Дәрумендер кешенін қалай дұрыс таңдау керек?

Капсуланың құрамында дәрумендер мен микроэлементтер бар

Суда еритін және майда еритін деп бөлінетін дәрумендердің шамамен 20-ға жуық түрі белгілі [2]. Ағзаның дәрумендерді қажетсінуі оның өзінің жай-күйімен (ішкі себептермен) және қоршаған ортаның әсерімен (сыртқы себептермен) негізделген.

Дәруменнің тапшылығы [2]:

  • бастапқы;
  • қайталама болып отыруы мүмкін.

Бастапқы тапшылығы аспен бірге ағзаға дәрумендер аз мөлшерде түсіп отырған жағдайда туындайды. Қайталама тапшылық осы биологиялық белсенді заттарды қажетсіну мөлшері артып немесе ағзаның оларды пайдалануда бұзушылықтар туындаған кезде пайда болып отырады.

Дәрумендерді жоғары дәрежеде қажетсіну себебіне орай дәрумендік тапшылықтың дамуы бойынша тәуекел тобына төмендегілер кіреді [3]:

  • жас балалар, мектеп оқушылары мен студенттер, әсіресе жоғары ақыл-ой жүктемелері кезінде;
  • сүйегімен, буындары мен тістерімен проблемасы бар қарт адамдар;
  • жүкті және бала емізетін әйелдер;
  • қарқынды жаттығулар жасап жүрген спортшылар;
  • ас қорыту органдарының созылмалы аурулары бар адамдар;
  • антибиотик қабылдап жүрген адамдар;
  • теңгерімделмеген түрде тамақтанатын тұлғалар, вегетариандықтар;
  • тыным таппай еңбек ететін адамдар;
  • шылым шегушілер.

Дәруменді кешенді таңдау кезінде оның арналу мақсаты, құрамы мен шығарылу түрі ескеріліп отырады.

Арналу мақсаты

Дәруменді-минералды кешендер тар, бағыттылған әсерге ие болып отыруы мүмкін: олар белгілі бір дәруменнің немесе микроэлементтің тапшылығын толтыру үшін пайдаланылады. Ал сонымен бірге орташа ересек адамның пайдалы заттарды қажетсіну мөлшерінің есебімен әрекет етуші құрамдас заттарды қамтыған дәріменді кешендер болады. Сондай-ақ адамның төмендегідей белгілі бір қажетсінулері мен хал-жағдайын ескеріп отыратын арнайы кешендер де бар[2]:

  • жасын (балаларға арналған, қарт адамдарға арналған);
  • өмір кезеңдері (жүкті әйелдерге, етеккір үзілісі басталған әйелдерге арналған);
  • тіршілік салтының ерекшеліктері (спортшыларға немесе физикалық және ақыл-ой жүктемелерінің әсеріне түсіп жүрген тұлғаларға арналған);
  • патологиялық жай-күйлер (иммунитетті қолдауға арналған, диабетиктерге арналған кешендер).

Әлбетте, мұндай кешендердің құрамы да әртүрлі болып отырады.

Құрамы

Табиғи дәруменді кешендердің басты артықшылықтары төмендегідей қасиеттермен негізделген:

  • баарынша белсенді органикалық формаларда ұсынылған, бұл олардың биоигерілуін арттырады;
  • астың басқа микронутриенттерімен әрекеттесіп отырады, бұл олардың сіңірілуін біркелкі, ал әсерін ұзақмерзімді етеді;
  • бөгде тектес зат болып табылмайды, физиологиялық, эволюция барысында қалыптасқан сіңірілу және ағзаның биохимиялық реакцияларына қатысу механизмдеріне ие, сол себептен аллергияны жиі тудырып отырмайды.

Сонымен қатар, кейбір табиғи дәруменді формалар, мысалы Е дәруменінің формалары ісікке қарсы белсенділік танытатыны дәлелденген[5]. Табиғи Е дәрумені алмастырылмайтын омега-3-полиқанықтырылмаған май қышқылдарымен бірге Amway-дің NUTRILITE™ Омега-3 кешені дәруменді кешенінің құрамына кіреді.

Егер дәруменді құралдар химиялық әдіспен синтезделген болса, олар синтетикалық дәрумендерге жатады. Химикаттарға жоғары дәрежеде сезімтал болып келетін адамдар оларды табиғи дәрумендерден де арман көтере алмауы мүмкін[4]. Дегенмен де, химиялық дәрумендердің артықшылықтары да жоқ емес. Құрамындағы жасанды заттар (әсер етуші құрамдас заттың 99%-ның құрамында) терең тазартылуының және анағұрлым белсенді формасының таңдалуы арқасында табиғи дәрумендерге қарағанда жылдамырақ әрекет етеді, бұл өзінің деңгейін барынша тез арада арттыру қажет болатын айқын түрдегі дәрумендік тапшылығы бар адамдар үшін өзекті болып отыруы мүмкін.

Шығарылу түрі

Ағаш қасықтардағы дәрумендер

Дәрумендердің кешенін әзірлеудің технологиялық проблемаларының бірі— өндіру және сақтау барысында бір-бірімен жағымсыз түрде әрекеттесіп отыруы мүмкін әсер етуші заттардың тікелей жанасуына жол бермеу. Тағы бір мәселе барлық құрамдас заттарды бір таблеткаға сыйдыру. Қазіргі уақытта дәруменді-минералды өнімдердің төрт түрі қолданылуда, олар [6]:

  1. Бір таблеткалық. Дәрумендерді таза химиялық құрамын қамтып отыруы мүмкін, құрамы бойынша бірдей болып келеді. Әдетте оларды ағзадағы құралдың тұрақты концентрациясын ұстап отыру үшін күніне бірнеше рет қабылдап отырады. Екі немесе үш қабатты, баяу еритін, сол арқылы құрамындағы негізгі белсенді заттың біртіндеп сіңірілуін қамтамасыз етілетін және белсенді заттың шығындалуы азаятын, құрамында дәрумендермен қатар клетчатка, өсімдік сығындылары бар таблеткалар болады. Құрамында табиғи С дәрумені бар мұндай таблетканың мысалына NUTRILITE™ С плюс дәрумені жатады.
  2. Таблетка + капсула. Таблеткаға (немесе бірнеше таблеткаға) суға еритін дәрумендер мен минералдар салынады. Азот атмосферасында дәнекерленген желатинді капсулаға өсімдік майындағы майда еритін дәрумендер салынған, бұл олардың ашуына жол бермейді. Компоненттердің мұндай бөлінуі майда еритін дәрумендердің май компонентінің қатысуымен жақсырақ игерілуімен ақталған болып келеді.
  3. Таблеткаланған формалар, құрамы әртүрлі 2, 3 немесе тіпті 4 таблеткадан тұрады, олардың әрқайсысының құрамында дәрумендер де, микроэлементтер де бар. Мұндай дәруменді-минералды кешендер компоненттердің толық тәуліктік жиынын бірнеше таблеткаларға үлестіру үшін құрылған, күні бойы 4-6 сағат үзіліспен әр түрінен 1 таблеткадан қабылданып отырады. Мұндай форманы әзірлеудің мақсаты — құрамындағы заттардың жағымсыз өзара әрекеттесуін барынша азайту.
  4. 2 таблеткадан тұратын форма, олардың бірінде тек қана дәрумендер, екіншісінде тек қана микроэлементтер қамтылған.

Сондай-ақ көбінеки балаларға арнап әзірленген дәрілік формалар да болады – бұл пастилкалар, хош иістендіргіштермен шайналатын конфеттер, шәрбаттар. Шымырлақ тез еритін таблеткалардан сусын әзірлеуге болады. Мұндай формадағы әрекет етуші заттар қанға барлығынан да жылдам сіңіп отырады.

Ең жақсы дәруменді кешендер — құрамында қазіргі дәрумендер мен минералдардың барлығы бар кешендер. Бұл көзқарасты ұстанушылар құрамында компоненттердің ең көп жиыны қамтылған құралды табуға тырысады. Нәтижесінде барлық белгілі дәрумендер мен микроэлементтердің қажетті тәуліктік дозасын қабылдауды қалау кері нәтижеге әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл көп жағдайда компоненттердің өзара әрекеттесуінің салдарынан орын алып отырады, бұл олардың белсенділігінің жартылай немесе толығымен жоғалып кетуіне және тіпті зиянды қосылыстардың (мысалы, антидәрумендердің) түзілуіне әкеп соқтырады.

Дәрумендер үшін дәрі-дәрмектердің өзара әрекеттесу түрлерінің барлығы өзекті болып табылады[2]:

  • фармацевтикалық — компоненттер ағзаға түскен сәтке дейін дәрілік форманың өзінде өзара химиялық реакцияға түсіп отыра алады;
  • фармакокинетикалық — белсенді заттардың сіңірілу, таралу кезеңдерінде және ағзаның ұлпаларында, биохимиялық түрлену кезінде өзара әрекеттесуі;
  • фармакодинамикалық — белсенді компоненттердің мембраналық жасушамен өзара әрекеттесу кезеңінде бір рецептор үшін бәсекелесуі. Мұндай жағдай бір зат екіншісін рецептормен байланыстан ығыстырып, өзінің әсерін байқату мүмкіндігінен айырған жағдайда да орын алып отырады.

Соған сәйкес, компоненттер оларды сақтау кезінде, ас қорыту жолында сіңірілген кезде, ағзадағы биохимиялық реакцияларға қатысу кезінде олардың өндіріс кезеңіндегі өзара әрекеттесуін ескерумен таңдалып отыруы тиіс. Дәрумендерді микроэлементтермен бірге қабылдаған жағдайда минералдар дәрумендердің әсерін күшейтіп те, басып та отыруы мүмкін.

Қандай дәрумендерді ішу керек?

Ең жақсы дәруменді кешенді таңдау үшін құрамында белсенді құрамдас заттардың ең көп саны қамтылғанын табуға тырысудың қажеті жоқ. Препараттың тиімділігі көбінеки бір-бірінің әсерін күшейтетін әрекет етуші заттардың дұрыс жиынына байланысты болады.

Мұндай әсерге мысалы В тобындағы дәрумендердің барлығы ие [1]. В₂ дәруменінің тапшылығы тізбек бойынша В₆ және РР тапшылығына әкеп соқтыратын болады. Сол себептен В-дәрумендерінің тапшылығын оларды жеке түрде қабылдау арқылы толтыру мүмкін емес. Олардың бірлескен әрекеті әрқайсысын жеке-жеке қолдану арқылы өзіне қол жеткізу мүмкін болмайтын әсерін тудырады [1]. В тобындағы 8 дәруменнен тұратын теңгерімделген формуланың мысалына NUTRILITE™ B плюс кешені жатады.

D дәруменінің тапшылығына көп көңіл бөлініп отырады. Ол түрлі физиологиялық процестерді реттеуге қатысады, кальцийдің алмасуын және сүйек ұлпасының түзілуін бақылайды. Алайда Д дәрумені белсенді формасын қабылдай алу үшін С, Е, К және В тобындағы [1] басқа дәрумендер болуы қажет. Сол себептен, D дәрумені барынша әсерін тигізе алу үшін оны поливитаминді кешендердің құрамында мысалы, NUTRILITE™ Дэйли кешені түрінде алып отырған дұрыс болады.

Сондай-ақ С дәрумені В₂ және В₁₂ [7] дәрумендерінің әсерін күшейтіп, ұлпаларда фолий қышқылының сақталуына ықпал ететіні белгілі. Бұл дәрумендер де NUTRILITE™ Дэйли кешенінің құрамында бар.

Дәруменді-минералды кешендерді қабылдау кезінде бір-бірінің әсерін күшейтіп отыратын келесі компоненттерге көбірек көңіл бөліп отыру ұсынылады [7]:

  • А + мырыш (А дәруменінің барлық әсерлері Zn-құрамдас ферменттердің әсерімен жүзеге асып отырады);
  • Е + селен (антиоксиданттық қасиеттерін жүзеге асыру);
  • С + темір (ас қорыту жолынан темірдің игерілу процесінің күшеюі);
  • В₆ + магний + мырыш (Mg элементі В₆ дәруменінің жасушаға түсуін жеңілдетеді, ал В₆ дәрумені Mg сіңірілуін арттырады, В₆ дәрумені мырышпен бірге аминоқышқылдық алмасуды реттейді);
  • В₁₂ + кобальт (кобальт В₁₂ белсенді орталығының формуласына кіреді, онсыз дәрумен жұмыс істемейді);
  • D + кальций + магний (кальцийдің сүйек құрылымдарымен игерілуі, сондай-ақ магнийдің игерілуі D дәруменінің концентрациясына байланысты — оның белсенді формасы Ca және Mg элементтерінің табиғи тез игерілетін формаларымен (карбонаттармен) бірге NUTRILITE™ Кальций, магний, D дәрумені кешені өнімінде қамтылған;
  • биотин + мырыш (тері, шаш құрылымына әсерінің, глюкоза алмасуының өзара күшеюі).

Дәрумендерді қалай дұрыс қабылдау керек

ББҚ-ларды қабылдау кезінде өздерін ескеріп отыру керек болатын бірнеше ережелер бар:

  • Аспен бірге қабылдау. Кешенді препараттарды тамақтан кейін 30 минут өткеннен кейін қабылдап отыру керек.
  • Ең құнарлы аспен бірге қабылдап отыру. Мәзірде майлар, мысалы өсімдік майлары болғаны дұрыса, себебі майда еритін формалар осы жағдайда жақсы игеріліп отырады. Препараттардың тәуліктің қай мезгілінде қабылданып отырған маңызды емес, бастысы – олар ең құнарлы ас кезінде қабылданып отыруы тиіс. Себебі мұндай аста компоненттерге жылдам әрекет ете бастауға көмектесетін заттар көп болады.
  • Тек таза сумен ішіңіз. Оның көмегімен алынған заттар жылдам әрі тиімді игерілетін болады.
  • Кофе, шай және алкогольмен бірге қабылдамаңыз. Бұл сусындарда дәрумендерді ыдырататын заттар бар. Сол себептен аталған сусындардың барлығын дәруменді құралдарды қабылдағаннан кейін бір сағат өткеннен кейін ғана ішуге болады.

РФ қолданыстағы санитарлық нормаларына сәйкес, дәруменді-минералды кешендердегі белсенді компоненттердің ең аз мөлшері ұсынылған тәуліктік тұтыну нормасының 15%-нан кем болмауы тиіс, ал ең жоғары мөлшері тәуліктік нормасының 300%-нан аспауы тиіс (С мен Е дәрумендерін санамағанда, олардың жоғарғы шегі ұсынылған тәуліктік норманың 1000%-ына дейін барып отыруы мүмкін) [1]. Егер белсенді компоненттердің дозалары ұсынылған норманың 30-50%-ын құрап отырған болса, мұндай құралдар тапшылықты жоя алмайды, олар дәруменді тапшылықтың алдын алуға ғана арналған. В және D тобындағы дәрумендердің дозалары олардың көбінеки тапшы болуына орай 100%-ға жуық болып отыруы тиіс [1].

Нұсқаулықта препараттың тәуліктік дозасында әрбір заттың тұтыну нормасының пайызбен алғанда қандай мөлшері түсіп отыратыны әрдайым көрсетіледі. Ересектерге арналған оңтайлы сұлба ағзаны дәруменді тапшылық күйінен шығару үшін жоғары дозадағы дәруменді құралдарды 3-4 апталық қабылдауды қамтиды (ұсынылған нормасының 300% дейінгі мөлшері). Одан арғы уақытта нәтижесін сақтап отыру үшін құрамындағы заттардың мөлшері ұсынылған тәуліктің нормасының 30-50%-ын құрайтын кешендерді тұрақты түрде қабылдап отыру ұсынылады [1].

Дәруменді құралдарды ұзақ уақыт қабылдау ЖРВИ-ға шалдығу қатерін төмендетеді, анағұрлым тез жазылуға ықпал етеді, физикалық төзімділік пен ақыл-ой қабілетін арттырады [1].

Әдебиеттер:

  1. Коденцова В.М., Погожева А.В. және бірл. авт. Ересек тұрғындардың тамақтануындағы дәруменді-минералды кешендер. Тамақтану мәселелері. 2015; 84 (6): 141-150.
  2. Гороховская Г.Н., Зимаева Ю.О. және бірл. авт. Заманауи клиникалық практикадағы дәруменді-минералды кешендер. РМЖ 07.03.2008 ж. №5: 345.
  3. Оконенко Т.И., Антропова Г.А. және бірл. авт. Дәріхана маманының жұмысында дәруменді-минералды кешендерді таңдаудың заманауи әдістері. Новгород мемлекеттік университетінің жаршысы. 2020; 1 (117): 90-94.
  4. Казюлин А.Н. Профилактикалық және клиникалық медицинадағы оңтайлы дәруменді терапияның принциптері. Медициналық Жаршы. 2009; 5 (474). https://lib.medvestnik.ru/articles/Principy-racionalnoi-vitaminoterapii-v-profilakticheskoi-i-klinicheskoi-medicine.html (жүгінген күні 16.12.2020).
  5. Qing Jiang. Natural Forms of Vitamin E as Effective Agents for Cancer Prevention and Therapy. Adv Nutr. 2017 Nov 15; 8 (6): 850-867.
  6. Коденцова В.М., Вржесинская О.А. Дәруменді-минералды кешендердің типтері, оларды қабылдау әдісі және олардың тиімділігі. Медицинадағы микроэлементтер. 2006; 7 (3): 1-15.
  7. Ребров В.Г. Дәрумендер, макро- және микроэлементтер / Ребров В.Г., Громова О.А. - Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 960 б.

* Тауарлар таусылуы мүмкін. Тауарлардың ұсынылған суреттері олардың іс-жүзіндегі сыртқы бейнесінен өзгешеленіп отыруы мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com. сайтынан танысуға болады.
** NUTRILITE™ ББҚ-лар дәрілік зат болып табылмайды. Қабылдауға болмайтын жағдайлар болады. Маманмен кеңесіңіз.


Сондай-ақ мыналар жайлы біліңіз: