Ішек микрофлорасын қалай қалпына келтіруге болады?

2022 жылдың 4 тамызы

Адамдардың көпшілігі мерзімді түрде ас қорыту проблемаларына, бәсең көңіл-күйге, тері проблемаларына немесе жиі суық тию ауруларына тап болып отырады. Біз мұның себебін әдетте ұйқының қанбауынан, қоректік заттардың жетіспеушілігінен, күн сәулесінің тапшылығынан немесе аз қозғалысты өмір салтынан көріп отырамыз. Ия, бұл факторлардың әсерін жоққа шығаруға болмайды, алайда проблема ішектегі микроорганизмдер теңгерімінің бұзылуынан да болып отыруы мүмкін. Ішек микрофлорасы теңгерімінің неліктен зардап шегіп отыратынын және оны қалай қалпына келтіруге болатынын мақаладан біліп көрейік.

Ішек микрофлорасының ағзаның саулығы үшін атқаратын рөлі

Адамның өмірінің алғашқы минутынан бастап оның ағзасын микробтар — бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар мекендейді. Микрофлораның кейбір өкілдері белсенді түрде көбейе бастаған жағдайда адам үшін қауіп төндіріп отыруы мүмкін. Ағзаны қорғауға пайдалы бактериялар кіріседі, олар:

  • әсері агрессивті сипатқа ие өкілдердің белсенділігін бәсеңдетеді;
  • ішектің саңылауына биологиялық белсенді қосылыстарды, мысалы патогенді флораның көбеюін тежейтін сүт қышқылын бөліп отырады;
  • ферменттерді бөлумен астың қорытылуына көмектеседі;
  • дәрумендерді синтездеп, олардың игерілуіне қатысады;
  • иммунитеттің жұмысына ықпал етеді.

Сонымен қатар, пайдалы микрофлора жүйке жүйесінің жұмысына жағымды әсер етеді, көңіл-күйді жақсартуға, эмоциялық тонус пен жұмыс қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Ішек және оның микрофлорасы

Ішек микрофлорасының бұзылу себептері

Ішек флорасының пайдалы өкілдерінің саны мен белсенділігіне әртүрлі факторлар әсер етіп отыруы мүмкін:

  • бактерияға қарсы әсері бар дәрілік заттарды қабылдау, олардан кейін үлкен дәретпен проблемалар туындап отыруы мүмкін;
  • ішектегі иммундық қорғаныстың төмендеуі, ағзаның жалпы төтеп беру қабілетінің проблемалары;
  • табиғи өсімдік тектес тағамдарды аз мөлшерде және тазартылған өнімдерді, «тағамдық химия», шалафабрикаттар мен фастфудты артық мөлшерде тұтынумен тиімсіз тамақтану;
  • дәрумендердің (әсіресе D, С, В тобындағы дәрумендердің) тапшылығы;
  • күйзелістер, ұйқының қанбауы, зорығу;
  • ішек қызметінің бұзылуымен белгілі бір тағам өнімдеріне (цитрустар, құлпынай, балық, жаңғақ) төзе алмаушылық.

Бұл себептер әсіресе бір-бірімен үйлескен жағдайда пайдалы және шартты-патогенді бактериялар теңгерімінің бұзылуына әкеп соқтырып отырады.

Микрофлора өздігінен қалпына келе ала ма?

Егер ішектің қызметіне және пайдалы микрофлораға әсер ететін жағымсыз факторлардың барлығын алып тастайтын болсақ, оның теңгерімі біртіндеп өздігінен қалпына келеді.

Микробиотаның қалпына келуіне өте көп уақыт қажет болуы мүмкін – бірнеше апта немесе бірнеше айға дейін.

Бұл процесті жылдамдатуға, ішекке бүлінген микрофлораны қалпына келтіруге көмектесуге болады. Ол үшін кешенді әрекет қажет.

Пайдалы тамақтану

Ішек микрофлорасын қалпына келтіру әдістері

Ішектің ішіндегі бұзылған үйлесімділікті қалпына келтіру үшін ең алдымен денсаулыққа қатысты проблемалардың барлығын жою керек: маманға көріну және тексеруден өту керек.

Қалпына келуді жылдамдатуға дұрыс тамақтану режимі және пайдалы бактериялардың теңгерімін түзететін қоспаларды қабылдау көмектеседі.

Рацион

Пайдалы микрофлораны қалыптастыратын микробтар олардың иесінің ішегіне түсетін өнімдермен қоректеніп отырады. Түрлі жасанды қоспалар бактерияларға зиянын тигізеді, олардың белсенділігін тежейді, ал өсімдік тектес талшықтар керісінше олардың көбеюіне ықпал етеді. Ас қорыту денсаулыққа пайдалы болып, микробиотаның құрамы теңгерімделген болу үшін мынадай талаптарды ұстанып отыру қажет:

  • жүрек жалғаудан, құрғақтай немесе жүре тамақ жеуден бас тарту;
  • мүмкіндігінше рационнан фастфудты және дүкеннен алынған шалафабрикаттарды, бояуы, консерванттары мен Е-қоспалары бар өнімдерді шығарып тастау;
  • тез игерілетін көмірсуларды (тәттілер мен майқоспа нандарды) тұтынуды барынша азайту;
  • рациондағы қаныққан майлардың (шошқаның майы, майлы ет, сары май) мөлшерін азайту және трансмайларды шығарып тастау;
  • мәзірге майсыз жануар тектес (ет, құс, балық) және өсімдік тектес (бұршақ тұқымдастар, дәнді дақылдар) ақуызды енгізу;
  • бүтін дәнді өнімдерді бұрынғыдан да көбірек жеуге тырысу;
  • күнделікті жуықтап алғанда 300-400 г жеміс-көкөніс мен жидектерді әртүрлі түрінде (салаттар, рагу, бүтіндей жемістер, мусстар, смузи) тұтынып отыру.

Су ішу режимі

Ас қорыту барынша тиімді болу үшін көбірек су ішу қажет. Бұл асты жақсырақ қорытып, игеруге, іш қату мен сусыздануды болдырмауға мүмкіндік береді. Ішек микрофлорасы сау қалпында болып, хал-жағдайыңыз жақсы болу үшін күнделікті 8-10 стакандай су ішіп отыру керек (1 кг дене салмағына 30 мл сұйықтық есебімен).

Пробиотиктер

Микробтық теңгерімді қалпына келтіруге пробиотиктер көмектесе алады. Бұл сырттан түсіп отыратын бактериялар: олар аспен бірге (жетілген ірімшіктер, айран, ашыған қырыққабат, йогурт) немесе NUTRILITE™ Balance Within пробиотигісияқты қоспалармен* бірге түсіп отырады. Құрамында өздерінің қасиеті жақсы зерттелген бактериялар бар, олар: B. lactis HN019™ және Lactobacillus acidophilus NCFM®. Олар тиімді, өміршең, асқазан мен аш ішек арқылы тоқ ішекке дейін өтеді, оның қабырғалары мен саңылауын жаулап алады. Қоспаның құрамында сондай-ақ B6 және B9 (фолий қышқылы) дәрумендері бар. Бұл заттар пробиотиктің әсерін күшейтумен, кофакторлардың қызметін атқарады. Сонымен қатар, олар жүйке жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажет. Пробиотик қолдануда ыңғайлы – оны тәулігіне бір рет тұтыну керек. Пробиотикті суға немесе басқа кез келген салқын сұйыққа қосып араластыруға болады, сондай-ақ құрғақтай күйінде тілге сеуіп қабылдауға болады.

Прeбиотиктер

Тамақтану кезінде пребиотиктердің жеткілікті болып отырғаны маңызды. Бұл тағамдық талшықтар (еритін және ерімейтін) — пайдалы бациллаларға арналған ас. Сонымен қатар, ерімейтін талшықтар судың молекулаларымен байланысумен ісінеді, ішекте қосымша көлеп тудырып және үлкен дәретті реттеуге көмектеседі. Әсіресе қара бүтін дәнді нан, қасқыржем, банан, сопақ басты пияз, майбұршақтар, сарымсақ пайдалы болып табылады. Оларда пребиотикалық талшықтар өте көп.

Егер аста пребиотиктер жеткіліксіз болса, олардың тапшылығын** NUTRILITE™ Инулинмен тағамдық талшықтардың қоспасының көмегімен толтыруға болады. Оның құрамында пребиотиктер – тағамдық талшықтар мен инулин бар, олар ішектегі пайдалы бактерияларды қоректендіруге, оның перистальтикасын жандандыруға ықпал етеді. Өнімнің құрамындағы инулин ағзадағы холестерин мен уытты зат алмасу өнімдерін байланыстырып, ағзадан шығаруға көмектеседі.

Флораның белсенділігі үшін қажет болатын клетчатканың тағы бір көзі ретінде NUTRILITE™ Тәбет бақылаушы қоспасын тұтынуға болады. Өнімнің құрамында глюкоманнан — асқазан мен ішекке түскеннен кейін суды қарқынды түрде бойына сіңірумен, тұтқыр, сірнеге ұқсас қоймалжыңға айналатын зат бар. Сірне шырышты қабаттарды қаптап, ас қорыту жолының рецепторларына әсер етумен, тоқтық сезімін тудырады. Бұл артық тамақтанбауға және дене салмағын бақылап отыруға көмектеседі.

Сонымен қатар ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін жағымды көңіл-күйде болған өте маңызды. Сол себептен күн кестесін толыққанды тынығуға, физикалық белсенділікке және әуесқойлықтарға уақыт жеткілікті болатындай етіп ұйымдастыру керек. Бұл микробиотаның күйіне әсер ететін күйзеліспен күресуге көмектеседі. Оптимист болыңыз — сол кезде ішегіңіз қайтадан сағат сияқты жұмыс істей бастайды.

* Nutrilite™ ББҚ дәрілік заттар болып табылмайды. Қарсы көрсеткіштер бар. Маманмен кеңесіңіз.
** Тауарлардың бар болуы өзгеруі мүмкін. Тауарлардың ұсынылған бейнелері олардың нақты сыртқы түрінен ерекшеленуі мүмкін. Тауарлар туралы толық ақпаратпен 8-800-070-55-08 телефоны бойынша немесе kz.amway.com сайтында танысуға болады.


Сондай-ақ мыналар жайлы біліңіз: